Об утверждении коэффициентов зонирования, учитывающих месторасположение объекта налогообложения в населенных пунктах Созакского района Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Созақ ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 529-бабы 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 475 «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 17847 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Созақ ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Созақ ауданы әкімдігінің «Созақ ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» 2020 жылғы 25 тамыздағы № 290 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5761 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Созақ ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері
Созақ ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 302 қаулысына қосымша Созақ ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері Қ/с Аймақ атауы Елді мекеннің атауы Аймаққа бөлу коэффициенті 1 2 3 4 1 Шолаққорған Шолаққорған 1,85 2 Балдысу 1,20 3 Қарабұлақ 1,20 4 Жеткеншек 1,50 5 Абай 1,35 6 Созақ Созақ 1,45 7 Көктөбе 1,35 8 Ы.Жаукебаев 1,35 9 Жартытөбе Жартытөбе 1,45 10 Аққолтық 1,35 11 Бабаата 1,25 12 Құмкент Құмкент 1,35 13 Қызылкөл 1,35 14 Сызған Сызған 1,35 15 Басбұлақ 1,10 16 Қозымолдақ 1,55 17 Қайнар 1,55 18 Қаратау Бақырлы 1,55 19 Саржаз 1,20 20 Ақсүмбе 1,25 21 Қарақұр Қарақұр 1,45 22 Шаға 1,15 23 Раң 1,05 24 Жуантөбе Жуантөбе 1,55 25 Шу Шу 1,45 26 Тасты Тасты 1,45 27 Қылти 1,00 28 Таукент Таукент 1,60 29 Қыземшек Қыземшек 1,60 30 Тайқоңыр 1,50