О создании Совета по связям с религиозными объединениями при акимате Целиноградского района Күшін жойған
Басқа 0
Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы 23 қаңтардағы 2001 жылғы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6 мамырдағы 2000 жылғы № 683 «Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» қаулысымен және Ақмола облысы әкімдігінің 11 тамыздағы 2003 жылғы № а-8/2/2 тіркеуін № 1996 «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес құру туралы» қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланы жөніндегі Кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Кеңестің жеке құрамы аудандық мәслихат сессиясының бекітілуіне енгізілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің Ережесі бекітілсін (2 қосымша ).
Тармақ 4
4. Целиноград ауданы әкімінің 2000 жылғы 24 қазандағы № 246, әділет басқармасында 2000 жылғы 4 қаңтарындағы № 424 тіркелген «Целиноград ауданының әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесін құру туралы» шешімнің күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 6. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес ҚҰРАМЫ
1 Қосымша Целиноград ауданы
әкімдігінің қаулысына 2003
жылғы 23.01 № 56
Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес ҚҰРАМЫ
Жанбаев Берік Амантайұлы
Кеңес төрағасы аудан әкімінің орынбасары
Арғымбаев Серік Нығыметұлы
Кеңес төрғасының орынбасары, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Есмүрзина Айгүл Серғазықызы
Кеңес хатшысы, аудан әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бастығы
Кеңес мүшелері:
Түгелбаев Жанат Салкенұлы
аудандық «Призыв-Ұран» газетінің редакторы
Можаева Ольга Ивановна
аудандық білім беру бөлімінің бастығы
Ошағанов Төлеген Қашқынбайұлы
Аудандық еңбек және соғыс ардагерлер Кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Сәрденұлы Абзал
Целиноград ауданының имамы (келісім бойынша)
Бурлаков Федор Иванович
Семеновка ауылындағы Новоапостольский шіркеу филиалының басшысы (келісім бойынша)
Врублевский Геннадий Вацлович
«Христиан-баптистер Евангелисгердің шіркеу» діни бірлестігінің басшысы (келісім бойынша)
Басқа 7
2 қосымша
Бекітілді Целиноград ауданы
әкімдігінің қаулысымен
2003 жылғы 23.01 № 56
Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Целиноград ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) аудан әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және басқа да нормативтік-құқықтық актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз жұмысын ауданның мемлекеттік органдармен, діни және басқа да қоғамдық бірлестіктермен, сонымен қатар республикалық және облыстық ұйымдармен бірлесе отырып жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кеңес шешімдері ұсыныстық сипатқа ие болады.
Тарау 2. 2. Кеңестің мақсаттары, міндеттері және атқарған жұмыстары
2. Кеңестің мақсаттары, міндеттері және атқарған жұмыстары
Тармақ 5
5. Кеңестің мақсаты аудандағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша тұрғындарын дінге сену еркіндігін, рухани келісімді нығайтуды және конфессия аралық қатынастарды үйлестіру құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды дайындау болып табылады.
Тармақ 6
6. Кеңестің негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) Ауданда діннің даму жағдайын қорытындылау, сараптау, және жан-жақты дәйекті түрде зерттеу;
Тармақша 2
2) Ауданда дінге сену еркіндігі туралы заңдардың сақталуы және діннің даму жағдайы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ақпарат беру;
Тармақша 3
3) ауданда тіркелген діни бірлестіктер туралы ақпараттық банк деректерін құрастыру;
Тармақша 4
4) діни бірлестіктер арасындағы өзара келісім мен сыйластықты нығайту және оларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес консультативтік көмек көрсетіп отыру.
Тармақ 7
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерге белгіленген тәртіпке сәйкес төмендегі жұмыстарды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) аудан аумағында құрылған діни бірлестіктер мен шет ел миссионерлерінің жұмыстарын зерттеу;
Тармақша 2
2) ақпараттық-үгіт іс-шараларын жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) азаматтардың дінге сену еркіндігі құқықтарын қамтамасыз ету бойынша аудандағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша консультативтік жұмыстарды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) Ақмола облысының осындай ұйымдарымен байланыстарды орнату және оларды қолдап отыру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдары бойынша Кеңеске жүктелген басқа да жұмыстармен айналысады.
Тарау 3. 3. Кеңес жұмысын ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
3. Кеңес жұмысын ұйымдастыру және жұмыс тәртібі
Тармақ 8
8. Кеңесті аудан әкімі орынбасарларының бірі басқарады.
Тармақ 9
9. Кеңес мәжілістері үш айда бір реттен кем өткізілмейді. Кеңестін кезектен тыс мәжілісі оның төрағасы өз еркімен немесе Кеңес мүшелерінін жалпы санының үштен бірінін талабы бойынша шақырылады.
Тармақ 10
10. Кеңес мәжілісі оған Кеңес мүшелелерінін екіден үш бөлігі қатысқан жағдайда ғана заңды деп саналады. Кеңес шешімі жиналысқа қатысқан Кеңес мүшелерінің көптеген қарапайым дауыстарымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
Тармақ 11
11. Мәселелерді қарастырып, мәжілісті дайындау және Кеңес жұмысына сараптама жасау үшін жұмыс тобын құрады, оны Кеңес мүшелерінің бірі басқарады.
Тармақ 12
12. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша төмендегі құқықтарға ие болады:
Тармақша 1
1) Кеңестің міндеттеріне жататын мәселелері бойынша аудандық басқармалар мен ведомствалардың, діни ұйымдарының ақпараттарын сұрауға;
Тармақша 2
2) заңда белгіленген тәртібі бойынша құжаттар әзірлеуге ғылыми ұйымдарды, тәуелсіз сараптаушылар мен мамандарды қатыстыру;
Тармақша 3
3) Кеңес құзырына қатысты мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 4
4) Кеңес құзырына қатысты мәселелері бойынша түсініктемелер беру;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Тарау 4. 4. Кеңес жұмысын қамтамасыз ету
4. Кеңес жұмысын қамтамасыз ету
Тармақ 13
13. Кеңестің жеке құрамы аудандық мәслихаты сессиясынын шешімімен бекітіледі.
Тармақ 14
14. Кеңес жұмысын оның төрағасы басқарады. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттері төрағаның орынбасарына жүктеледі.
Тармақ 15
15. Кеңес алдынғы қатарлы ауданның конфессиялардың басшыларынан, дінтанушы - ғалымдардан, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлерінен және қоғамдық өкілдерден құралады. Кеңес мүшелері қоғамдық жұмысты тегін атқарады.
Тармақ 16
16. Кеңестін ұйымдастыру - аналитикалық жұмыстардың қамтамасыздандыруын Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Кеңес хатшысы өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін занда белгіленген тәртібі бойынша:
Тармақша 1
1) Кеңестің ұйымдастыру, ақпараттық - сараптау, әдістемелік және басқа да жұмыстардың қамтамасыздандырылуын жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Кеңес қарауына жұмыс тәртібі бойынша, Кеңес мәжілісінде қабылданған және оның төрағасымен бекітілген жұмыстарды ұсынып отырады;
Тармақша 3
3) Кеңес мәжілісінін күн тәртібін құрастырады;
Тармақша 4
4) Кеңес мәжілісінің жұмысын дайындайды, кеңес мүшелерінің бірлесіп жұмыс істеуін ұйымдастырады, іс қағаздарын жүргізеді;
Тармақша 5
5) басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңес жұмысын тоқтату тәртібі
5. Кеңес жұмысын тоқтату тәртібі
Тармақ 18
18. Кеңес өз жұмысын аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.