Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Амангелді ауданы, Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылы аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,76 гектар жер учаскесіне 1 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Амангелді ауданының Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.