Об организации оплачиваемых общественных работ Күшін жойған
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-бабының, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы» Заңының 31-бабының негiзiнде, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» қаулысына және Қостанай облысы Әкiмиятының 2003 жылғы 07 қаңтардағы № 2 «Қостанай облысы Әкiмиятының 2002 жылғы 15 қаңтардағы № 8 «Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» қаулысына (тiркеу нөмірi 1175 сәйкес Қостанай қаласының Әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ереже бекiтiлсiн (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Жұмыссыздар үшiн ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың көлемi мен түрi, ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн (2-қосымша).
Тармақ 3
3. «Қостанай қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ф.Г. Солодова) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiбергенде осы қаулыны басшылыққа алсын.
Тармақ 4
4. Тұрғын ұй коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк (Мальцева Л.П.), денсаулық сақтау (Ғалымжанов Е. М., келiсiм бойынша), бiлiм (Шек Г.Г., келiсiм бойынша), мұрағат басқармасы (Медведев С.А., келiсiм бойынша) бюджеттiк бағдарламаларының әкiмгерлерi жұмыстар мен қызмет көрсетуге ақы төлегенде 2-қосымшаға сәйкес, тiзбеде анықталған кәсiпорындардың көрсететiн қоғамдық жұмыстарының көлемi мен түрiн ескерсiн.
Тармақ 5
5. Қостанай қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 3 ақпандағы № 77 «2003 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (тiркеу нөмірi 2026, «Қостанай» 2003 жылғы 27 ақпандағы № 24, Қостанай қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 17 қыркүйектегi № 794 «Қостанай қаласы әкiмиятының 2003 жылғы 3 ақпандағы № 77 «2003 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» тiркеу нөмірi 2521 қаулысымен»өзгертулер енгізілді) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкiмінiң орынбасары Е.В. Еруновичке жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Тұрғын-ұй коммуналдық, жол шаруашылығы және көлiк кәсiпорындары орындайтын қоғамдық жұмыстардың түрлерi мен көлемiне бақылау жасау «Қостанай қаласының коммуналдық шаруашылық және техникалық қадағалау басқармасы» мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Л.П. Мальцеваға жүктелсiн.
Басқа 8. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
және қаржыландыру туралы ереже
Қостанай қаласы әкiмиятының
2004 жылғы 25 ақпандағы № 206
қаулысына
1-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
және қаржыландыру туралы ереже
Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерiне сәйкес әзiрленген.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ереже ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізу үшін уақытша жұмыс орындарын беретiн ұйымдарымен есеп айырысу жүйесiн және ұйымдастыру тәртібін реттейдi.
Тармақ 2
2. Осы ережеде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстар - жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлықтан өтуiн талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi ;
Тармақша 2
2) жергiлiктi атқарушы орган - тиiстi аумақта өз құзыры шегiнде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын, қала әкiмi басқаратын, әкiмият;
Тармақша 3
3) нысаналы топтар -»Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңмен белгiленген, жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар топтары.
Тарау 2. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртiбi
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртiбi
Тармақ 3
3. «Қостанай қалалық еңбек,жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы» мемлекеттiк мекемесi жұмыс берушiлермен қоғамдық жұмыстарды орындауға қызмет көрсету бойынша шарт жасасады.
Тармақ 4
4. Қоғамдық жұмыстар мекемелерде уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жүргiзiледi және жергiлiктi (қалалық) бюджеттi»қаражатынан қаржыландырылады.
Тармақ 5
5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және жергiлiктi (қалалық) бюджет қаражаты есебiнен ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған қаражатты тиiмдi пайдалану мақсатында, жергiлiктi атқарушы органдар төмендегi iс-шараларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындайды.
Тармақша 2
2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелердің тізбесін, қоғамдық жұмыстың түрлерін, көлемін және орындалу талабын бекітеді.
Тармақ 6
6. Жұмыссыздарды жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен анықталған мекемелерге қоғамдық жұмыстарға жiберу қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасымен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқығы бар.
Тарау 3. 3. Қоғамдық жұмыстарды
қаржыландыру талаптары мен көздерi
3. Қоғамдық жұмыстарды
қаржыландыру талаптары мен көздерi
Тармақ 8
8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбек ақы төлеудi жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес жұмыс берушi ай сайын жүзеге асырады және ол орындалған жұмыстың күрделiлiгiне, сапасына, санына байланысты.
Тармақ 9
9. Жұмыс берушiлердiң қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысына кеткен Қазақстан Республикасының қаулысымен бекiтiлген ең төменгi еңбекақы көлемiндегi шығыны жергiлiктi (қалалық) бюджеттiң қаражатынан өтеледi. Бюджеттiк қаражат жұмыс берушiлердiң есеп айырысу шоттарына аударылады.
Тармақ 10
10. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға қалалық бюджеттiк қаражатынан төленетiн еңбек ақы заңнамалар белгiлеген тәртiппен салықтан босатылады.
Тармақ 11
11. Жұмыс берушiлер қалалық бюджеттен түскен ақшаны мақсатты пайдаланады.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушiлер еңбек ақыға төлеген шығынын жергiлiктi қалалық бюджеттен қайтару үшiн қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына ай сайын жұмыс уақытының есеп табелiн, жұмысқа қабылдаған бұйрықтың көшiрмесiн, еңбек ақы есептеу тiзбесiн, орындалған жұмыстың кесiмiн берiп отырады. Қоғамдық жұмысқа қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы iстелген жұмыс үшiн төленедi.
Тармақ 13
13. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға мертiгу немесе денсаулыққа келтiрiлген зақымның, зиянның орнын толтыру, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушiлер жүргiзедi.
Тарау 4. 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
мен ұйымдастыру тәртiбiн бақылау
4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
мен ұйымдастыру тәртiбiн бақылау
Тармақ 14
14. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру мен ұйымдастыру тәртiбiн бақылауды заңнамамен белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
Басқа 32. Жұмыссыздар үшiн ұйымдастырылатын қоғамдық
жұмыстардың түрлерi мен көлемдерi, кәсiпорындардың тiзбесi
Қостанай қаласы әкiмиятының
2003 жылғы 3 ақпандағы № 77
қаулысына
2-қосымша
Жұмыссыздар үшiн ұйымдастырылатын қоғамдық
жұмыстардың түрлерi мен көлемдерi, кәсiпорындардың тiзбесi
Кәсіпорындардың атауы
Жұмыс пен қызметтiң түрлерi
Орындалатын
жұмыс пен қызметтiң көлемі
нақтылы көрсеткiштерде
адам/күн
1
«Тазалық -2000» МКК
Жолдар мен тротуарларды ағымды ұстау:
жолдар мен тротуарларды қоқыстан және батпақтан тазарту жол жиектерiн қолмен тазарту жол жиегiндегi тасты ақтау қоқыс пен батпақты шығару көгалды механикаландырылған тәсiлмен және қолмен қырқу
50000 қума метр
10600 метр
29000 шаршы метр
15990
2
«Терком
союз» МКК
Текстильный, Западный, Элеваторный, Южный шағын аудандарды ағымды ұстау:
шағын аудандардың орталық көшелерiндегi саябақтарды, көгалдарды күнде санитарлық тазалау
қатты тұрмыстық қалдықты арту және полигонға шығару
жол жиегiндегi тасты тазалау және ақтау
арам шөптi шабу, көгалды қырқу
арам шөптi арту және шығару
Маяковский-Чкалов, Быковский- Абай, Чернышевский-Карбышев, Герцен-Текстильщик, Социалис
тiк-Қайырбеков 347 көшелерiнiң қиылысын қардан және қатқан мұздан тазарту
қар және қатқан мұзды арту және шығару
595000 шаршы метр
370 тонна
17000 қума метр
80000 шаршы метр
15 тонна
10000 шаршы метр
100 тонна
7085
3
«Мәде
ниет және демалу саябағы» МКК
Жеңiс саябағының аумағын ағымды ұстау:
күнде қоқыс жинау
шөп шабу
бұталарды кесу, бұтақтарды тегiстеу
жол жиегiн ақтау
ескерткiштердi жуу, зираттарды дұрыстау, мәрмәрден жасалған орталық қақпаны жуу
Тобылдың жағасындағы саябақ пен жағажай аумақтарын ағымды ұстау:
жол жиегiн ақтау
шөп шабу
қоқыс жинау (күнде)
құмды қопсыту (күнде)
бұталарды кесу
Орталық саябақтағы кортты ағымды ұстау:
үстiн тығыздау, тегiстеу (күнде)
200 ш.м.
1000 ш.м.
900 дана
9000 қ.м.
13 дана
1500 қ.м.
3500 ш.м.
55 т.м.
250 га
2500 дана
1075 ш.м.
7130
4 «Дорож
ник» ЖШС
Жолдар мен тротуарларды ағымды ұстау: жолдар мен тротуарларды қоқыс пен батпақтан қолмен тазарту
21017220 шаршы метр
6210
5 «Тұр
мыстық сервистi
Қостанай кәсiби- техника
лық лицейi» ММ
Оқу корпусы мен шеберханаларда жөндеу жұмыстары:
аудиториялардың қабырғалары мен төбелерiн ақтау, панельдердi, едендi, аудиторияларды сырлау
оқу ғимаратын құрылыс қоқыстарынан жинау жылу жүйесін жөндеу (трубаларды айырбастау)
800 шаршы метр
600 шаршы метр
1000 шаршы метр
600 метр
720
6 «ЮВАС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Құрылыс-жөндеу жұмыстары: сылақты жөндеу
сыланған қабырғаларды ақтау
қабырғалар мен едендерді бояу
ағашпен жабылған еденді ауыстыру
трубаларды ауыстырудағы қосалқы жұмыстар бетонды және темірбетондарды монтаждаудағы
қосалқы жұмыстар
жол жиектеріндегі тасты жабдықтау
665 шаршы метр
4114 шаршы метр
2811 шаршы метр
349 шаршы метр
263 шаршы метр
25 текше метр
250 метр
1500
7 «Помощь» қоғамдық қоры
Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісінен сақтандыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру:
тазартылған бір рет пайдаланатын шприцтерді беру
қолданылған бір рет пайдаланатын шприцтерді қабылдау
сақтандырғыш қорғану заттарын беру
ақпараттық білімділік әдебиеттерін беру
200000 дана
200000 дана
11000 дана
10000 буклеттер
8 «Қостанай Энерго Орталығы» ЖШС
Приборлардың көрсеткiштерiн жазып алу (ай сайын)
Тұтынушылардың беретiн құжаттарының дұрыстығын және уақытында ақы төлеудi бақылау
72175 абонент ай сайын
72175 абонент ай сайын
9 Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағаты
Азаматтардың сұранысы бойынша мұрағаттық анықтамаларды орындаудағы техникалық жұмыстар:
Мұрағат қоймасынан құжаттарды түсіру қайта тиеу, құжаттарды іске тігу, мұрағаттық анықтамалар дайындау үшін құжаттарға керекті ақпараттар жинау
5000 сұраныс
10 «Қызмет көрсету саласы
ның Қостанай кәсiптiк лицейi» ММ
Спорт залының фасад бөліктерін жөндеу сылақ жұмыстары, ақтау, сырлау асхананың төбесін жөндеу спорт аланың құру, спорт құралдарын қою
300 шаршы метр
900 шаршы метр
544 шаршы метр
2500 шаршы метр
2000
11 «Қостанай
қалалық ауруханасы» МКІК
Чердак және жертөле жайларын тазарту:
чердак пен жертөле жайларынан қоқыстарды шығару
қоршауларды сырлау
асфальт-бетонмен, жабылған жолды жөндеу
жертөленің қабырғалары мен жабдықтарын әкпен сырлау
тұрмыстық жолдар мен спорт ғимараттың орнату канализация құдықтарын тазарту
спорт алаңдарын құру
ағаштар мен бұталарды кесу
60 тонна
1000 шаршы метр
300 шаршы метр
6500 шаршы метр
300 құма метр
760 шаршы метр
12 дана
800 шаршы метр
50 дана
700
12 «АБЗ плюс» ЖШС
Жолдар мен тротуарларды ағымды ұстау:
жолдың жиектерiнiң түбiн қолмен жинау
жол жиектемесiн қолмен ақтау
көгалдарды қоқыстан, жапырақ және бұталардан тазарту автокөлiкпен қоқысты шығару
15000қ.м.
5000 қ.м.
14000 ш.м.
135 т
3920
13 Қызыл Жарты ай Қоғамы филиалының Облыстық комитеті
Қабырғалар мен төбелерді ақтау
Қабырғаларды сырлау
100 шаршы метр
60 шаршы метр
90
14 «Қостанайжылуэнергетика-лық компа-
ниясы» МКК
Қаланың тұрғын үй қорын тексеру. Әлеуметтік карталар жасау
8500 абонент
3025
15 «Таза жол-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
16 «Қостанай
перзентхана-
сы» мемлекет
тiк коммунал
дық қазына-
лық кәсiпор-
ны
17 «Қостанай
«Аэропорт»
ашық акцио-
нерлiк
қоғамы
18 «Қостанай
қаласы әкi-
миятының
тұрғын-үй
пайдалану
қызметi» мем
лекеттiк ком
муналдық
кәсiпорны
Алаңдар мен гүлбақтарды ағымды ұстау:
алаңдар мен гүлбақтардың механикалық түрде қиындық келтіретін жерлеріндегі гүлзарларды қолмен жинау
гүлзарларды қырқу және кесу
қоқыстарды көшелер мен гүлзарлардан жинап тиеу
Бас корпусты»жертөле жайларын және электр-
лiк тораптарды жинау
Жемiстердi сақтау жайларын жинау
Қосалқы жайларды
жинау Перзентхана
аумағындағы шөптердi
маусымына екi
рет кесу
Қоқыстар мен темiр
сынықтарын шығару
Шөп шабу
Аймақты және жертөле жайларын жинау
114500 шаршы метр
5000 шаршы метр
580 текше метр
1600 шаршы метр
200 шаршы метр
100 шаршы метр
8600 шаршы метр
18 тонна
20050 шаршы метр
25000 шаршы метр
5560
450
250
600