О занятости населения Күшін жойған
Басқа 0
Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР 23.01.2001 № 150 Заңымен.
Осы Заң жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау шараларын қоса алғанда, халықтың жұмыспен қамтылуы саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Негізгі ұғымдар
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жұмыссыздық - еңбек рыногында жұмыс күшінің белгілі бір бөлігінің талап етілмеуіне байланысты әлеуметтік-экономикалық құбылыс;
Тармақша 2
2) жұмыссыздар - жұмысқа жарамды жастағы, жұмысы жоқ, еңбек етуге әзір азаматтар;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де нормативті құқықтық актілеріне қайшы келмейтін және оларға табыс немесе кіріс келтіретін жеке және қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға байланысты қызметі;
Тармақша 4
4) бос орын - ұйымдардағы бос жұмыс орны;
Тармақша 5
5) жұмыспен уақытша қамтылу - азаматтардың белгілі бір кезеңде қоғамдық-пайдалы қызметке қатысуына байланысты жұмыспен қамтылуы;
Тармақша 6
6) алып тасталды;
Тармақша 7
7) жұмыскер - жұмыс берушімен еңбек шартын (келісім-шартын), келісім жасасқан жеке тұлға;
Тармақша 8
8) жұмыс беруші - басшысы (әкімшілігі) өкілдік ететін ұйым (заңды тұлға) не жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке тұлға;
Тармақша 9
9) жұмыс күші - еңбекке қабілетті жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халық;
Тармақша 10
10) еңбек рыногы - жұмыс күшіне сұраным мен ұсынымның қалыптастырылу аясы;
Тармақша 11
11) айлық есептік көрсеткіш - республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін қаржылық көрсеткіш;
Тармақша 12
12) әлеуметтік қорғау - заңдармен белгіленген тәртіппен жұмыссыз деп танылған азаматтарға мемлекет көрсететін уақытша қаржы көмегі;
Тармақша 13
13) еңбекке қабілетті жас - Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталатын жас мөлшерінің төменгі және жоғарғы шегі;
Тармақша 14
14) еңбек делдалдығы - жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын, кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар тарапынан еңбекке орналастыру кезінде халыққа жәрдемдесу;
Тармақша 15
15) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы
мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырушы,
халықтың жұмыспен қамтылуына қатысты бүкіл жұмысты үйлестіруші және
ұйымдастырушы мемлекеттік орган;
Тармақша 16
16) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - жұмыспен
қамту саласындағы мемлекеттік саясатты аймақтық /облыстық, қалалық,
қалалардағы аудандық, аудандық/ деңгейде іске асыруды қамтамасыз ететін
мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);
Тармақша 17
17) күші жойылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361 заңымен.
📌 ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 483 Заңымен.
Бап 2. 2-бап. Жұмыспен қамтылған халық
2-бап. Жұмыспен қамтылған халық
Жұмыспен қамтылған азаматтар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) еңбек шартымен (келісім-шартымен) жұмыс істейтін, оның ішінде
толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс
орындайтын, сондай-ақ өзге де ақы төленетін жұмысы (қызметі) немесе кірісі
бар;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын;
Тармақша 3
3) қосалқы кәсіптермен айналысатын және өнімді шарттар бойынша
өткізетін;
Тармақша 4
4) жұмысты азаматтық-құқықтық шарттар (мердігерлік шарттар) бойынша орындайтын, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің (артельдердің) мүшелері болып табылатын;
Тармақша 5
5) ақы төленетін қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекітілген;
Тармақша 6
6) Қарулы Күштерде, ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің шекара әскерлері мен ішкі әскерлерінде, республикалық ұланда, Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің бөлімдерінде және өзге де әскери құрамаларда әскери қызмет атқарып жүрген;
Тармақша 7
7) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасымен кәсіби оқып жатқан адамдарды қоспағанда, жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, колледждерде, кәсіптік-техникалық, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында, аспирантурада,докторантурада және білім беру жүйесіне кіретін басқа да мекемелерде күндізгі оқу курстарында оқитын, сондай-ақ өндірістен қол үзіп қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген;
Тармақша 8
8) науқастануына, еңбек демалысына, ереуілге, өндірістің тоқтатылуына немесе заңда көзделген мерзім шегінде өзге де себептерге байланысты уақытша жұмыс істемейтін адамдар.
Бап 3. 3-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдар
3-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдар
Тармақ 1
1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және еңбек туралы заңдармен, осы Заңмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Заң алдында басымдығы болады және халықаралық шарттарда оны қолдану үшін заң шығару талап етілетінінен басқа жағдайларда тікелей қолданылады.
Бап 4. 4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат
4-бап. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат
Тармақ 1
1. Мемлекет азаматтардың жұмыспен нәтижелі және еркін таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясат:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын барлық азаматтарға, олардың нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, шығу тегіне, дінге көзқарасына, діни нанымына, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, жұмысты таңдау мен жұмысқа орналасуында бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) шетелдік жұмыс күшін пайдалануды реттеу жолымен ішкі еңбек рыногын қорғауға;
Тармақша 3
3) еңбек ресурстарын пайдалануды арттыруға;
Тармақша 4
4) еңбек рыногының қажеттеріне сәйкес кадрлар даярлау жөніндегі білім беру жүйесін бағдарға алуға;
Тармақша 5
5) азаматтардың еңбек және кәсіпкерлік бастамасын қолдауға;
Тармақша 6
6) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға, еңбек рыногында бәсекелесу қабілеті жоқ азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесетін шараларды жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілеттік орган, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын, кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар арқылы еңбек делдалдығын ұйымдастыруға;
Тармақша 8
8) жұмыссыздықтың алдын алуға және оны қысқартуға;
Тармақша 9
9) жұмыспен қамту проблемаларын шешу жөніндегі республикалық шараларды жергілікті атқарушы органдар қолданатын жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен ұштастыруға;
Тармақша 10
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және әлеуметтік саясаттың басқа бағыттары бойынша қызметпен үйлестіруге;
Тармақша 11
11) мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің, сондай-ақ жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін шараларын әзірлеу мен іске асыруды үйлестіруге, реттеуге және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының шетелдегі азаматтарының және Қазақстан
Республикасының аумағындағы шетелдік азаматтардың еңбек қызметіне
байланысты мәселелерді шешуді қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту
проблемаларын шешудегі халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға;
Тармақша 13
13) еңбекшілер өкілдері мен жұмыс берушілердің мемлекеттік жұмыспен
қамту саясатын әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.
📌 ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 483 Заңымен.
Бап 5. 5-бап. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
5-бап. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
Тармақ 1
1. Мемлекет азаматтарға:
Тармақша 1
1) олардың жұмыс түрін еркін таңдауына, өздерінің еңбек құқықтарын
қорғауына;
Тармақша 2
2) кемсітушіліктің кез келген нысандарынан қорғалуына және барлық
адамдардың мамандық пен жұмыс алуда бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз
етілуіне;
Тармақша 3
3) лайықты жұмыс таңдауы мен жұмысқа орналасуына кепілдік береді.
Тармақ 2
2. Мемлекет:
Тармақша 1
1) 20 жасқа дейінгі жастар;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмаған балалар тәрбиелеп отырған жалғызілікті және көп
балалы ата-аналар;
Тармақша 3
3) 16 жасқа толмаған мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналар,
мүгедектер;
Тармақша 4
4) жұмыстан соңғы босатылған негізіне қарамастан, ұзақ уақыт, бір
жылдан астам уақыт бойында жұмысы жоқ адамдар;
Тармақша 5
5) зейнеткерлік алдындағы (зейнеткерлікке шығуына дейін 2 жыл қалған)
адамдар;
Тармақша 6
6) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сот шешімі бойынша
мәжбүрлі емдеуден өткен адамдар;
Тармақша 7
7) құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін босатылған жағдайларды
қоспағанда, әскери қызметтен зейнетақы алу құқығынсыз босатылған әскери
қызметшілер;
Тармақша 8
8) босқындар, оралмандар (көшіп келушілер) және жастарды жұмыспен
қамтуға жәрдемдесудің нысаналы бағдарламаларын іске асыру жолымен жұмыс
іздестірудегі қиындыққа ұшыраушылар;
Тармақша 9
9) әйелдер;
Тармақша 10
10) ауыл тұрғындары;
Тармақша 11
11) экологиялық апат аймақтарында тұратын халық сияқты әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж азаматтар санатына қосымша кепілдіктерді қамтамасыз етеді.
Бап 6. 6-бап. Жұмыссыздар. Азаматтарды жұмыссыз деп
танудың тәртібі мен шарттары
6-бап. Жұмыссыздар. Азаматтарды жұмыссыз деп
танудың тәртібі мен шарттары
Тармақ 1
1. Еңбек қызметімен шұғылданбайтын, өздеріне байланысты емес себептер бойынша табыс таппайтын немесе басқа кіріс келтірмейтін, азаматтарды ресми жұмыссыздар деп тану туралы шешімі бар, еңбек етуге дайын және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган не еңбек делдалдығымен айналысатын, кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар лайықты жұмыс ұсынбаған азаматтар жұмыссыздар болып табылады.
Тармақ 2
2. Жұмыссыз азаматтарды тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Тармақ 3
3. Азаматтарды жұмыссыздар деп ресми тану туралы шешімді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган олар жеке куәлігін /төлқұжатын/, еңбек кітапшасын немесе олардың бұрынғы еңбек қызметін растайтын құжаттарын, сондай-ақ олардың кәсіби біліктілігі туралы құжаттарын, өздерінің салық органдарында жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар ретінде тіркелгені туралы (не ондай тіркеуде жоқ екендігі туралы) құжаттарын көрсеткен жағдайда жұмыс іздеуші адам ретінде олардың тұрғылықты жері бойынша тіркелген кезден бастап сегізінші күні қабылдайды.
Тармақ 4
4. Мыналар:
Тармақша 1
1) еңбек жасына жетпеген;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын;
Тармақша 3
3) жұмыс іздеуші адамдар ретінде тіркелген күнінен бастап жеті күн ішінде лайықты жұмыстан бас тартқан;
Тармақша 4
4) белсенді жұмыс іздеу мақсатында уәкілетті органда жұмыс іздеуші адамдар ретінде тіркелген күнінен бастап оның шақыруы бойынша дәлелсіз себептермен жеті күн ішінде кем дегенде бір рет келмеген азаматтарды жұмыссыздар деп тануға болмайды.
Тармақ 5
5. Осы баптың 4-тармағының 3), 4) тармақшаларында аталған азаматтардың жұмыс іздеуші адамдар ретінде тіркелген отыз күн өткен соң қайтадан жұмыссыздық санатын тануды талап етуге құқығы бар.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздар жұмыссыздық санатынан мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) жұмысқа орналасқанда немесе осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыс істеуші деп танылған (оның ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысуынан басқа жағдайларда);
Тармақша 2
2) басқа жерлерге көшкен;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы немесе мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған;
Тармақша 4
4) бас бостандығынан айыру немесе түзеу жұмыстары түріндегі жазамен сотталған не соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуге жіберілген;
Тармақша 5
5) белгіленген уақытта не шақыру бойынша уәкілетті органға дәлелді себептерсіз келмеген;
Тармақша 6
6) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ұсынған жұмысқа орналастыру немесе оқыту жолдамасын берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде дәлелді себептерсіз келмеген;
Тармақша 7
7) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның
жолдамасымен кәсіби оқуды дәлелді себептерсіз тоқтатқан;
Тармақша 8
8) алдау арқылы жұмыссыздық жағдайын алуға әрекет жасаған жағдайларда
айырылады.
Тармақ 7
7. Осы баптың 6-тармағының 5), 6), 7), 8) тармақшаларында аталған
азаматтардың он екі айлық жұмыссыздық кезеңі өткен соң кезекті жұмыссыздық
санатын тануды талап етуге құқығы бар. Бұл орайда жұмыссыздық санатын тану
тәртібі сақталады.
📌 ЕСКЕРТУ. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 483 Заңымен.
Бап 7. 7-бап. Лайықты жұмыс
7-бап. Лайықты жұмыс
Тармақ 1
1. Жұмыскердің кәсіптік даярлығын, денсаулық жағдайын, жұмыс орнына көлікпен жету жағдайын ескере отырып, оның кәсіптік жарамдылығына сай келетін жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі.
Тармақ 2
2. Алдын ала (азаматтардың жасы мен өзге де ерекшеліктерін ескере отырып) даярлауды керек ететін немесе керек етпейтін, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарының талаптарына сәйкес келетін уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда, ақы төленетін жұмыс:
Тармақша 1
1) бірінші рет жұмыс іздеуші (бұрын жұмыс істемеген) және кәсібі (мамандығы) жоқ;
Тармақша 2
2) бұрынғы кәсібі (мамандығы) бойынша біліктілігін арттырудан (қалпына келтіруден), ұқсас кәсіп алудан немесе жұмыссыздықтың бастапқы он екі ай кезеңінде қайта даярлаудан өтуден бас тартқан;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда он екі айдан
астам уақыт есепте тұрған, сондай-ақ үш жылдан астам жұмыс істемеген;
Тармақша 4
4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға маусымдық
жұмыстар аяқталғаннан кейін өтініш жасаған азаматтар үшін лайықты жұмыс
деп есептеледі.
Тармақ 3
3. Егер:
Тармақша 1
1) жұмыс тұрақты тұратын жерден едәуір алыс болса және қоғамдық көлік
оған мезгілінде (1,5 сағатқа дейін) жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса;
Тармақша 2
2) жұмыс іздеуші адамның келісімінсіз тұрғылықты жерін ауыстыруына
байланысты болса;
Тармақша 3
3) еңбек жағдайы еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларға
сәйкес келмесе, лайықты жұмыс деп саналмайды.
Тарау 2. 2-тарау. Азаматтардың жұмыспен қамту
саласындағы құқықтары
2-тарау. Азаматтардың жұмыспен қамту
саласындағы құқықтары
Бап 8. 8-бап. Азаматтардың жұмыс орнын таңдау құқығы
8-бап. Азаматтардың жұмыс орнын таңдау құқығы
Тармақ 1
1. Азаматтардың жұмыс берушіге немесе жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тікелей жүгіну арқылы жұмыс орнын еркін таңдап алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Еңбек шарттарын (келісім-шарттарын) жасау тәртібі мен ережелері Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Бап 9. 9-бап. Азаматтардың жұмысқа орналасу кезінде көмек алу құқығы
9-бап. Азаматтардың жұмысқа орналасу кезінде көмек алу құқығы
Тармақ 1
1. Азаматтардың жұмысқа орналасу кезінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың тарапынан көмек алуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Еңбек делдалдығы мынадай:
Тармақша 1
1) көрсетілетін қызметтерді пайдалану мүмкіндігін білдіретін қолайлылық;
Тармақша 2
2) көрсетілетін қызметтерді қандай да болсын мәжбүр етпей еркін пайдалануды білдіретін еріктілік;
Тармақша 3
3) жұмыс іздеуші барлық адамдар жөнінде бірдей міндеттерді білдіретін теңдік;
Тармақша 4
4) жұмыс күші қажет екендігі, бос жұмыс орындарының болуы туралы
ақпаратты жұмыс іздеуші адамдардың білу еркіндігін білдіретін жариялылық
принциптеріне негізделеді.
Бап 10. 10-бап. Азаматтардың шет елдердегі еңбек қызметіне құқығы
10-бап. Азаматтардың шет елдердегі еңбек қызметіне құқығы
1. Азаматтардың шет елдерде өз бетінше жұмыс іздеуге және жұмысқа
орналасуға құқығы бар.
2. Азаматтарға шет елдерде жұмысқа орналасу жөнінде жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ еңбек делдалдығымен
айналысатын жеке және заңды тұлғалардың тарапынан делдалдық көмек
көрсетуге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіп пен
жағдайларда рұқсат етіледі.
Бап 11. 11-бап. Азаматтардың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органның, олардың лауазымды адамдарының
заңсыз әрекеттеріне шағым жасау құқығы
11-бап. Азаматтардың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті органның, олардың лауазымды адамдарының
заңсыз әрекеттеріне шағым жасау құқығы
Азаматтар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның,
еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ
олардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне сотқа шағым жасауға
құқылы.
Тарау 3. 3-тарау. Халықтың жұмыспен қамтылуын
реттеу мен ұйымдастыру
3-тарау. Халықтың жұмыспен қамтылуын
реттеу мен ұйымдастыру
Бап 12. 12-бап. Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу
12-бап. Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу
Мемлекет халықтың жұмыспен нәтижелі және еркін таңдау арқылы
қамтылуына жәрдемдесу мақсатында:
Тармақша 1
1) өндіргіш күштерді дамытуға және оңтайлы орналастыруға, еңбек ресурстарының жұмылдырылуын арттыруға, жұмыспен уақытша және дербес қамтылуы дамытуға, бар жұмыс орындарын сақтап, жаңа жұмыс орындарын құруға, икемді еңбек режимдерін қолдануды көтермелеуге бағытталған экономикалық саясат шаралары мен басқа да шараларды әзірлеуді және іске асыруды;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамту саласындағы құқықтық реттеуді азаматтардың мемлекеттік кепілдіктерге сәйкес заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау негізінде жүзеге асырады.
Бап 13. 13-бап. Халықтың жұмыспен қамтылу бағдарламалары
13-бап. Халықтың жұмыспен қамтылу бағдарламалары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі еңбекшілер өкілдерінің және жұмыс берушілердің қатысуымен мемлекет дамуының стратегиялық жоспарлары негізінде жыл сайын Халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жасайды, онда мыналар көзделеді:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту деңгейінің төмендеу қарқыны бәсеңдету жөніндегі шаралар;
Тармақша 2
2) жұмыс күшінің сұранымы мен ұсынымын теңдестіру жөніндегі шаралар;
Тармақша 3
3) әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың, әсіресе селолық жерлердегі халықтың жекелеген топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) қосымша жұмыс орындарын құратын шағын және орташа жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуды ынталандыру;
Тармақша 5
5) еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру;
Тармақша 7
7) жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешу ісінде жергілікті атқарушы органдарының рөлін арттыру;
Тармақша 8
8) жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мәселелерінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызметін жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен интеграциялау;
Тармақша 9
9) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жетілдіру;
Тармақша 10
10) инвестициялық бағдарламалар жасау кезінде еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын құру.
Жергілікті атқарушы органдар жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын жасап, олардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік даму болжамдарының көрсеткіштері халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын жасауға негіз болып табылады.
Бап 14. 14-бап. Жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру
14-бап. Жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру
Жұмыспен қамту бағдарламасын қаржыландыру (қоғамдық жұмыстар,
жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жасау мен қолдау, табысы аз
азаматтар ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету) мемлекеттік
бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361;1999.11.22. N 483 заңдарымен.
Бап 15. 15-бап.
15-бап.
📌 Ескерту. Алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 483 Заңымен.
Бап 16. 16-бап. Шетелдік жұмыс күшін әкелуге, сондай-ақ Қазақстан
Республикасынан тыс жерге жұмыс күшін әкетуге
байланысты қызметті реттеу
16-бап. Шетелдік жұмыс күшін әкелуге, сондай-ақ Қазақстан
Республикасынан тыс жерге жұмыс күшін әкетуге
байланысты қызметті реттеу
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі республика аумағында жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден жұмыс берушілер жалдайтын шетелдік азаматтарды тартуға тұтас және кәсіптер топтары бойынша квота белгілейді.
Орталық атқарушы орган жұмыс берушілерге белгілеген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат береді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарда шетелдік мамандар мен жұмысшыларды жұмыс орындарына орналастырғаны үшін жұмыс берушілер Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес әлеуметтік салық төлейді.
Жұмыс беруші келісім-шарт мерзімі біткен соң шетелдік жұмыс күшін кепілдік берілген және кепіл жарналарын төлеу арқылы әкетуге кепілдік береді.
Кепілдік берілген және кепіл жарналарын төлеудің тәртібін, шарты мен
мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тармақ 3
3. Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілер қосымша жұмыс
орындарын құруға, орталық атқарушы органмен келісе отырып, шетелдік
жұмысшылар мен мамандарды ауыстыру үшін Қазақстан Республикасының
азаматтарын қайта оқытуға міндетті.
Тармақ 4
4. Шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ жұмыс күшін Қазақстан
Республикасынан шетелге әкетуге байланысты қызмет Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес лицензияланады.
Бап 17. 17-бап. Жергілікті атқарушы органдардың халықты жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі өкілеттігі
17-бап. Жергілікті атқарушы органдардың халықты жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі өкілеттігі
Жергілікті атқарушы органдар халықтың жұмыспен қамтылуын:
Тармақша 1
1) алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361 Заңымен;
Тармақша 2
2) өздерінің аумағында орналасқан ұйымдарда осы Заңның 5-бабының
2-тармағында аталған адамдарды жұмысқа қабылдау үшін жыл сайын жұмыс
орнының ең аз санын (квотасын) белгілеу;
Тармақша 3
3) қосымша жұмыс орындарын құру мен жеке кәсіпкерлікті дамытуды
қолдау;
Тармақша 4
4) шағын және орташа кәсіпкерлікті дамыту;
Тармақша 5
5) жұмыссыздарға әлеуметтік қорғау көрсету;
Тармақша 6
6) ақы төленетін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) халықтың жұмыспен нәтижелі қамтылуына жәрдемдесетін басқа да
шараларды жүзеге асыру жолымен қамтамасыз етеді.
📌 ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 483 Заңымен.
Бап 18. 18-бап. Жұмыс берушілердің мемлекеттік жұмыспен қамту
саясатын іске асыруға қатысуы
18-бап. Жұмыс берушілердің мемлекеттік жұмыспен қамту
саясатын іске асыруға қатысуы
1. Жұмыс берушілер мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыруға
мынадай жолдармен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек қатынастарын реттейтін шарттардың (келісім-шарттардың) ережелерін сақтау;
Тармақша 2
2) жұмыссыздық немесе өндіріс тоқтап қалған жағдайда жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау жөніндегі ұжымдық шарттарда, басқа да келісімдерде көзделген шараларды іске асыру;
Тармақша 3
3) жұмысқа орналастыруға көмек көрсету;
Тармақша 4
4) жұмыскерлердің кәсіптік даярлануына, қайта даярлануына және біліктілігін арттыруға жағдай жасау;
Тармақша 5
5) осы Заңның 5-бабының 2-тармағында аталған адамдарды жұмысқа орналастыру арқылы қатысады.
Тармақ 2
2. Жұмыс берушілер:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жұмыскерлердің алдағы босатылатыны, олардың саны мен санаттары туралы ақпаратты, оның қатысы болуы мүмкін қызметтер мен кәсіптер және олардың босатылатын мерзімін көрсете отырып, кемінде екі ай бұрын және толық көлемінде беру;
Тармақша 2
2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес барлық бос жұмыс орындары (бос орындар) туралы мәліметтерді олар пайда болған күннен бастап үш күн мерзімде жіберу;
Тармақша 3
3) ұйымдарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде өтініш жасаған адамдарды бос орынға жұмысқа қабылдау;
Тармақша 4
4) жұмыс орындарын (бос қызметтерді) жасырғанына кінәлі жұмыс берушілер заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауап береді;
Тармақша 5
5) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген адам жұмысқа қабылданған жағдайда оның жұмысқа орналастырылған күнін көрсете отырып жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға хабарлама табыс ету. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген адамды жұмысқа қабылдаудан бас тартылған жағдайда жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган берген жолдамаға оның келген күні және жұмысқа қабылдаудан бас тартылған себебі туралы белгі қояды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік статистикалық органдарға осы органдар белгілейтін тәртіп пен мерзімде халықтың жұмысқа қамтылуы жөніндегі статистикалық есеп беру;
Тармақша 7
7) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген адамдарды жұмысқа халықтың қорғалған жіктері үшін белгіленген квотаға сәйкес қабылдау;
Тармақша 8
8) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қосымша жұмыс орнының құрылғаны туралы ақпарат жіберуге міндетті.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушілердің:
Тармақша 1
1) квота есебінен қабылдау жағдайларын қоспағанда, ұйымға тікелей өтініш берген адамдарды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бар адамдармен бірдей негіздерде жұмысқа қабылдауға;
Тармақша 2
2) шарт негізінде еңбек рыногының жай-күйі туралы жұмыспен қамтылу мәселелері жөніндегі уәкілетті органнан ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, олардың лауазымды адамдарының әрекетіне сотқа шағым жасауға құқығы бар.
Бап 19. 19-бап. Орталық атқарушы орган
19-бап. Орталық атқарушы орган
Тармақ 1
1. Республикалық дәрежеде халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын өз құзіреті шегінде орталық атқарушы орган жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Орталық атқарушы органның қызмет тәртібін, қаржыландыру көздерін, құқықтық мәртебесі мен жауапкершілігін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Тармақ 3
3. Орталық атқарушы органның құрамында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі инспекция жұмыс істейді.
Тармақ 4
4. Орталық атқарушы орган өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарының әдістемелік басшылығын жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) еңбек рыногы мен бос орындар жөніндегі деректердің республикалық базасын жасау негізінде жұмыс күшіне талдау жасауға, сұраным мен ұсынымды болжауға және халыққа, жергілікті атқарушы органдарға, Қазақстан Республикасының Үкіметіне еңбек рыногының жай-күйі туралы хабарлап отыруға;
Тармақша 3
3) жұмыс орындарын құру мәселелерін қоса алғанда, халықты жұмыспен қамту, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, деректердің ақпараттық базасын жасау мен қолдау бағдарламасын, әзірлеуге, табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету;
Тармақша 4
4) алып тасталды;
Тармақша 5
5) шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шетелдерге жұмыс күшін әкетуге байланысты қызметке лицензия беруге;
Тармақша 6
6) жұмыс берушілерге белгіленген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруге;
Тармақша 7
7) еңбек рыногының қажеттеріне сәйкес және нарық қатынастарын дамыту жағдайында кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты, білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесе отырып белгілеуге және қалыптастыруға;
Тармақша 8
8) республиканың ресми баспасөз басылымдарында жұмыс күшіне, жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне және кәсіби бағдарға ұсыным мен сұраным туралы статистикалық деректер мен ақпараттық материалдар жариялауға;
Тармақша 9
9) инвестициялық бағдарламалар жөніндегі ұсыныстарды қарау кезінде еңбек рыногындағы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметіне қосымша жұмыс орындарын құру қажет екендігі туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге міндетті.
📌 ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361; 1999.11.22. N 483 заңдарымен.
Бап 20. 20-бап. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
20-бап. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган аймақтық (облыстық, қалалық, қалалардағы аудандық, аудандық) деңгейде халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатын іске асырады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құрамында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі инспекция жұмыс істейді.
Тармақ 2
2. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның қызмет тәртібін, қаржыландыру көздерін, құқықтық мәртебесі мен жауапкершілігін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
Тармақ 3
3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) өтініш жасаған азаматтарға - жұмыс табу мүмкіндігі туралы және белгілі бір жұмыс алғысы келетін адамдарға қойылатын талаптар туралы, ал жұмыс берушілерге жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабарлап отыруға;
Тармақша 2
2) азаматтарға - лайықты жұмыс таңдауға, ал жұмыс берушілерге қажетті жұмыскерлерді іріктеп алуға жәрдем көрсетуге;
Тармақша 3
3) бос жұмыс орындарының есебін жүргізуге;
Тармақша 4
4) жұмысқа орналастыру мәселелері жөнінде өтініш жасаған адамдарды тіркеп, есепке қоюға;
Тармақша 5
5) халыққа кәсіби бағдар беру қызметін көрсетуге;
Тармақша 6
6) жұмыссыздарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға жіберуге;
Тармақша 7
7) еңбек рыногының қажеттеріне сәйкес жұмыссыздарды кәсіби оқытуға жіберуге, жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру құнын мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен төлеуге, табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетуге;
Тармақша 8
8) алып тасталды;
Тармақша 9
9) аймақтағы жұмыс күшіне сұраным мен ұсынымды талдау, болжау, халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органға еңбек рыногының жай-күйі туралы хабарлап отыруға;
Тармақша 10
10) халықтың жұмыспен қамтылуының аймақтық бағдарламасын жасап, іске асыруға;
Тармақша 11
11) ресми баспасөз басылымдарында жұмыс күшіне ұсыным мен сұраным, аймақтағы жұмысқа орналастыру мен кәсіби бағдар мүмкіндіктері туралы жариялап отыруға міндетті.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның:
Тармақша 1
1) жұмыс берушілерден жұмыскерлерді босату нәтижесінде туындауы мүмкін деп болжанып отырған құрылымдық өзгерістер мен өзге де шаралар туралы ақпарат, сондай-ақ жұмыс күшін қажетсіну туралы, босатылатын, қабылданған және шығарылған қызметкерлердің саны мен кәсіби-біліктілік құрылымы туралы ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) азаматтарды жұмыс берушілерге оларда жұмыс күші қажет болған жағдайда жіберуге;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдарға өз аумағында орналасқан ұйымдарда ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу жөнінде ұсыныс енгізуге;
Тармақша 4
4) жұмыссыздарды олардың келісімімен ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға жіберуге;
Тармақша 5
5) білім беру мәселелерін қарайтын мемлекеттік органдардан, меншік нысанына қарамастан, оқу орындарынан, мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру ісін жүзеге асыратын әртүрлі ұйымдардың оқу курстарынан оқу бітірушілерді жұмысқа орналастыру туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар), нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша мамандардың даярланған және даярлануы болжанып отырған саны туралы ақпарат сұрауға;
Тармақша 6
6) жергілікті атқарушы органдарға жұмыскерлерді, оның ішінде жекешелендірілетін және банкроттыққа байланысты таратуға жататын ұйымдардың жұмыскерлерін босатуға байланысты шаралардың мерзімін ауыстыру немесе оларды уақытша тоқтата тұру туралы ұсыныс жасауға;
Тармақша 7
7) жұмыспен қамту туралы заңдарды бұзғанын жою туралы нұсқама енгізуге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және жұмыспен қамту туралы заңдардың бұзылуына кінәлі адамдарға әкімшілік жаза қолдануға құқығы бар.
Тармақ 5
5. алып тасталды.
Тармақ 6
6. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыспен қамту
мәселелері жөніндегі деректердің ақпараттық базасын қалыптастыру үшін
орталық атқарушы орган белгілеген мөлшер мен мерзімде қажетті мәліметтерді
табыс етеді.
📌 ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361; 1999.11.22. N 483 заңдарымен.
Бап 21. 21-бап. Еңбек делдалдығы
21-бап. Еңбек делдалдығы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек делдалдығымен кез
келген меншік нысанындағы, белгіленген тәртіппен тіркелген жеке және заңды
тұлға айналысуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Алып тасталды.
📌 ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгертілді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 483 Заңымен.
Бап 22. 22-бап.
22-бап.
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361 Заңымен.
Бап 23. 23-бап. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта
даярлау
23-бап. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта
даярлау
Тармақ 1
1. Жұмыссыздың қажетті кәсіби біліктілігі болмағандықтан лайықты жұмыс тауып беру мүмкін болмаған жағдайда жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау білім беру жүйесінің оқу орындарында, оқу комбинаттарында, ұйымдарда жұмыс істейтін біліктілікті арттыру курстарында еңбек рыногының қажеттері ескеріле отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Жұмыссыздарды оқыту жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, білім беру ұйымы, жұмыс беруші және жұмыссыз қатысушылары болып табылатын төрт жақты шарт негізінде жүзеге асырылады.
📌 ЕСКЕРТУ. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1999.11.22. N 483 Заңымен.
Тармақ 1999.11.22
Бап 24. 24-бап. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
24-бап. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз
азаматтарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жібереді.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар береді және олар
жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
Тармақ 3
3. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу
кемінде ең төмен жалақы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейді.
📌 ЕСКЕРТУ. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1999.11.22. N 483 Заңымен.
Бап 25. 25-бап. Жұмыс орындарын құру
25-бап. Жұмыс орындарын құру
Мемлекет жұмыс іздеп жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру
мақсатында мемлекеттік бағдарламаларға, оның ішінде өнеркәсіпті, ауыл
шаруашылығын дамыту бағдарламалары және экономиканың басқа салаларының
бағдарламаларына сәйкес жұмыс орындарын құрады.
📌 ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.11.22. N 483
Заңымен.
Бап 26. 26-бап. Азаматтар мен олардың отбасы мүшелерінің
өз еркімен қоныс аударуы
26-бап. Азаматтар мен олардың отбасы мүшелерінің
өз еркімен қоныс аударуы
Тармақ 1
1. Еңбек рыногындағы ахуалды негізге ала отырып, жұмыссыз халықты жұмысқа орналастыру мақсатында жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган азаматтар мен олардың отбасы мүшелерінің өз еркімен қоныс аударуына көмек көрсетеді.
Өтінімі бойынша қызметкер өз еркімен қоныс аударатын жұмыс беруші оған және оның отбасы мүшелеріне қоныс аударуға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өтемақы төлейді.
Тармақ 2
2. Азаматтардың өз еркімен қоныс аударуын ұйымдастырудың шарты мен тәртібі туралы ереже Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар
аумақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту, өндірістік және
мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді салу мен іске қосу мақсатында сол
аймақтарды игерудің мамандықтары бойынша жұмыс беру кепілдігімен
азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің өз еркімен қоныс аударуына
жәрдемдесу шараларын көздейтін арнаулы бағдарламалар жасайды.
Тарау 4. 4-тарау. Жұмыссыздарға берілетін әлеуметтік
кепілдіктер мен өтемақылар
4-тарау. Жұмыссыздарға берілетін әлеуметтік
кепілдіктер мен өтемақылар
Бап 27. 27-бап. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау
27-бап. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау
Табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыздарға мынадай әлеуметтік қорғау
көрсетіледі:
Тармақша 1
1) осы Заңның 29-бабына сәйкес материалдық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) жұмыссыздарға кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта
даярлау кезеңінде оқу құнын төлеу;
Тармақша 4
4) қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы
төлеу.
📌 ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361
Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1999.11.22. N 483 Заңымен.
Бап 28. 28-бап.
28-бап.
📌 ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361
Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 28-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының
1999.11.22. N 483 Заңымен.
Бап 29. 29-бап. Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетудің
талаптары мен тәртібі
29-бап. Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетудің
талаптары мен тәртібі
Табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек
көрсетіледі. Материалдық көмек көрсетудің тәртібі Қазақстан
Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыз қайтыс болған жағдайда оның
отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арнап материалдық
көмек көрсетіледі.
📌 ЕСКЕРТУ. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1999.04.05. N 361 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының
1999.11.22. N 483 Заңымен.
Бап 30. 30-бап.
30-бап.
📌 ЕСКЕРТУ. 30-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының
1999.04.05. N 361 Заңымен.
Бап 31. 31-бап.
31-бап.
📌 ЕСКЕРТУ. 31-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.04.05. N 361
Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 31-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының
1999.11.22. N 483 Заңымен.
Бап 32. 32-бап. Жұмыстан айрылу жағдайына ерікті сақтандыру
32-бап. Жұмыстан айрылу жағдайына ерікті сақтандыру
1. Азаматтар жұмысынан айырылуы (жұмыссыздық) жағдайына ерікті
сақтандыру шарттарын жасасуға құқылы. Сақтандырудың тәртібі мен шарттары
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
2. Жұмыс берушілердің жұмыскерлерді олар жұмысынан айрылуы жағдайына
сақтандыруға құқығы бар. Сақтандырудың тәртібі мен ережелері Қазақстан
Республикасының заңдарымен және ұжымдық шарттармен белгіленеді.
Бап 33. 33-бап.
33-бап.
📌 ЕСКЕРТУ. 33-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының
1999.04.05. N 361 заңымен.
Тарау 5. 5-тарау. Жұмыспен қамту туралы заңдардың
сақталуын бақылау
5-тарау. Жұмыспен қамту туралы заңдардың
сақталуын бақылау
Бап 34. 34-бап. Жұмыспен қамту туралы заңдардың сақталуын
бақылауды жүзеге асыратын органдар
34-бап. Жұмыспен қамту туралы заңдардың сақталуын
бақылауды жүзеге асыратын органдар
Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамту туралы заңдардың
сақталуын бақылауды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы
және уәкілетті орган, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орталық атқарушы
және уәкілетті органның инспекциясы мен жергілікті атқарушы органдар
жүзеге асырады.
Бап 35. 35-бап. Жұмыспен қамту туралы заңдардың
бұзылғаны үшін жауаптылық
35-бап. Жұмыспен қамту туралы заңдардың
бұзылғаны үшін жауаптылық
Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы заңдарды бұзған жеке және заңды
тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бап 36. 36-бап. Осы Заңды күшіне енгізу тәртібі
36-бап. Осы Заңды күшіне енгізу тәртібі
Осы заң 1999 жылға 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.