О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Күшін жойған
Басқа 0
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Басқа 8. Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
2023 жылғы 30 қарашадағы
№ 479-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі
Тармақ 1
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 150 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22683 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-6-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-6-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңның 4-3-бабы 7-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 75 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14886 болып тіркелген) және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.»;
11-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:
«4) жыл сайын, 5 желтоқсанға дейін орталық мемлекеттік органдардан алдағы жылға арналған тақырыптық бағыттардың сұратады.».
Тармақ 3
3. «Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 14 маусымдағы № 209 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23084 нөмірімен тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-3-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме), «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық бюджет есебінен мемлекеттік ақпараттық саясатын жүргізу үшін сатып алынатын бұқаралық ақпарат құралдары көрсететін қызметтерінің құнын алгоритмін айқындайды.»;
осы Қағидаларға қосымша Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізіміне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Басқа 12. Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасы
Өзгерістер мен толықтыру
енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізіміне
қосымша
Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесіне
қосымша
Республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағасы
№
Қызметтердің атауы
Өлшем бірлігі
Базалық бағасы
1
2
3
4
1.
Газетте ақпараттық материалдарды орналастыру (Bn)
см2
400
2.
Журналда ақпараттық материалдарды орналастыру (Bm)
см2
280
3.
Интернет-ресурста ақпараттық материалдарды орналастыру (Bi)
символ
38
4.
Ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Btv)
минута
39 500 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)
5.
Ток шоуды әзірлеу және орналастыру (Btv)
минута
46 250 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)
6.
Ойын сауық шоуын әзірлеу және орналастыру (музыкалық, әзіл бағдарламалары) (Btv)
минута
85 000 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)
7.
Реалити-шоуды әзірлеу және орналастыру (Btv)
минута
72 500 (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)
8.
Телевизиялық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Btv)
минута
60 812* (оның ішінде орналастыру қызметтері 10 000)
9.
Деректі фильмдерді әзірлеу (Btv)
минута
187 500
10.
Бейнероликті әзірлеу (Btv)
секунда
22 000
11.
Сериалды әзірлеу (Btv)
серия
8 000 000
12.
Радиоарнада ақпараттық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру (Br)
минута
20 000
13.
Радиоарнада аудиороликті әзірлеу және орналастыру(Br)
секунда
580
Ескертпе:
* Егер мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру кезінде жанрлар бойынша теледидарлық бағдарламаларды бөлу ескерілмесе, онда теледидарлық бағдарламаларды әзірлеу және орналастыру құны базалық болады (Btv).