О Координационном Совете по профилактике и борьбе со СПИД в Есильском районе Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есіл ауданында ЖҚТБ-ның алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін құрылуы туралы» 1995 жылғы 5 тамыздағы № 1084 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Есіл ауданында қосымшада көрсетілгендей ЖҚТБ-ның алдын-алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Есіл ауданында ЖҚТБ-ның алдын-алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы қосымшаланған Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Есіл ауданында ЖҚТБ-ның алдын-алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің жеке құрамы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын бекітуге енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет басқармасында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Есіл ауданында ЖҚТБ-ның алдын-алу, және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің ҚҰРАМЫ
Есіл ауданы әкімдігінің 2004 ж. қаңтардағы № а-1/1 «Есіл ауданында ЖҚТБ-ның алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы» қаулысына 1 қосымша Есіл ауданында ЖҚТБ-ның алдын-алу, және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесінің ҚҰРАМЫ Шаяхметов Қабиболла Шаяхметұлы аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы Қайсарбеков Орынбек Қабдоллаұлы аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы, Кеңес төрағасының Орынбасары Хасенова Айжан Дулатқызы аудандық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы, Кеңес хатшысы комиссия мүшелері: Абылхадыров Жарас Қасымбекұлы ЖҚТБ-ның алдын алу жөніндегі жауапты дәрігер Ахметов Найман Қалиұлы Красногорский кентінің әкімі Балғабаев Ғауызхан Жұмағазыұлы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Гахов Сергей Алексеевич аудандық туризм және спорт бөлімінің бастығы Досанова Роза Әбіләшімқызы аудандық оқу бөлімінің бастығы Ковгар Надежда Ивановна аудандық кеңесші-диагностикалық емхана меңгерушісі Ляпунова Валентина Владимировна Жаңа Есіл газетінің редакторы Мистриди Константин Георгиевич Есіл қаласының әкімі Овчинников Владимир Владимирович аудандық мәдениет бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Сейілов Қуат Өмірбекұлы аудандық орталық аурухана бас дәрігері
Басқа 6
Есіл ауданы әкімдігінің 2004 ж. қаңтардағы № а-1/3 «Есіл ауданында ЖҚТБ-ның алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы» қаулысына 2 қосымша Есіл ауданында ЖҚТБ-ның алдын-алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Есіл ауданында ЖҚТБ-ның алдын-алу және қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан былай - Кеңес) аудан аймағында АҚТҚ-инфекциясы таратылуының алдын-алу бойынша шаралар өткізуде жергілікті атқару органдары, халықаралық және басқа ұйымдармен өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету мақсатымен құрылды.
Тармақ 2
2. Кеңес құрамына мүдделі атқару органдарының және басқа ұйымдардың өкілдері кіреді.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) аудан аумағында АҚТҚ/ЖҚТБ таралуының алдын алу бойынша шаралар өткізу мақсатында ұйымдармен өзара іс әрекетті қамтамасыз ету және жергілікті атқару органдарының жұмысын үйлестіру.
Тармақша 2
2) АҚТҚ/ЖҚТБ бойынша эпидемиологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шаралар ұйымдастару бойынша ұсыныстарды ойластыру болып табылады.
Тармақ 5
5. Жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін Кеңес мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) АҚТҚ/ЖҚТБ сұрақтары бойынша жергілікті органдар қызметін үйлестіруді жетілдіру.
Тармақша 2
2) АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелері бойынша басқа ұйымдармен өзара «Әрекет және ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1207 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2001-2005 жылдарға арналған ЖҚТБ эпидемиясына қарсы іс-әрекет бойынша бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Тармақша 4
4) АҚТК/ЖҚТБ алдын-алу бойынша жергілікті атқару органдарының тиімді шараларын қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Міндеттерді жүзеге асыру және өз қызметін атқару үшін Кеңес:
Тармақша 1
1) Кеңес міндеттерін жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты жергілікті атқарушы органдардан және басқа ұйымдардан сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) Кеңес қызметіне кіретін сұрақтар бойынша жергілікті атқару органдарының және басқа ұйымдардың өкілдерін Кеңестің отырысында тындауға;
Тармақша 3
3) Кеңес құзыретіне жататын басқа өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметін ұйымдастыру.
3. Кеңес қызметін ұйымдастыру.
Тармақ 7
7. Кеңесті аудан әкімінің орынбасары басқарады, ол оның қызметіне басшылық жасайды отырыстарда төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды және Кеңес шешімдерінің жүзеге асырылуына жалпы бақылау жасайды. Төраға болмаған кезде оның міндетін орынбасар атқарады.
Тармақ 8
8. Кеңес хатшысы отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар, Қажетті құжаттар мен материалдар әзірлейді, ол өткеннен кейін хаттамаларды реттейді.
Тармақ 9
9. Кеңес отырыстары хаттамалармен ресімделеді.
Тармақ 10
10. Шешімде ашық дауыспен қабылданады және қабылданған болып есептеледі, егер сол үшін Кеңес мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берсе, дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 11
11. Кеңес отырыстары жылына 2 реттен кем өткізілмейді.
Тармақ 12
12. Кеңестің жұмыс органы аудандық денсаулық сақтау бөлімі болып табылады.