Об утверждении Инструкции о проведении тестирования аттестуемых лиц в области здравоохранения Күшін жойған
Басқа 0
Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушыларды тестілеудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
"Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 60 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласында аттестатталушыларды тестілеудің тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі А.Т.Айдархановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушыларды тестілеудің тәртібі туралы Нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
"Денсаулық сақтау саласындағы
аттестатталушыларды
тестілеудің тәртібі туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы"
2004 жылғы 12 наурыздағы
N 246 бұйрығымен
бекітілген
Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушыларды тестілеудің тәртібі туралы Нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тестілеуді өткізудің мақсаты - медицина және фармацевтика кадрларының кәсіптік құзырлығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын білу деңгейін объективті бағалау.
Тармақ 2
2. Тестілеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және денсаулық сақтауды мемлекеттік жергілікті басқару органдарының аттестаттау комиссиялары (бұдан әрі - аттестаттау комиссиялары) өткізеді.
Тармақ 3
3. Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушылардың білім деңгейін бағалауға арналған тест тапсырмаларын жинақтау мен тестілеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсыну Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына жатады.
Тармақ 4
4. Тестілеу компьютерді немесе сұрақ кітапшаларын пайдалану арқылы өткізілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Тестілеудің дұрыстығы жағдайдың, уақыттың, нәтижелерді санаудың, нұсқаулықтың, тестілеу мазмұнының стандартқа сай келуі арқылы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 6
6. Тестілеу:
Тармақша 1
1) тестілеуге дайындау;
Тармақша 2
2) тестіленушілердің тестіден өтуі;
Тармақша 3
3) нәтижелерді санау сияқты үш кезеңнен тұрады.
Тарау 2. 2. Тестілеуге дайындалу
2. Тестілеуге дайындалу
Тармақ 7
7. Егерде бір мезгілде бірнеше адам тестілеуден өтетін болса, онда тест өтетін бөлме тестіленушілердің жайғасуына ыңғайлы болуы керек. Тест кезінде оған қатысушыларға өтіп жатқан жерді тастап шығуға, сөйлеуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 8
8. Барлық тестілеу материалдары алдын ала дайындалуы және аттестаттаушы комиссия оны тексеруі тиіс.
Тарау 3. 3. Тестіленушілердің тесттен өтуі
3. Тестіленушілердің тесттен өтуі
Тармақ 9
9. Тест тапсырмаларын орындауға 90 минут беріледі. Тест бағдарламасы 100 сұрақтан тұрады.
Тармақ 10
10. Тесті орындауға берілген уақыт біткен соң, бағдарлама автоматты түрде жабылады, ал сұрақ кітапшаларын пайдаланған жағдайда жауаптар парағын толтыруға тиым салынады.
Тарау 4. 4. Нәтижелерді санау
4. Нәтижелерді санау
Тармақ 11
11. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын санау орнатылған компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Нәтижелері принтерде басып шығарылып, тестіден өтушілерге танысу үшін беріледі.Тестілеудің нәтижелерін санауды сұрақ кітапшаларды, дұрыс жауаптардың кодтарын пайдалана отырып 3 сағат ішінде аттестаттаушы комиссия өткізеді. Таныстырылғаннан кейін тестен өтушілер нәтижесі жазылған параққа қол қояды.
Тармақ 12
12. Денсаулық сақтауды жергілікті басқару органдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау басшылардың дұрыс жауаптары 70 пайыздан, ал денсаулық сақтау саласында аттестаттауға жататын адамдардың санатына жататындардікі 50 пайыздан төмен болса өтпеді деп есептеледі. Тестілеуден өте алмағандар аттестатталмаған деп саналады.
Тармақ 13
13. Тестілеу өткен соң тест нәтижелері аттестаттау комиссиясында 3 жыл бойы сақталады. Тестілеу парағының бір данасы аттестатталушының жеке ісінде, ал екінші данасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде немесе денсаулық сақтаудың жергілікті мемлекеттік басқару органдарында сақталады.
Тармақ 14
14. Тестілеу кезінде туындаған даулы мәселелерді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен денсаулық сақтаудың жергілікті мемлекеттік басқару органдары құрған шағым комиссиялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.