Об утверждении Положения о капитане морского порта Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Теңіз портының капитаны туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Су көлігі департаменті (А.Б.Асатов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Теңіз және өзен (салалық) сауда портының капитаны туралы уақытша ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 1998 жылғы 10 шілдедегі N 146 бұйрығының (1998 жылғы 3 тамызда N 560 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі Ю.И.Лавриненкоға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Теңіз портының капитаны туралы ереже
"Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы N 55-І бұйрығымен бекітілген Теңіз портының капитаны туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Теңіз портының капитаны туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Теңіз портының капитаны порттың теңіз әкімшілігін (бұдан әрі - ПТӘ) басқарады және өз қызметін Заңға, осы Ережеге, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ заңнамаға сәйкес уәкілетті органның міндетті болып табылатын нұсқауларына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Теңіз порты капитанының өкімі портта орналасқан барлық кемелер, заңды және жеке тұлғалар үшін, олардың ведомстволық тиістілігіне, бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан, міндетті.
Тармақ 4
4. Порттың капитаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 5
5. Теңіз портының капитаны лауазымына кеме жүргізу мамандығы бойынша жоғары білімі (кеме жүргізушінің дипломы) және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар адам тағайындалады.
Тармақ 6
6. Теңіз портының капитанында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бар теңіз порты капитанының мөрі, сондай-ақ жалаушасы болады.
Тарау 2. 2-тарау. Теңіз порты капитанының қызмет саласы
2-тарау. Теңіз порты капитанының қызмет саласы
Тармақ 7
7. Теңіз портының капитанына ПТӘ-нің мынадай қызметтерінің:
Тармақша 1
1) кеменің шығу әзірлігін және теңізде жүзуге жарамды жай-күйде теңізге шығуға рұқсат беруді тексерудің;
Тармақша 2
2) кемелердің портқа келуін және олардың порттан шығуын белгіленген тәртіппен ресімдеудің;
Тармақша 3
3) кеме құжаттарын, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамның тұлғаларына атақ беру дипломдарын, біліктілік куәліктерін, дипломдарының растаулары мен жеңілдікті рұқсаттарды тексерудің;
Тармақша 4
4) кеменің порттан шығуына рұқсат беруге кедергі болатын кемшіліктерді жоюды тексеру мақсатында кемені бақылап тексеруді жүргізудің;
Тармақша 5
5) кемелерді Мемлекеттік кеме тізіліміне кеме кітабына, бербоут-чартерлік тізілімге және жасалып жатқан кемелер тізіліміне енгізу және кеме құжаттарын берудің;
Тармақша 6
6) кемелерге және жасалып жатқан кемелерге, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің кепіліне меншік құқығын және оларға өзге де құқықтарды мемлекеттік тіркеу және кеме құжаттарын берудің;
Тармақша 7
7) «Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 147 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10709 болып тіркелген) Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес авариялық жағдайларды тергеу;
Тармақша 8
8) Заңның 45-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру ережесіне сәйкес кемелерді міндетті лоцмандық алып өтуді белгілеу және лоцмандық қызмет жұмысын бақылаудың;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 361 бұйрығымен бекітілген Кемелердің портқа кіру және олардың порттан шығу, кемелердің порт акваториясы шегінде жүзуі мен портта тұру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10896 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 162 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12193 болып тіркелген) талаптарын сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) порт кіреберістерінде және оның айдыны шегінде кемелердің мұз жарып жол ашуын бақылаудың;
Тармақша 11
11) порт айдынында, кіреберіс каналдарда және фарватерлерде тиісті тереңдікті, навигациялық қоршау құралдары жарамдылығының сақталуын бақылау, сондай-ақ портта кемелердің өту қайраңдығын белгілеудің;
Тармақша 12
12) портта орналасқан кемелерді порт айдыны шегінде апатқа ұшыраған адамдар мен кемелерді құтқаруға қатысу үшін тартудың;
Тармақша 13
13) порт құрылыстарының техникалық жай-күйін және оларды пайдалануды бақылаудың;
Тармақша 14
14) кемелердің порт капитанының иелігіндегі барлық навигациялық және гидрометеорологиялық ақпаратты алуы және олармен қамтамасыз етілуінің;
Тармақша 15
15) теңізге батқан мүлікті көтеруге, сондай-ақ порт айдыны мен аумағы шегінде құрылыстық, гидротехникалық және өзге де жұмыстарды жүргізуге рұқсаттар берудің;
Тармақша 16
16) «Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлікті беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1956 болып тіркелген) Мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлікті беру ережесіне сәйкес мұнаймен ластанудан болатын залал үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлікті берудің;
Тармақша 17
17) радиолокациялық алып өту басталғанға дейін радиолокациялық алып өту тәртібін келісуді;
Тармақша 18
18) Кемелер жүрісін басқару жүйесінің әрекет ету аймақтарындағы кемелер жүрісіне (аймаққа кіру, зәкірге қою, зәкірден алу, айлақтың кіреберісіне келу және арқандап байлау және одан кету, қайта арқандап байлау және тағы басқалар) рұқсат берудің орындалуын қамтамасыз ету жүктеледі.
Тармақша 19
19) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 305 бұйрығымен бекітілген шарттардың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35095 болып тіркелген) сақталуын бақылау және қадағалау.
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 187 бұйрығымен бекітілген Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32248 болып тіркелген) сәйкес суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беруді қамтамасыз ету.
Тармақ 8
8. Теңіз портының капитаны:
Тармақша 1
1) кеменің теңіз портынан шығуына мына жағдайларда: кеменің сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкессіздігі жағдайында; тиеуге, жабдықтауға, экипаж жасақтауға қойылған талаптар бұзылғанда немесе кеменің жүзу қауіпсіздігіне, кемедегі адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін басқа да кемшіліктер, сондай-ақ теңіз ортасына залал келтіру қауіпі болғанда; кеме құжаттарына қойылатын талаптар бұзылғанда; тиісті мемлекеттік органдардың (кеден, шекара органдарының, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық және басқа да органдардың) нұсқамасы болғанда; теңіз порты көрсеткен міндетті қызметтер үшін ақы төленбегенде рұқсат беруден бас тартады;
Тармақша 2
2) кеме құжаттары болмағанда немесе кеме теңізде жүзу қауіпсіздігі талаптарына сай емес деген жеткілікті негіз болғанда кемені тексереді;
Тармақша 3
3) теңізде жүзу қауіпсіздігі саласындағы заңнаманы бұзған тұлғаларды жауапқа тарту туралы өтініш береді;
Тармақша 4
4) белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұлдар салады;
Тармақша 5
5) ПТӘ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
Тармақша 6
6) ПТӘ қызметкерлеріне белгіленген тәртіппен тәртіптік жазалау және оларға қатысты көтермелеу шараларын қолданады.
Тармақ 9
9. Порт капитаны кәсіби машықтарын қалпында ұстау үшін кемелердің экипажы құрамында рейстерге шығуы мүмкін.