О создании Совета по связям с религиозными объединениями при акимате Есильского района Күшін жойған
Басқа 0
Есіл ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөнінде Кеңес кұру туралы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 683 «Діни бірлестіктермен байланыс жөнінде Кеңес құру туралы» Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыс жөнінде Кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің персоналды құрамы аудандық Мәслихат сессиясына бекітуге апарылсын (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Қосымшаланған Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы органы болып аудан әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі белгіленсін.
Тармақ 5
5. Есіл ауданы әкімінің 2000 жылғы 17 қазандағы № 1151 «Есіл ауданы әкімі жанынан діни бірлестіктермен байланыс жөнінде Кеңес құру туралы» шешімнің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап күшіне енеді.
Басқа 7. Есіл ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес ҚҰРАМЫ
Есіл ауданы әкімдігінің 2004 жылғы
13 ақпандағы № а-2/29 «Есіл ауданы
әкімдігі жанындағы діни
бірлестіктермен байланыс жөнінде
Кеңес құру туралы» қаулысына қосымша
Есіл ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес ҚҰРАМЫ
Шаяхметов Қабиболла Шаяхметұлы
аудан әкімінің орынбасары, Кеңес төрағасы
Войтович Валентина Леонидовна
ішкі саясат бөлімщің бастығы, Кеңес төрағасының орынбасары
Ахметова Гүлнар Төлеппекқызы
ішкі саясат бөлімінің маманы, Кеңес хатшысы
Комиссия мүшелері:
Ахметов Дулат Нұрланұлы
аудандық ішкі істер бөлімінің рұқсат ету жүйесі инспекторы (келісімі бойынша)
Досанова Роза Әбіләшімқызы
аудандық оқу бөлімінің бастығы
Зілғара Гауһар Қуанышбайқызы
Есіл ауданы прокурорының аға көмекшісі (келісімі бойынша)
Имишева Райхан Алтайқызы
Ақмола облыстық Мүгедектер қоғамының Есілдегі филиалының төрағасы (келісімі бойынша)
Кадыров Шүкірат Қаттабекұлы
Есіл қаласының Қазақстан Мұсұлмандарының діни басқармасы бірлестігі мешітінің имамы (келісімі бойынша)
Клинг Виктор Яковлевну
Киелі Богородица үйі дін қызметшісі (келісімі бойынша)
Мистриди Константин Георгиевич
Есіл қаласының әкімі
Ляпунова Валентина Владимировна
аудандық «Жаңа Есіл» газетінің редакторы
Садриев Роман Фаридович
«Благодать» христиан Шіркеуі діни бірлестігінің уағыздаушысы
Төлеубеков Арман Абайұлы
Қазақстан Республикасы үлтгық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша Департаменті Есіл қалалық бөлімінің қызметкері (келісімі бойынша)
Басқа 8. Есіл ауданы әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Есіл ауданы әкімдігінің 2004 жылғы
13 ақпандағы № а-2/29 «Есіл ауданы
әкімдігі жанындағы діни
бірлестіктермен байланыс жөнінде
Кеңес құру туралы» қаулысына қосымша
Есіл ауданы әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже.
1. Жалпы ереже.
Тармақ 1
1. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес (әрі қарай Кеңес) аудан әкімдігі жанындағы кеңесші-мәжілісті орган болкіп табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Президентінің актілерін, басқа да нормативті құқықты актілерді, сонымен бірге осы Ережені басшылыққа алып отырады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз қызметін мемлекеттік органдармен, діни бірлестіктермен, ауданның басқа да қоғамдық бірлестіктерімен, сонымен бірге облыстық ұжымдармен өз ара бірлесіп жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Кеңес шешімі ұсынымдық мінез ұстайды.
Тарау 2. 2. Кеңес қызметі, мақсаты мен міндеттері.
2. Кеңес қызметі, мақсаты мен міндеттері.
Тармақ 5
5. Кеңес мақсаты азаматтардың діни наным еріктілігін, қоғамдағы рухани келісімін нығайту мемлекеттік саясат мәселелері бойынша ұсыныстары мен кепілдемелерін жасау
Тармақ 6
6. Кеңестің ең басты міндеттері:
Тармақша 1
1) аудандағы діни жағдайларды оның даму тенденцияларын жинақтап қорытып, талдау жасау, жан-жақты және дұрыс оқып үйрену.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын аудандық діни жағдайлар ахуалымен және діни наным еркі туралы заңнаманы сақтауға хабардар етіп отыру.
Тармақша 3
3) аудандағы тіркелген діни бірлестіктер туралы мәліметтер ақпараттар банкісін қалыптастыру.
Тармақша 4
4) діни бірлестіктер арасындағы өз ара түсіністіктер мен төзімділіктерін нығайту және оларға Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес кеңесші көмек көрсету.
Тармақ 7
7. Кеңес заңнама тәртібімен белгіленіп өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) аудан аумағында құрылған діни бірлестіктер мен шет ел миссионерлерінің іс әрекетін оқытуды жүзеге асырады, олар туралы мәліметтер банкісін қалыптастырады.
Тармақша 2
2) ақпаратты-насихаттау ісін жүзеге асырады.
Тармақша 3
3) азаматтардың діни наным еркіне құқығын қамтамасыз ету төңірегінде мемлекеттік саясат мәселелері бойынша кеңес беру жұмысын жүргізеді.
Тармақша 4
4) басқа да аудан, облыстың қатысты ұжымдарымен байланыс белгілеп ұстайды.
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы заңнамасымен өзіне жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3. Кеңес қызметін ұйымдастыру және жұмыс тәртібі.
3. Кеңес қызметін ұйымдастыру және жұмыс тәртібі.
Тармақ 8
8. Кеңес аудан әкімі орынбасарларының бірін басшылыққа алады.
Тармақ 9
9. Кеңес отырысы үш айдан асырылмай бір рет өтіп отырады, Кеңестің кезектен тыс отырысы, Кеңес төрағасының ынтасымен немесе Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігі сұранған жағдайда шақырылады.
Тармақ 10
10. Кеңес отырысы егер оның жұмысына Кеңес мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан жағдайда ғана құқылы болып есептеледі. Кеңес шешімі Кеңес отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс алғанда ғана қабылданады. Дауыстар теңдік алғаннан кейін төраға дауысы шешуші дауыс болады.
Тармақ 11
11. Мәселелерді пысықтауға отырысты дайындауға, сараптама және талдау жұмыстарына Кеңес мүшелерінің біреуінің басшылығымен қызмет ететін жұмыс тобын құра алады.
Тармақ 12
12. Кеңес өзіне жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда белгіленген заңнама тәртібімен мыналарға құқылы:
Тармақша 1
1) Кеңес құзырына кіретін мәселелер бойынша аудандық басқармалар мен ведомстволар, діни ұжымдар ақпараттарын пайдалана алады.
Тармақша 2
2) Құжаттар әзірлеу кезінде белгіленген заңнама тәртібімен дербес сарапшылар мен мамандарды тарта алады.
Тармақша 3
3) Кеңес құзырына қатысты мәселелер мен нормативті құқықты актілер жобасын әзірлеуге қатыса алады.
Тармақша 4
4) Кеңес құзырына қатысты мәселелерге түсінік бере алады.
Тармақша 5
5) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Кеңес қызметінің қамтамасыз етілуі.
4. Кеңес қызметінің қамтамасыз етілуі.
Тармақ 13
13. Кеңес құрамы аудан Мәслихатымен бекітіледі.
Тармақ 14
14. Кеңес жұмысына оның төрағасы басшылық етеді. Төрағасы болмаған жағдайда, оның қызметі төраға орынбасарына жүктеледі.
Тармақ 15
15. Кеңес конфессия жетекшілерінен, оқымысты діндар адамдардан, мемлекеттік басқарма органдары қызметкерлерінен, қоғам өкілдерінен құрылады. Кеңес мүшесі қоғамдық жұмыс негізінде қызмет етеді.
Тармақ 16
16. Кеңестің ұйымдастыру-талдау қызметтерін Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Кеңес хатшысы өзіне жүктелген тапсырмаларды орындау үшін заңнама тәртібімен:
Тармақша 1
1) Кеңес қызметін ұйымдастырып, ақпаратты-талдау, әдістемелі және басқа іс-әрекеттерін жүзеге асырады.
Тармақша 2
2) Жұмыс жоспары бойынша Кеңес қарауына оның отырысында қаралып, төрағасы бекіткен ұсыныстарды апарады.
Тармақша 3
3) Кеңес отырысының күн тәртібін жасайды, құрады.
Тармақша 4
4) Кеңес отырысының жұмысын дайындайды, Кеңес мүшелерінің өз ара іс қимылын ұйымдастырады, іс қағаздарын жүргізеді.
Тармақша 5
5) басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Кеңес қызметінің тоқтау тәртібі.
5. Кеңес қызметінің тоқтау тәртібі.
Тармақ 18
18. Кеңес өз қызметін аудан әкімдігінің қаулысымен тоқтатады.