О правилах оказания социальной помощи специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, проживающим в сельской местности, на приобретение топлива Күшін жойған
Басқа 0
Селолық аймақта тұратын денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қорғау, мәдениет және спорт бөлiмдерiнiң мамандарына отын сатып алуға әлеуметтiк көмек көрсету бойынша ережелер туралы
"Қазақстан Республикасында агроөндiрiстiк кешеннiң» және ауыл (селоны) дамыту басымдылығы туралы" 1991 жылғы 13 ақпанындағы Қазақ Кеңестiк социалистiк республикасының» Заңына ("Қазақ Кеңестiк социалистiк республикасы жоғарғы кеңестiк ведомостары" 1991 жылғы N 8 б.93) сәйкес Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудан әкiмiнiң» селолық аймақта тұратын денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қорғау, мәдениет және спорт бөлiмдерiнiң мамандарына отын сатып алуға әлеуметтiк көмек көрсету бойынша ережелер бекiтiлсiн
Басқа 1
Селолық аймақта тұратын денсаулық
сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қорғау,
мәдениет және спорт бөлiмдерiнiң
мамандарына отын сатып алуға
әлеуметтiк көмек көрсету бойынша
ережелер туралы 2004 жылғы
29 қаңтардағы 4/4 аудандық
мәслихаттың шешiмi
БЕКIТIЛГЕН
Селолық аймақта тұратын денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет бөлiмдерiнiң» мамандарына отын сатып алуға әлеуметтiк көмек көрсету
ЕРЕЖЕСI
Тарау 1. 1. Жалпы жағдайлар
1. Жалпы жағдайлар
Тармақ 1
1. Осы ережелер 1991 жылғы 13 қаңтардағы Қазақ советтiк социалистiк республикасының» "Қазақстан Республикасының» агроөнеркәсiп комплексi мен ауылдардың (селолардың) артықшылығын көтеру туралы Заңын орындау барысында әзiрленген".
Тармақ 2
2. Селолық аймақта тұратын денсаулық сақтау, бiлiм, әлеуметтiк қамту, мәдениет және спорт мемлекеттiк мекемелерiнiң» мамандары отын сатып алуға бiрыңғай ақшалай төлем (одан әрi-әлеуметтiк саладағы мамандарға ақшалай төлем) бiр жылда бiр рет тағайындалады және төленедi.
Тармақ 3
3. Әлеуметтiк аймақтағы мамандарға заңсыз төленген сома белгiленген заңнама тәртiбi бойынша кiнәлi тұлғалардың есебiнен қалпына келтiрiледi.
Тарау 2. 2. Тағайындау тәртiбi
2. Тағайындау тәртiбi
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк саладағы мамандарға ақшалай төлем еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органына ұсынылған құжаттар негiзiнде тағайындалады:
Тармақша 1
1) бiрыңғай ақша төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;
Тармақша 2
2) ақша төлемiн алушы банктен салым бойынша есеп шотының» нөмiрiн ашуға мiндеттi;
Тармақша 3
3) атқаратын лауазымы туралы мекемеден анықтама;
Тармақша 4
4) мекен жайын анықтайтын анықтама.
Осы ұсынылған құжаттар негiзiнде бiрыңғай ақша төлемi берiледi.
Тармақ 2
2. Бiрыңғай ақша төлемдерi әлеуметтiк аймақтағы мамандарға екi немесе одан көп бiрге тұратын тұлғаларға осы Ережелердi» қатысымен таратылуы әрқайсысына ұсынылады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және төлем тәртiбi
3. Қаржыландыру және төлем тәртiбi
Тармақ 1
1. Әлеуметтiк аймақтағы селолық аймақта тұратын және жұмыс iстейтiн мамандарға сай жылда осы мақсаттарға қарасты ақша төлемдерiн қаржыландыру iске асырылады.
Тарау 4. 4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
4. Есеп жүргiзу, бақылау және есеп беру тәртiбi
Тармақ 1
1. Бiрыңғай ақшалай төлемдi бақылау және есеп беру, есеп жүргiзу еңбек, халықты әлеуметтiк қорғау органына жүктеледi.
Тармақ 2
2. Жергiлiктi еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау органына өткен тоқсанда бiрыңғай ақша төлемiнен алынған отын әр тоқсанның» бiрiншi айының» 10 күнiнде төленген сома бойынша екiншi деңгейдегi банкпен салыстыру актiн құрастырады.