О внесении изменения и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу закона, "О лицензировании" Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Алматы қаласының мәртебесі туралы мәселелер жөнінде)" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 15 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Бағалы металдарға байланысты қатынастарды реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 17 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" заң күші бар Жарлығына толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 28 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Акционерлік қоғамдардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылы 28 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
9-баптың 1-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау;";
15-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасау, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру үшін қажетті шарттар жекелеген қару түрлерінің айналымына бақылау жасау туралы заңдармен белгіленеді.";
19-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы заңдармен азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын жасауға, өндіруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға лицензия беруден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.".