Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп населения Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қостанай облысы әкімиятының 2002 жылғы 02 мамырдағы № 102 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі нұсқаулық туралы" қаулысына (тіркеу нөмірі 1510) сәйкес Қостанай қаласының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығы бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орыңдарын беретін ұйымдардың тізбесі бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Қостанай қаласы әкімиятының 2003 жылғы 11 ақпандағы № 119 "Халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орыңдарын ұйымдастыру туралы" қаулысының (тіркеу нөмірі 2068, "Қостанай" 2003 жылғы 20 наурыздағы) күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Е.Еруновичке жүктелсін.
Басқа 5
Қостанай қаласы әкімиятының 2004 жылғы 25 ақпандағы № 207 қаулысына 1-қосымша Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы нұскаулык халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін немесе қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуді қаржыландыру тек қана жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын ұйымдардан басқа ұйымдармен есеп айырысу жүйесі мен негізгі талаптарды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдаған қызметкерлерге еңбекақы төлеген шығынын қалалық бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеп, халықтың нысаналы топтарының ішіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен берілетін жұмыс орны;
Тармақша 2
2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген адамдар тобы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарга Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамтамасыз ету және қамсыздандыру туралы заңнамалары тарайды.
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері жөніңдегі уәкілетті орган халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдеседі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмысқа қабылданган жұмыссыздарға еңбекақы шығынын қалалық бюджет қаражаты есебінен ішіпара өтеумен өз қаражатынан қаржыландырылып, жұмыс берушілермен анықталады немесе құрылады.
Тармақ 6
6. "Қостанай қалалық еңбек халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі жұмыс берушілермен әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарына еңбекақы шығынына ішінара өтемді төлеуге қызмет корсету жөнінде шарт жасасады.
Тармақ 7
7. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды және олардың еңбегіне ақы төлеуге белгіленген бюджет тиімді қолдалануды қамтамасыз ету мақсаты каражатын тиімді әкімияты жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен халықтың нысаналы топтарының жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрған немесе берген ұйымдардың тізімін анықтайды.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасымен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуда нысаналы топтарға кіретін күнкөрістері төмен жұмыссыздар басымдық құқыққа ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржылаңдыру талаптары және көздері
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржылаңдыру талаптары және көздері
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа қабылданған жұмыссыздарға еңбекақы толеу жеке еңбек шартының талаптарына сөйкес және орындалған жұмыстың күрделілігі мен сапасына, санына байланысты жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздардың еңбекақысына төленген жұмыс берушілердің шығыны қалалық бюджеттен ең төменгі жалақының 50 пайыз көлемінде алты айға дейінгі мерзімде өтеледі.
Тармақ 12
12. Бюджет қаражатын аудару жөніндегі есеп айырысу жұмыс берушінің есеп шотына жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға қалалық бюджет қаражатынан төленетін еңбекақыға заңнама белгілеген тәртіппен салық салынады.
Тармақ 14
14. Жұмыс берушілер еңбекақыга төлеген шығының қалалық бюджеттен қайтару үшін қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына ай сайын жұмысқа қабылдаған бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытының есеп табелін, еңбекақы есептеу тізбесін, орындалған жұмыстың кесімін беріп отырады. Әлеуметтік жұмысқа қатысушы жұмыссыздарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.
Тармақ 15
15. Жұмыс берушілер қалалық бюджеттен түскен ақшаны әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбекақыға шыққан шығындарын отеуге пайдаланады.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау
Тармақ 16
16. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқауын сақтауға бақылау жасауды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Басқа 28
Қостанай қаласы әкімиятының 2004 жылғы 25 ақпандағы № 207 қаулысына 2- қосымша Халықтың нысаналы топтарына кіретін жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың тізбесі № Ұйымдардың атауы Мекен – жай 1 2 3 1 «Қостанай электржелілері компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 115 2 «Таза жол-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 30 3 «Теркомодақ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қостанай қаласы, Чкалов көшесі, 7-2 4 «Большевичка» ашық акционерлік қоғамы Қостанай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 117 5 Қазақстан Республикасындағы Әділет Министрлігінің Қылмыстық – Атқару Жүйесі Комитеті Басқармасының «Еңбек – Қостанай» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының 4-Филиалы Қостанай қаласы, Киевская көшесі, 46 6 «Эко-Терра-Л» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 240 7 «Агромашхолдинг» ашық акционерлік қоғамының Қостанай филиалы Қостанай қаласы, Промышленная көшесі, 41 8 «Авторемонтная мастерская» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қостанай қаласы, Карбышев көшесі, 30 9 «ЮВАС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қостанай қаласы, Повстанческая көшесі, 36