Об образовании Комиссии по охране историко-культурного наследия при акимате Есильского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөнінде комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетгік басқару туралы», «Қазақстан республикасының сөулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңдарына сәйкес, Есіл ауданы әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Есіл ауданы әкімдігі жанынан тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Есіл ауданы әкімдігі жанынан құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссияның дербес құрамы аудаңдық мәслихат сессиясында бекітілсін. (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Есіл ауданы әкімдігі жанынан құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия туралы қосымшаланған Ереже бекітілсін (2 қосымша).
Тармақ 4
4. Есіл ауданы әкімдігі жанынан құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссияның қызметін қамтамасыз ететін жұмыс органы болып Есіл аудандық мәдениет бөлімі белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облысы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 6. Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау Комиссияның дербес құрамы.
Аудан әкімдігінің 2004 ж. 15 қантардағы а-1/1 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөнінде комиссия құру туралы» қаулысына 1 қосымша Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау Комиссияның дербес құрамы. Шаяхметов Қабиболла Шаяхметұлы аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Овчинников Владимир Владимирович аудандық мәдениет бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Войтович Валентина Леонидовна ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: Арғымбаев Серік Арғымбайұлы тарихи-өлкетану мұражайының директоры Досанов Әбіләшім Досанұлы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мистриди Константин Георгиевич Есіл қаласының әкімі Михайлова Тамара Васильевна Красногорский пос. «Орион» мәдениет үйінің директоры Цимбал Николай Андреевич архитектура, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы бөлімінің бастығы
Басқа 7
Аудан әкімдігінің 2004 ж. 15 қаңтардағы № а-1/1 «Есіл ауданы әкімдігі жанындағы тарихи мәдени мұраны қорғау жөнінде комиссия құру туралы қаулысына 2 қосымша Есіл ауданы әкімдігі жанынан құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже.
1. Жалпы ереже.
Тармақ 1
1. Есіл ауданы әкімдігі жанынан құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия (бұдан былай - Комиссия) Есіл ауданының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау және күтімін жасау үшін қызмет жасайтын облыстық әкімдік жанындағы кеңес беру-ақылдасу ақылдасу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Ата Заңына және Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы; «Мәдениет туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыстық қызмет туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа Зандарына, Есіл ауданы өкілетті және атқарушы органдарының нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеттері мен өкілеттігі
2. Комиссияның міндеттері мен өкілеттігі
Тармақ 3
3. Комиссия аудандық жергілікті өкілетті және атқару органдардың қарауына ұсыныстар енгізеді:
Тармақша 1
1) тарихи-мәдени мұра нысаңдарын айқындау, есепке алу, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану;
Тармақша 2
2) тарихи-мәдени құндылықтарға республикалық және жергілікті маңызды мәртебе беру;
Тармақша 3
3) табиғат апаты салдарынан объекті қираған немесе тарихи, ғылыми, көркемдік құндылығынан айрылған жағдайда тарихи және мәдениет ескерткіштерін алып тастау, көшіру немесс қалпына келтіру;
Тармақша 4
4) барлық санаттағы ескерікіштердің сақталуына қауіп төндіретін қызметке тыйым салу;
Тармақша 5
5) республикалық және жергілжгі маңызды тарихи және мәдениет ескерткіштер тізімінен объектілерді шығару;
Тармақша 6
6) республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштерді есепке алу, сақтау және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды ауданның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына енгізу жөніндегі шараларды әзірлеу;
Тармақша 7
7) тарихи және мәдени ескерткіш болып табылатын мешекеттік меншіктегі ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру;
Тармақша 8
8) тиісті әкімшілік-аймақтық бірлік аймағында тиянақты жобалау, құрылыс жүргізу және өндеу жобаларын әзірлеген және бекіткен кезде барлық санаттағы тарихи және мәдениет ескерткіштерін зерттеу, сақтау, орындау бойынша шараларды іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 9
9) тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу;
Тармақша 10
10) тарихи және мәдени ескерткіштер бойынша зерттеудің, жобалаудың және қалыпқа келтіру-сақтауға қою жұмыстарының кез-келген түрлерін жасау;
Тармақша 11
11) сәулеттік, қала құрылысы және құрылыстық қызметке тыйым салынатын немесе шектелетін аяда ерекше реттеу шекарасын белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу жатады.
Тармақ 4
4. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте және оның құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша:
Тармақша 1
1) қалада тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтауға байланысты сұрақтар бойынша тиісті органдарға ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) тарихи, археологиялық, сәулеттік құрылыс және ескерткіштерді қайта қалпына келтіру жене пайдалану үрдісінде ұйымдармен консультативтік жұмыс жүргізуге;
Тармақша 3
3) комиссия құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңды және жеке тұлғаларға қажетті ақпарат беруге;
Тармақша 4
4) комиссия отырыстарында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану сұрақтары бойынша жергілікті органдар мен ұйымдардың жауапты өкілдерін, қаланың сараптау және жұмыс топтарының жетекшілерін тыңдауға құқылы.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия отырысы қажет болған жағдайда жүргізіледі және ақылы болып есептеледі, егер оған оның мүшелерінің жалпы санынан 2/3 қатысса.
Тармақ 6
6. Комиссия шешімдері ашық дауыспен қабылданады қабылданған болып есептеледі, егер ол үшін көпшілік дауыс берілсе.
Тармақ 7
7. Дауыстар тең түскен кезде комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссия мүшелері пікір айтуға құқылы, ол айтылған жағдайда жазбаша көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Комиссия отырысының өткізілу қорытындысы мүшелері қол қойған хаттама жасалады. Оған отырыста қаралған барлық құжаттар немесе материалдар қосымша беріледі.
Тармақ 9
9. Комиссияның қызметін қамтамасыз ететін жұмысорганы Есіл аудандық мәдениет бөлімі болып табылады.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімдері ұсыныс ретінде қабылданады.