Об утверждении перечня международных финансовых организаций и минимального рейтинга для иностранных эмитентов, с облигациями которых банки второго уровня вправе совершать сделки Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының және шетел эмитенттеріне арналған ең төменгі рейтингтің тізбесін белгілеу туралы Күші жойылды - ҚР ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 128 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді) қаулысымен. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағындағы е-1)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Екінші деңгейдегі банктердің мәмілелерді мынадай халықаралық қаржылық ұйымдардың облигацияларымен жүзеге асыруы мүмкін екендігі белгіленсін:
Тармақша 1
1) Халықаралық қайта құру және даму банкі (the International Bank for Reconstruction and Devolopment);
Тармақша 2
2) Халықаралық қаржы корпорациясы (the International Finance Corporation);
Тармақша 3
3) Азия даму банкі (Asian Devolopment Bank);
Тармақша 4
4) Африка даму банкі (the African Devolopment Bank);
Тармақша 5
5) Еуропа қайта құру және даму банкі (the European Bank for Reconstruction and Devolopment);
Тармақша 6
6) Америкааралық даму банкі (the Inter-American Devolopment Bank);
Тармақша 7
7) Еуропа инвестициялық банкі (the European Investment Bank);
Тармақша 8
8) Ислам даму банкі (the Islamic Devolopment Bank);
Тармақша 9
9) Скандинавия инвестициялық банкі ((the Nordic Investment Bank);
Тармақша 10
10) Еуропа кеңесінің даму банкі (the Council of Europe Devolopment Bank).
Тармақ 1-1
1-1. Екінші деңгейдегі банктердің ("Standard & Poor's» немесе»Fitch»рейтинг агенттіктерінің топтастыруы бойынша)»"А-"-дан төмен емес немесе ("Moody's Investors Service" рейтинг агенттігінің топтастыруы бойынша)»"А3"-тен төмен емес шетел эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындығы белгіленсін. Екінші деңгейдегі банктер облигацияларымен мәмілелерді осы тармақта айқындалған деңгейден төмен жүзеге асыра алатын шетел эмитенттерінің рейтингі төмендеген кезде екінші деңгейдегі банктер көрсетілген төмендеу орын алған айдан кейін келетін үш күнтізбелік айдың ішінде өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкес келтіреді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлерінің ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігіне, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың өзін-өзі реттеуші ұйымдарына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға жіберсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Төрағасы