О безопасности и охране труда Күшін жойған
Басқа 0
1-тарау . ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап . Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап . Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті
қорғау туралы заңдары
3-бап . Осы Заңның қолданылу аясы
2-тарау . ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
4-бап . Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы
мемлекеттiк басқару, бақылау және қадағалау
5-бап . Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
6-бап . Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
негізгі принциптер
7-бап . Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
мемлекеттiк нормативтiк талаптар
8-бап . Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау саласындағы құзыреті
9-бап . Уәкілетті органның құзыреті
10-бaп . Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің құзыретi
11-бап . Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегi
іс-шараларды қаржыландыру
3-тарау . ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГІНЕ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУҒА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПIЛДIКТЕРI
12-бап . Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және
еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерi
13-бап . Қызметкерлерді мiндеттi медициналық тексерулер
14-бап . Қызметкерлердің еңбек қызметi процесiндегі еңбек
қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтарының
кепілдiктерi
15-бап . Әйелдердiң және жасы он сегізге толмаған адамдардың
еңбегін қорғау
16-бап . Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау
мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулық беру және білiмдерiн
тексеру
4-тарау . ҚЫЗМЕТКЕР МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚOPҒAУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
17-бап . Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғауға
құқықтары
18-бап . Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы міндеттерi
19-бап . Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы құқықтары
20-бап . Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы міндеттері
5-тарау . ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГIН ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
21-бап . Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау қызметі
22-бап .
22-1-бап . Жұмыс орындарының қауiпсiздiк талаптары
23-бап . Өндiрiстiк объектiлер мен өндiріс құралдарын жобалау,
салу және пайдалану кезiнде қойылатын еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғау жөніндегі талаптар
23-1-бап . Техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiк талаптары
6-тарау . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСIЗДІГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ
24-бап . Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі
25-бап . Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы
мемлекеттiк бақылау
25-1-бап . Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және
еңбектi қорғау туралы заңнамасын сақтау жөнiндегi
тексерулер, олардың түрлерi мен нысандары
26-бап . Мемлекеттiк еңбек инспекторы қызметiнiң кепiлi
27-бап . Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгiн
және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы
құқықтары
28-бап . Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғау саласындағы мiндеттерi
29-бап . Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгi
және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы aктiлерi
30-бап . Мемлекеттiк еңбек инспекторының әрекеттерiне
(әрекетсiздiгiне) шағым жасау
31-бап . Мемлекеттiк еңбек инспекторының жауапкершiлiгi
32-бап . Ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
саласындағы қоғамдық бақылау
33-бап . Қызметкерлер өкiлдерiнiң қызметкерлердiң еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарын қорғау
жөнiндегi құқықтары
7-тарау . ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
34-бап . Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және
еңбектi қорғау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
35-бап . Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және еңбек қызметi процесiнде еңбек қауіпсiздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерiн белгілейдi.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) арнаулы киiм - қызметкердi зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардан қорғауға арналған киiм, аяқ киiм, бас киiм, қолғап;
Тармақша 2
2) ауыр қол еңбегi - ауыр заттарды қолмен көтеруге немесе орнын ауыстыруға байланысты қызмет түрлерi не 360 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да жұмыстар;
Тармақша 3
3) еңбек гигиенасы - қызметкерлердiң денсаулығын сақтау, өндiрiстiк ортаның және еңбек процесiнiң қолайсыз әсерiнiң алдын алу жөнiндегi санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешенi;
Тармақша 4
4) еңбек қауiпсiздiгi - еңбек қызметi процесiнде қызметкерлерге зиянды және қауiптi әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген қызметкердiң қорғалу жай-күйi;
Тармақша 5
5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттiктi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 6
6) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) - еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттiктi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi;
Тармақша 7
7) еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мониторингi - өндiрiстегi еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың жай-күйiн қадағалау жүйесi, сондай-ақ республикадағы еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың жай-күйiн бағалау және болжау;
Тармақша 8
8) еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайлары - еңбек процесiнде қызметкердiң жұмысқа қабiлеттiлiгi мен денсаулығына әсер ететiн өндiрiстiк орта мен еңбек процесi факторларының жиынтығы;
Тармақша 9
9) еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де iс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе;
Тармақша 10
10) еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектор - ұйымның кәсiподақ органы, ал ол болмаған кезде қызметкерлердiң жалпы жиналысы тағайындайтын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкiлi;
Тармақша 11
11) еңбектiң қауiпсiз жағдайлары - қызметкерге зиянды және қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi жоқ не олардың әсерiнiң деңгейi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген қауiпсiздiк нормаларынан аспайтын, жұмыс берушi жасаған еңбек жағдайлары;
Тармақша 12
12) жеке қорғану құралдары - қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар;
Тармақша 13
13) жұмыс орны - қызметкердiң еңбек қызметi процесiнде өзiнiң еңбек мiндеттерiн орындау кезiндегi тұрақты немесе уақытша болатын орны;
Тармақша 14
14) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайы - белгiлi бiр өндiрiстiк факторлардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе сырқаттануына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
Тармақша 15
15) зиянды өндiрiстiк фактор - оның әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
Тармақша 16
16) кәсiби ауру - қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауымен байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен туындаған созылмалы немесе қатты ауруы;
Тармақша 17
17) қауiпсiздiк нормалары - қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдық, техникалық, санитарлық-гигиеналық биологиялық және өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамтамасыз ету тұрғысынан өндiрiс жағдайларын, өндiрiс және еңбек процесiн сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткiштер;
Тармақша 18
18) қауiптi (ерекше қауiптi) еңбек жағдайлары - еңбектi қорғау ережелерi сақталмаған жағдайда белгiлi бiр өндiрiстiк факторлардың әсерiн тигiзуi қызметкер денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе жарақаттануына не өлiмiне әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;
Тармақша 19
19) қауiптi өндiрiстiк фактор - әсерiн тигiзуi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе мүлдем айрылуына (еңбек жарақатына немесе кәсiби ауруына) немесе өлiмiне әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;
Тармақша 20
20) қызметкерлер өкiлдерi - қызметкерлерi уәкiлеттiк берген кәсiптiк одақтардың және олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмағанда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған өзге де өкiлдер немесе ұйымдар;
Тармақша 21
21) өндiрiстегi жазатайым оқиға - өзiнiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын орындау кезiнде қызметкердiң жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсiби ауруға шалдығуына не өлiмiне әкеп соқтырған өндiрiстiк фактордың әсерi;
Тармақша 22
22) өндiрiстiк жабдық - машиналар, тетiктер, аппараттар мен өзге де техникалық құралдар;
Тармақша 23
23) өндiрiстiк жабдықтың қауiпсiздiгi - өндiрiстiк жабдықтың өз функцияларын орындауы кезiнде нормативтiк-техникалық және жобалау құжаттамасында белгiленген жағдайларда еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi;
Тармақша 24
24) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндiрiстiк объектiлердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауiпсiздiгiнiң, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жай-күйiн, еңбек гигиенасын айқындау және өндiрiстiк орта жағдайларының еңбектiң қауiпсiз жағдайларына нормативтерiне сәйкестiгiн айқындау мақсатында оларды бағалау жөнiндегi қызмет;
Тармақша 25
25) өндiрiстiк процестiң қауiпсiздiгi - өндiрiстiк процестiң нормативтiк-техникалық құжаттамада белгiленген жағдайларда еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгi;
Тармақша 26
26) өндiрiстiк санитария - зиянды өндiрiстiк факторлардың қызметкерлерге әсерiн болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру ic-шаралары мен техникалық құралдар жүйесi;
Тармақша 27
27) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты берiлген өкiлеттiк шегiнде iске асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Тармақша 28
28) ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс iстейтiн екi және одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен бiр мезгiлде қорғауға арналған техникалық құралдар.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары
2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiлeнce, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, еңбек қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Тармақ 2
2. Жұмыс берушiлер мен қызметкерлер арасында еңбек қатынастары туындаған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнiндегi талаптарды бәрi орындауы міндеттi.
Тармақ 3
3. Жеке еңбек шартында, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсiздiгі және еңбектi қорғау жағдайлары осы Заңда көзделген еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау деңгейiнен төмен болмауға тиiс.
Тарау 2. 2-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
Бап 4. 4-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және қадағалау
4-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және қадағалау
Еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады.
Бап 5. 5-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
5-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдауға;
Тармақша 2
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуге;
Тармақша 3
3) еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды әзірлеу мен жақсарту, қауіпсіз техника мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау, қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын шығару жөніндегі қызметті экономикалық ынталандыру жүйесін құруға және іске асыруға;
Тармақша 4
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мониторингті жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізуге;
Тармақша 6
6) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін белгілеуге;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңдары талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;
Тармақша 8
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға жәрдемдесуге;
Тармақша 9
9) өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан зардап шеккен қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;
Тармақша 10
10) өндірістің және еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы техникалық деңгейінде жойылмайтын ауыр жұмыс үшін және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыс үшін өтемақылар белгілеуге;
Тармақша 11
11) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі жұмыстың отандық және шетелдік озық тәжірибелерін таратуға;
Тармақша 12
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
Тармақша 13
13) еңбек жағдайлары туралы, сондай-ақ өндірістік жарақат, кәсіби ауру туралы және олардың салдары туралы мемлекеттік статистикалық есептілікті ұйымдастыруға;
Тармақша 14
14) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
Тармақша 15
15) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған.
Бап 6. 6-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер
6-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы негізгі принциптер мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
Тармақша 2
2) қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
Тармақша 3
3) қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;
Тармақша 4
4) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
Тармақша 5
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
Тармақша 6
6) уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;
Тармақша 9
9) қызметкерлер өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегi мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау нормаларынан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы.
Бап 7. 7-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттiк нормативтiк талаптар
7-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттiк нормативтiк талаптар
Тармақ 1
1. Еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi мемлекеттік нормативтiк талаптар Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгіленедi және олар қызметкерлердiң еңбек қызметi процесінде өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған қауiпсiздiк талаптарынан, ережелерден, рәсiмдерден және өлшемдерден тұруға тиіс.
Тармақ 2
2. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асырған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi.
Тармақ 3. 8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
құзырет і
3. Мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актiлерді әзірлеуi мен бекiтуінің тәртібiн Қазақстан Республикасының Үкіметi белгілейді.
8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
құзырет і
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
Тармақша 1
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгі бағыттарын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 2
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік бағдарламаны әзiрлеудi және оның орындалуын ұйымдастырады;
Тармақша 3
3) еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды ұйымдастырудың және жүргiзудің тәртібін белгілейді;
Тармақша 4
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау саласында деректер банкiн құра отырып ақпарат берудiң және мемлекеттiк статистика жүргізудiң тәртiбiн айқындайды;
Тармақша 5
5) еңбек қауіпсiздiгі және еңбектi қорғау проблемалары бойынша зерттеулер жүргізудi қамтамасыз етедi;
Тармақша 6
6) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы техникалық регламенттердi бекiтедi
Бап 9. 9-бап. Уәкілетті органның құзыреті
9-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкiлеттi орган:
Тармақша 1
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады;
Тармақша 2
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша зерттеу бағдарламаларын әзірлейді;
Тармақша 3
3) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде мониторинг өткізеді;
Тармақша 4
4) басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердің және жұмыс берушілердің өкiлдерiмен еңбек қауiпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету салаcында үйлестірудi және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт, емдiк-профилактикалық тамақтандыру рациондарын, арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және басқа да жеке қорғану құралдарын беру нормаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
Тармақша 6
6) мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргізеді;
Тармақша 6-1
6-1) жұмыс берушiлердiң ұйымда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нұсқаулықтарды әзiрлеу мен бекiту тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өндiрiстегi жазатайым оқиғаларға дер кезiнде және объективті тергеу жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) еңбектің физиологиялық негізделген нормаларын әзірлейдi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) қызметкерлердi жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, сондай-ақ санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен, емдеу-алдын алу құралдарымен жұмыс берушiлердiң қаражаты есебiнен қамтамасыз етудiң тәртiбiн белгiлейдi;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды орындайды;
Тармақша 13
13) мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi қызметiн үйлестiредi.
Бап 10. 10-бaп. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің құзыретi
10-бaп. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің құзыретi
Аумақтық бөлімшелер:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздiгі және еңбектi қорғау туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) өндiрiстiк жарақаттанудың, кәсiби аурудың себептерiне талдау жүргізедi және олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар әзірлейді;
Тармақша 3
3) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен тергейді;
Тармақша 4
4) уәкiлетті орган бeкіткeн ережелерге сәйкес ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшылар мен адамдардың еңбек қауiпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерi бойынша біліміне тексеру жүргізеді;
Тармақша 5
5) өндірістік мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегі комиссияның құрамына қатысады;
Тармақша 6
6) қызметкерлердiң, жұмыс берушілердің және олардың өкілдерiнiң еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтініштерiн қарайды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын жетiлдiру мәселелерi бойынша кәсіподақтармен және жұмыс берушiлердің бiрлестіктерiмен өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегi іс-шараларды қаржыландыру
11-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегi іс-шараларды қаржыландыру
Еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты мен Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым cалынбаған басқа да көздердің eceбінен жүзеге асырылады. Қызметкерлер бұл мақсатқа шығыстаp шығармайды.
Жұмыс беруші жыл сайын еңбек қауiпсіздігіне және еңбекті қорғауға қажетті қаражат бөледi. Қаражат көлемi жеке және (немесе) ұжымдық шарттарда белгіленедi.
Тарау 3. 3-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГІНЕ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУҒА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПIЛДIКТЕРI
3-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГІНЕ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУҒА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПIЛДIКТЕРI
Бап 12. 12-бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерi
12-бап. Жұмысқа қабылдау кезiндегі еңбек қауiпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдіктерi
Жеке еңбек шартының талаптары Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актілерiнiң талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Азаматтарды олардың денсаулық жағдайына терiс әсер ететiн жұмысқа қабылдауға тыйым салынады.
Қауiптi және зиянды өндiрiстiк факторларды қоса алғанда, жеке еңбек шартында жұмыс орнының шынайы сипаттамасы, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау туралы заңдарында және ұжымдық шартта көзделген осындай жағдайларда жұмыс iстегенi үшiн берiлетін жеңiлдiктер мен өтемақылар көрсетiлуге тиiс.
Еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарға қабылдау кезiнде жұмыс беруші қызметкердi кәсiби аурудың туындау мүмкiндігі туралы ескертуге мiндеттi.
Бап 13. 13-бап. Қызметкерлерді мiндеттi медициналық тексерулер
13-бап. Қызметкерлерді мiндеттi медициналық тексерулер
Тармақ 1
1. Ұйымдарда зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауіптi) және қолайсыз өндiрістiк факторлары бар жұмыстарға, сондай-ақ жер асты жұмыстарына адамдар қабылдауды жұмыс берушi олар алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес денсаулық жағдайына қайшы келмейтiнi айқындалғаннан кейiн жүзеге асыруға тиіс.
Тармақ 2
2. Он сегiз жасқа толмаған адамдар мiндеттi алдын ала медициналық тексеруден өткеннен кейiн ғана жұмысқа қабылданады және одан әрi, он сегіз жасқа толғанға дейiн жыл сайын мiндеттi медициналық тексеруден өтуге тиiс.
Тармақ 3
3. Жұмыс берушi еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерді мерзiмдiк медициналық қаралудан және тексеруден өткiзудi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз қаражаты есебiнен ұйымдастыруға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Қауiптілігі жоғары өндiрiстiк жабдықтармен байланысты жұмыстармен айналысатын қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге тиiс. Ауысым алдындағы медициналық куәландыруды талап ететiн кәсiптердiң тізімін денсаулық сақтау саласындағы уәкілеттi орган айқындайды. Медициналық қаралудан және тексеруден өтуден жалтарған қызметкерлер жұмысқа жіберiлмейдi.
Бап 14. 14-бап. Қызметкерлердің еңбек қызметi процесiндегі еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдiктерi
14-бап. Қызметкерлердің еңбек қызметi процесiндегі еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға құқықтарының кепілдiктерi
Тармақ 1
1. Ұйымдардағы, әрбiр жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
Тармақ 2
2. Ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмысын тоқтатқан уақытқа қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
Тармақ 3
3. Қызметкердің өзiнiң немесе айналадағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қауіп туындаған жағдайда жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптiк және (немесе) материалдық жауапқа тартуға әкеп соқтырмайды.
Тармақ 4
4. Қызметкер жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етілмеген жағдайда жұмыс берушiнiң қызметкерден еңбек мiндеттерiн орындауды талап етуге құқығы жоқ және сол себептен бос тұрып қалған уақытқа орташа жалақысы мөлшерiнде ақы төлеуге тиiс.
Тармақ 5
5. Қызметкер еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда оған келтiрілген зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Қызметкерде еңбек жарақаты, кәсiби ауру немесе зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi салдарынан денсаулығының өзге де зақымдалу белгілерi байқалған жағдайда жұмыс берушi медициналық қорытындының негiзiнде қызметкердi өзiнің келiсiмi бойынша денсаулығына терiс әсерiн тигiзбейтін басқа жұмысқа ауыстыруға тиiс.
Бап 15. 15-бап. Әйелдердiң және жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін қорғау
15-бап. Әйелдердiң және жасы он сегізге толмаған адамдардың еңбегін қорғау
Тармақ 1
1. Ауыр қол еңбегi жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауiптi) жұмыстарда әйелдердiң және жасы он сегiзге толмаған адамдардың, сондай-ақ бұл жұмыстар денсаулық жағдайына терiс әсер ететiн адамдардың еңбегiн пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Әйелдердiң және жасы он сегiзге толмаған адамдардың еңбегiн пайдалануға тыйым салынатын ауыр қол еңбегi жұмыстары мен еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi (ерекше қауіптi) жұмыстардағы өндiрiстердiң, кәсiптердiң тiзiмiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша уәкілеттi орган бекiтедi.
Тармақ 3
3. Жүктi әйелдер медициналық қорытындыға сәйкес орташа айлық жалақысы сақтала отырып, қолайсыз өндiрiстiк факторлары жоқ басқа жұмысқа ауыстырылады.
Бап 16. 16-бап. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулық беру және білiмдерiн тексеру
16-бап. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқыту, нұсқаулық беру және білiмдерiн тексеру
Тармақ 1
1. Қызметкерлердi еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытуды, нұсқаулық берудi, бiлiмдерiн тексерудi жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен жүргiзедi.
Тармақ 2
2. Қызметкерлердi еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытудың, нұсқаулық берудiң, бiлімдерiн тексерудiң тәртiбi мен мерзiмi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Тармақ 3
3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейiннен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша бiлiмдерiн мiндеттi тексеруден өткiзе отырып, жұмыс берушi ұйымдастыратын алдын ала оқытудан мiндетті түрде өтедi. Еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқытудан, нұсқаулық беруден және бiлімдерiн тексеруден алдын ала өтпеген қызметкерлер жұмысқа жіберiлмейдi.
Тармақ 4
4. Өндiрiс ұйымдарының басшы қызметкерлерi мен еңбек қауіпсiздігін және еңбектi қорғауды қамтамасыз ететін жауапты адамдар мезгіл-мезгіл, кемiнде үш жылда бiр рет тиiстi жоғары оқу орындарында немесе мекемелерде бiліктілігін арттыру курстарында еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау мәселелері бойынша оқудан және білімдерiн тексеруден өтуге мiндеттi.
Тарау 4. 4-тарау. ҚЫЗМЕТКЕР МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚOPҒAУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
4-тарау. ҚЫЗМЕТКЕР МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚOPҒAУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
Бап 17. 17-бап. Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтары
17-бап. Қызметкердiң еңбек қауіпсіздiгіне және еңбекті қорғауға құқықтары
Қызметкердің:
Тармақша 1
1) еңбек қауiпсiздiгiне және еңбекті қорғауға;
Тармақша 2
2) жұмыс берушіден ұйымның жұмыс орны мен аумағының сипаттамасы, еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігi мен еңбектi қорғаудың жай-күйі туралы, өмiрге және денсаулыққа төнетiн қауіп туралы, сондай-ақ зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстік факторлардың әсерiнен оны қорғау жөніндeгi шаралар туралы шынайы ақпарат алуға;
Тармақша 3
3) өндiрiстік жарақаттануға, кәсiби ауруға немесе жұмыс қабiлетiн төмендетуге әкеп соқтыруы мүмкiн зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғалған жұмыс oрнына;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарында, сондай-ақ жеке еңбек және ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етілуге;
Тармақша 5
5) өзінің жұмыс орнындағы еңбек жағдайына, қауіпсiздігіне және еңбектi қорғауға тексеру жүргізу туралы уәкілеттi органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне өтiніш жасауға;
Тармақша 6
6) еңбек жағдайларын, қауіпсiздiгін және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi тексеруге және қарауға өкіл ретiнде қатысуға;
Тармақша 7
7) өзiнiң денсаулығына немесе өмiрiне қатер төндіретін жағдай туындаған кезде бұл туралы тiкелей басшыға немесе жұмыс берушінің өкiлiне хабарлай отырып жұмысты орындаудан бас тартуға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен еңбек мiндеттерiн қауіпсіз атқару үшiн қажетті білім алуға және кәсiби даярлыққа;
Тармақша 9
9) шарттық міндеттемелерді, еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқару кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес өтетуге;
Тармақша 10
10) ұйымның жұмысы еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмегендiктен тоқтатылған уақытта орташа жалақысының сақталуына;
Тармақша 11
11) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңсыз әрекеттеріне шағым жасауға құқығы бар.
Бап 18. 18-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттерi
18-бап. Қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттерi
Қызметкер:
Тармақша 1
1) еңбек қауiпсiздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, epeжeлер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға;
Тармақша 2
2) арнаулы киімді, жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өз мақсатында пайдалануға;
Тармақша 3
3) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсіби аурулардың белгілері пайда болғанда жұмыс берушінің қаражаты есебінен міндетті түрде алдын ала, мерзімдік (еңбек қызметі ішінде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өтуге міндетті.
Бап 19. 19-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары
19-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары
Жұмыс берушінің:
Тармақша 1
1) өз өкілеттігі шегінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөнінде актілер шығаруға;
Тармақша 2
2) қызметкерлерден Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi нұсқаулықтарды сақтауды талап етуге;
Тармақша 3
3) жұмыс орындарында қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қосқан үлесі, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі өнертапқыштық ұсыныстары үшін қызметкерлерді көтермелеуге;
Тармақша 4
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзған қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмыстан шеттетуге және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқығы бар.
Бап 20. 20-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері
20-бап. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері
Тармақ 1
1. Жұмыс беруші:
Тармақша 1
1) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) қызметкерлерді ұйымның аумағында және жұмыс орындарында болуы мүмкін зиянды өндірістік факторлар туралы хабардар етуге;
Тармақша 4
4) өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерге профилактика жүргізу, оларды неғұрлым қауіпсізіне ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген қатерді болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға;
Тармақша 5
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерді нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкес, соның ішінде жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде оқытудан және даярлықтан өткізуге;
Тармақша 6
6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және оларды ұйымда өткізуге арнап қаражат бөлуге;
Тармақша 7
7) өз қаражаты есебінен қызметкерді арнайы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын жеке қорғану құралдарымен белгіленген кию мерзімінде қамтамасыз етуге, жеке ұжымдық қорғану құралдарының, арнаулы киімнің өз мақсатында қолданылуын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 8
8) өндірістік процестер мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқамалық өткізуге, қызметкерлерді тиісті нұсқамалық құжаттармен (нұсқаулықтармен, ережелермен, әдістемелік нұсқаулармен) қамтамасыз етуге;
Тармақша 9
9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруден өтуге және уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес ұйымдарда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшылар мен мамандардың білімін тексеруді ұйымдастыруға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсiби аурулардың белгiлерi пайда болған кезде қызметкерлердi мiндеттi түрде алдын ала, мерзiмдiк (еңбек қызметi iшiнде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өз қаражаты есебiнен өткізуге;
Тармақша 11
11) өз қаражаты есебiнен қызметкерлерге қажеттi санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, профилактикалық тазарту құралдарымен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен, медициналық дәрi-дәрмек қобдишаларымен, сүтпен, уәкiлеттi орган белгiлейтiн нормалардан кем болмайтын емдеу-профилактикалық тағамдармен, сондай-ақ арнаулы киiмдi және аяқ киiмдi жөндеумен қамтамасыз етуге;
Тармақша 12
12) уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкiлдерiн, еңбектi қорғaу жөнiндегi қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiне, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының сақталуына тексерулер жүргiзуi үшiн, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды зерттеуi үшiн кедергiсiз өткiзуге;
Тармақша 13
13) уәкiлеттi органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне, қызметкерлердiң өкiлдерiне ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпарат беруге;
Тармақша 14
14) мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын қабылдауға және орындауға;
Тармақша 15
15) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiби ауруларды тiркеудi, есепке алуды және талдауды жүзеге асыруға;
Тармақша 16
16) уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң қатысуымен, өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайларының жай-күйi бойынша мезгiл-мезгiл, кемiнде бес жылда бiр рет аттестаттаудан өткiзуге, сондай-ақ, қайта құрудан, жаңғыртудан өтiп, жаңа техника немесе технология орнатқаннан кейiн мiндеттi аттестаттаудан өткiзуге;
Тармақша 17
17) қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге;
Тармақша 18
18) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тергеудi қамтамасыз етуге;
Тармақша 19
19) пайдаланудағы негiзгi қорлардың бәрiн еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың қолданылып жүрген нормалары мен ережелерiне сәйкес келтіруге;
Тармақша 20
20) қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапкершiлiктi сақтандыруға;
Тармақша 21
21) еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда iстейтiн жұмысшылар мен мамандарды гигиеналық оқытуды (жалпы және кәсiби аурулардың алдын алу мәселелерi бойынша санитарлық минимумды) қамтамасыз етуге;
Тармақша 22
22) авариялық жағдайдың өрiстеп кетуiн және зақым келтiретін факторлардың басқа адамдарға әсерiн болдырмау жөнiнде шұғыл шаралар қабылдауға;
Тармақша 23
23) егер жазатайым оқиға басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiрмейтiн және авариялық жағдайдағы жай-күйге соқтырмайтын болса, өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеу басталғанға дейiн оқиға болған сәттегi жағдайды сақтауға, ал оны сақтау мүмкiн болмаған жағдайда қалыптасқан жағдайды белгiлеп алуға (схемасын жасауға, соның iшiнде суретке, бейнетаспаға түсiрудi пайдалануға);
Тармақша 24
24) өндiрiсте болған топтық (екi және одан да көп адам) жазатайым оқиға, жазатайым ауыр оқиға не кiсi өлiмiне әкеп соқтырған жазатайым оқиға туралы бiр тәулiк iшінде тиiстi мемлекеттiк органдарға хабарлауға;
Тармақша 25
25) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне хабарлауға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Ұйымның қызметi мен жұмыс түрлерiнiң ерекшелiгi, аса жоғары қауіп көздерінің бар болуы ескерiле отырып, жеке еңбек не ұжымдық шарттарда жұмыс берушiнiң қосымша мiндеттерi көзделуі мүмкiн.
Тарау 5. 5-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГIН ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
5-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГIН ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бап 21. 21-бап. Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау қызметі
21-бап. Ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау қызметі
Тармақ 1
1. Қызметкерлер саны елу адамнан асатын өндiрiстiк ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушi еңбек қауіпсіздігi және еңбектi қорғау қызметiн құруға мiндеттi. Еңбек қауіпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi өзiнiң мәртебесi жағынан негiзгi өндiрiстiк қызметтерге теңестiрiледi.
Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi ұйымның қызметi тоқтатылған жағдайда ғана таратылады.
Тармақ 2
2. Қызметкерлер саны елу адамға дейiн болатын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi маманның лауазымын енгiзу туралы шешімдi жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелiгiн ескере отырып қабылдайды не еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мiндеттер қосып атқару үшiн басқа маманға жүктеледi.
Бап 22. 22-бап.
22-бап.
📌 Ескерту. 22-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.12.06. N 209 Заңымен.
Бап 22-1. 22-1-бап. Жұмыс орындарының қауiпсiздiк талаптары
22-1-бап. Жұмыс орындарының қауiпсiздiк талаптары
Тармақ 1
1. Жұмыс орындары орналастырылған ғимараттар (құрылыстар) өзiнiң құрылысы бойынша функционалдық мақсатына және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау талаптарына сәйкес келуге тиiс.
Тармақ 2
2. Жұмыс жабдығы оның осы түрiне белгiленген қауiпсiздiк нормаларына сәйкес келуге, оның тиiстi сақтандыру белгiлерi болуға және жұмыс орындарында қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қоршаулармен немесе қорғаушы құрылғылармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердiң үй-жайдан шығу жолдары бос болуға және қауiпсiз аймаққа шығаруға тиiс.
Тармақ 4
4. Жұмыс сипатына қарай қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн жұмыс орындары тәуекел дәрежесi ескерiле отырып, дәлме-дәл белгiленуге және оларға бөгде адамдардың кiруiн болғызбайтын (шектейтiн) құрылғылармен жарақтандырылуға тиiс.
Ұйым аумағында жаяу жүргiншiлер мен технологиялық көлiк құралдары қауiпсiз жағдайларда қозғалуға тиiс.
Тармақ 5
5. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде (учаскелерде), оның iшiнде биiктiкте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңiз қайраңдарында және iшкi су тоғандарында жұмыстар жүргiзуi үшiн қызметкерлердiң жеке қорғану құралдары болуға тиiс.
Тармақ 6
6. Жұмыс уақытында жұмыс орындары орналасқан үй-жайдағы температура, табиғи және жасанды жарық беру, сондай-ақ желдету қауiпсiз еңбек жағдайларына сәйкес болуға тиiс.
Тармақ 7
7. Жұмыскерлер зиянды еңбек жағдайлары бар (шаң-тозаңдалған, газдалған және басқа да факторлар) жұмысқа жұмыс берушi қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейiн жiберiледi.
Тармақ 8
8. Жұмыс орындарындағы шу және тербелiс деңгейi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сәйкес болуға тиiс.
Тармақ 9
9. Егер еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес еңбек қауiпсiздiгi мен еңбек гигиенасының шарттары талап етсе, жұмыскерлерге демалыс бөлмесi немесе тиiстi демалу аймағы берiлуге тиiс.
Бап 23. 23-бап. Өндiрiстiк объектiлер мен өндiріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезiнде қойылатын еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі талаптар
23-бап. Өндiрiстiк объектiлер мен өндiріс құралдарын жобалау, салу және пайдалану кезiнде қойылатын еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі талаптар
Тармақ 1
1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына жауап бермейтiн өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қайта жаңғыртуға, технологияларды әзірлеу мен пайдалануға, машиналарды, тетiктердi, жабдықтарды және басқа да бұйымдарды құрастыру мен жасап шығаруға жол берiлмейдi.
Тармақ 2
2. Егер жаңадан салынған немесе қайта жаңғыртылатын өндiрiстік объектілер, өндiрiс құралдары немесе өнiмнің басқа да түрлерi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Өндірістік объектілер уәкілетті орган белгiлеген тәртiпке сәйкес еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi түрде мезгiл-мезгiл аттестаттаудан өтуге тиiс.
Тармақ 4
4. Өндiрiстік мақсатта салынған объектіні пайдалануға қабылдауды қабылдап алу комиссиясы мiндеттi түрде мемлекеттік еңбек инспекторының қатысуымен жүргiзедi.
Тармақ 5
5. Мыналарға:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк сынақтан, тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өткiзiлмеген, бекiтiлген үлгiге сәйкес келмейтiн өлшеу құралдарын қолдануға;
Тармақша 2
2) санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес келмейтiн тауарларды, материалдарды, шикiзаттарды қолдануға тыйым салынады.
Бап 23-1. 23-1-бап. Техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiк талаптары
23-1-бап. Техникалық реттеу саласындағы қауiпсiздiк талаптары
Қауiпсiздiк талаптары адам өмiрi мен денсаулығы үшiн өнiмнiң өмiрлiк циклi процестерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында осы Заңның талаптарына сәйкес техникалық регламенттерде белгiленедi.
Тарау 6. 6-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСIЗДІГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ
6-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ҚАУІПСIЗДІГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫН БАҚЫЛАУ
Бап 24. 24-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі
24-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі
Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешендi бағалау, өндiрiстiк жарақаттануды азайту және өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi еңбек қауіпсiздігі және еңбекті қорғау мониторингін ұйымдастырады.
Бап 25. 25-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау
25-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау
Осы Заң мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес уәкiлеттi органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Бап 25-1. 25-1-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын сақтау жөнiндегi тексерулер, олардың түрлерi мен нысандары
25-1-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын сақтау жөнiндегi тексерулер, олардың түрлерi мен нысандары
Тармақ 1
1. Тексерулер мынадай түрлерге бөлiнедi:
Тармақша 1
1) жоспарлы - мемлекеттiк орган жоспарлаған, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, алдыңғы тексерулерге қатысты уақыт аралығы ескерiлiп жүргiзiлетiн тексеру;
Тармақша 2
2) жоспардан тыс - қоғамдық тәртiпке, халықтың денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қатердi дереу жоюды талап ететiн, сондай-ақ өтiнiштерге жедел назар аударуды талап ететiн, қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру.
Тармақ 2
2. Жоспарлы тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгедей көзделмесе, бiр жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жылына бiр реттен, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне қатысты үш жылда бiр реттен жиi болмауға тиiс.
Тармақ 3
3. Жоспардан тыс тексерудi еңбек қауiпсiздiгi және еңбекті қорғау жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшесi жеке немесе заңды тұлғалардың, соның iшiнде мемлекеттiк органдардың өтiнiшi болған, сондай-ақ құжаттармен расталатын өзге де ақпарат алынған жағдайда жүргiзiледi.
Анонимдiк өтiнiштер жоспардан тыс тексеру жүргiзу үшiн негiз болмайды.
Тармақ 4
4. Тексерудiң ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс. Ерекше жағдайларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемi елеулi болғанда мемлекеттiк органның басшысы (не оның орнындағы адам) тексеру жүргiзу мерзiмiн құрылымдық бөлiмшесi жоқ заңды тұлға үшiн күнтiзбелiк жиырма күнге дейiнгi мерзiмге және құрылымдық бөлiмшесi бар заңды тұлға үшiн күнтiзбелiк отыз күнге дейiнгi мерзiмге ұзартуы мүмкiн.
Бап 26. 26-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторы қызметiнiң кепiлi
26-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторы қызметiнiң кепiлi
Мемлекеттiк еңбек инспекторының өз құзыретiне сәйкес қызмет мiндеттерiн орындауына тексеру жүргiзуге жiбермеу, жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы қажеттi құжаттар мен ақпаратты беруден бас тарту түрiнде кедергi жасайтын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Бап 27. 27-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары
27-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы құқықтары
Мемлекеттiк еңбек инспекторларының:
Тармақша 1
1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғаудың жай-күйiне тексеру жүргiзу мақсатында кәсiпорындарға кедергiсiз баруға;
Тармақша 2
2) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуға;
Тармақша 3
3) жұмыс берушiлерден, ұйымдардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының сақталу мәселелерi жөнiнде қажеттi ақпараттар, құжаттар, сондай-ақ түсiнiктемелер алуға;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары талаптарының бұзылуына кiнәлi заңды, лауазымды және жеке тұлғаларға нұсқамалар беруге және әкiмшiлiк жазалар қолдануға;
Тармақша 5
5) қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда, жекелеген өндiрiстердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындары мен жабдықтарды пайдалануды осы бұзушылық жойылғанға дейiн тоқтата тұруға (тыйым салуға);
Тармақша 6
6) жұмыс орындарында Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына жауап бермейтiн арнаулы киiмдi, арнаулы аяқ киiм мен басқа да жеке қорғану құралдарын пайдалануға тыйым салуға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оқытудан, нұсқамадан және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау жөнiндегi ережелердi, нормалар мен нұсқаулықтарды бiлуiн тексеруден, медициналық (алғашқы немесе мерзiмдi) куәландырудан өтпеген, тиiстi арнаулы киiмдi, арнаулы аяқ киiмдi пайдаланбайтын және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын бұзған адамдарды жұмыстан шеттетудi талап етуге;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының бұзылу, жұмыс берушiлердiң мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындамау фактiлерi бойынша ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды тиiстi құқық қорғау және сот органдарына жiберуге;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Бап 28. 28-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мiндеттерi
28-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мiндеттерi
Мемлекеттiк еңбек инспекторлары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын сақтау бойынша дер кезiнде және сапалы тексерулер жүргiзуге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының анықталған бұзушылықтары туралы оларды жою жөнiнде шаралар қабылдау үшiн жұмыс берушiлердi, ұйымдардың басшыларын, лауазымды адамдарды хабардар етуге, кiнәлi адамдарды жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 4
4) ұйымдардың Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын сақтауының жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштерiн жинауды, қорытындылауды, жүйеге келтiрудi және талдауды жүзеге асыруға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге;
Тармақша 6
6) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында бақылауды жүзеге асырған кезде азаматтармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасауға;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылу фактiлерi туралы өз құзыретi шегiнде уәкiлеттi органды және басқа да мемлекеттік органдарды хабардар етуге;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының бұзылу фактiлерi туралы, соның iшiнде жекелеген өндiрiстердiң, цехтардың, учаскелердiң, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуы тоқтатылған (тыйым салынған) кезде материалдар әзiрлеуге және оларды құқық қорғау органдарына жiберуге;
Тармақша 9
9) азаматтардың, ұйымдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi арыздарын, өтiнiштерi мен ұсыныстарын дер кезiнде қарауға;
Тармақша 10
10) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында бiлiктiлiк талаптарына сәйкес қажеттi әзiрлiгi болуға;
Тармақша 11
11) өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде алған мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария етпеуге мiндеттi.
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары, мемлекеттiк еңбек инспекторларының осы бапта тiзiп көрсетілген мiндеттерiнен басқа:
Тармақша 1
1) уәкiлеттi органды Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын бұзу фактілерi туралы хабардар етуге;
Тармақша 2
2) уәкiлеттi орган белгілеген нысанға сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасы талаптарының орындалу жай-күйi туралы ақпаратты жүргiзуге және тоқсан сайын уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
Бап 29. 29-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы aктiлерi
29-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласындағы aктiлерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары талаптарын бұзушылықтың белгiлi болуына қарай, мемлекеттiк бақылау нәтижелерi бойынша құқықтық ықпал ету шараларын қабылдау мақсатында мемлекеттiк еңбек инспекторлары мынадай актiлер шығарады:
Тармақша 1
1) нұсқама:
Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы;
еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлерге аттестаттау жүргізу туралы;
өндiрiстiк объектiлер мен жабдықтарда, сондай-ақ өндiрiстiк процестерде жарақаттану қаупiн және авариялық жағдайлардың туындауын болдырмау үшiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiнде профилактикалық жұмыстар жүргiзу туралы;
жекелеген өндiрiстердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындары мен жабдықтарды және тұтастай ұйымдарды қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына қатер төнген жағдайларда соттың шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге, аталған мерзiмде мiндеттi түрде сотқа талап-арыз өтiнiшiн бере отырып, пайдалануға тыйым салу және тоқтата түру туралы. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейiн немесе соттың шешiмi шыққанға дейiн қолданылады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдары бұзылған жағдайда әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы қаулы.
Тармақ 2
2. Актiлердiң нысандарын, оларды жасау және беру тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк еңбек инспекторларының актiлерiн лауазымды, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
Бап 30. 30-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау
30-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау
Мемлекеттiк инспектордың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органның жоғары тұрған лауазымды адамына немесе сотқа шағымдануы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк еңбек инспекторының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
Шағымдану мемлекеттiк еңбек инспекторлары берген актiлердiң орындалуын тоқтата тұрмайды.
Бап 31. 31-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының жауапкершiлiгi
31-бап. Мемлекеттiк еңбек инспекторының жауапкершiлiгi
Мемлекеттiк еңбек инспекторы лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапты болады.
Бап 32. 32-бап. Ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық бақылау
32-бап. Ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық бақылау
Тармақ 1
1. Ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсiподақ органы тағайындайтын, ал ол болмаған кезде - қызметкерлердiң жалпы жиналысы тағайындайтын еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектор жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Еңбектi қорғау жөнiндегі қоғамдық инспектордың:
ұйымдарда Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын тексерудi жүзеге асыруға;
тексерудiң қорытындысы бойынша еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдардың, келiсiмдер мен ұжымдық шарттар ережелерiнiң анықталған бұзушылықтарын жою туралы лауазымды адамдардың атына ұсыныстар енгiзуге құқығы бар. Лауазымды адамдар анықталған бұзушылықтарды дер кезiнде жоймаған жағдайда материалдарды қарау және оларға ықпал ету шараларын қолдану үшiн уәкiлеттi органға беру туралы ұйымның кәсiподақ органына ұсыныс жасауға;
ұйымның лауазымды адамдарынан қоғамдық инспекторға жүктелген функцияларды орындауға қажеттi тиiстi құжаттар мен өзге де ақпаратты алуға;
өндiрiсте болған жазатайым оқиғаларды тергеу жөнiндегі комиссияға және ұйымдағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеуге қатысуға құқығы бар.
Бап 33. 33-бап. Қызметкерлер өкiлдерiнiң қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарын қорғау жөнiндегi құқықтары
33-бап. Қызметкерлер өкiлдерiнiң қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарын қорғау жөнiндегi құқықтары
Қызметкерлер өкiлдерiнiң:
жұмыс берушiлердiң еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердi сақтауына қоғамдық бақылау жасау арқылы қызметкерлердiң жұмыс берушiлер алдындағы еңбектi қорғауға арналған құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға, жұмыс берушiнiң ұйымдардағы жұмыс орындарында қалыпты еңбек жағдайлары мен техника қауiпсiздiгiн жасауы жөнiнде келiсiмдер, ұжымдық шарттар жасасуға;
өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеуге және еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғаудың жай-күйiне мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүргiзетiн кешендi тексерулерге қатысуға;
жұмыс берушiлерден және ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарынан еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы ақпарат пен түсiнiктеме алуға, соның iшiнде жазбаша түрде алуға;
жұмыс берушiлердiң келiсiмдерде, ұжымдық шарттарда көзделген еңбектi қорғау бөлiгiндегi мiндеттемелердi орындауын тексерудi жүзеге асыруға;
өндiрiстiк объектiлер мен өндiрiс құралдарын сынақтан өткiзу және пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссияның жұмысына қатысуға;
еңбектi қорғау туралы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысуға, өзiнiң ұсыныстарын енгiзуге;
Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының, келiсiмдер мен ұжымдық шарттардың еңбектi қорғау бөлiгiндегі ережелерiнiң бұзылуына, өндiрiсте болған жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды жасыруға кiнәлi жұмыс берушiлер мен ұйымдардың өзге де лауазымды адамдарын жауапқа тарту туралы талаппен тиiстi мемлекеттiк органдарға өтiнiш жасауға;
еңбек жағдайларының өзгеруiне, Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының бұзылуына, келiсiмдер мен ұжымдық шарттар, сондай-ақ жеке еңбек шарттары мiндеттемелерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау бөлiгiнде орындалмауына байланысты еңбек дауларын қарауға қатысуға;
қызметкердiң өтiнiшi бойынша еңбек мiндеттерiн орындаумен байланысты қызметкерлердiң мертiккен немесе денсаулығына өзгедей зақым келтiрген зиянды өтеуге арналған құқықтарын қорғау үшiн және қызметкерлердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтары кемсiтiлген басқа да жағдайларда талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқығы бар.
Тарау 7. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 34. 34-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
34-бап. Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарын бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Бап 35. 35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
35-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енедi.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
"Еңбектi қорғау туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 40-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 23, 931-құжат);
"Еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгізу туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 3, 41-құжат).