Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев либо физических или юридических лиц, оплачивающих проживание иностранца (приглашающая сторона, туроператор) по городу Курчатов Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Курчатов қаласы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) туристік жарнасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 33110 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Курчатов қаласы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор), хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әр тәулік үшін алынатын туристік жарна айлық есептік көрсеткіштің - 0,5 мөлшерінде белгіленген ставка бекітілсін. Орналастыру орындарында шетелдік туристер саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ұлғайған жағдайда туристік жарнаның мынадай мөлшерлемелері қолданылады: бес пайызға дейін – 0,2 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде; бестен он пайызға дейін – 0,3 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде; оннан он бес пайызға дейін – 0,4 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде; он бес пайыздан және одан жоғары – 0,5 айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Курчатов қалалық мәслихатының «Курчатов қаласында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 4 мамырдағы № 3/23-VII (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 69-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.