Об утверждении Правил использования средств резерва акимата Есильского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есіл ауданы әкімдігі резервіндегі қаражатты пайдалану ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 Заңын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 «Қазақстан Респубшікасы Үкіметінің резервіндегі қаражатты пайдалану ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан өкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қосымшаланған Есіл ауданы әкімдігі резервіндегі қаражатты пайдалану ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Есіл ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № а-1/8 «Есіл ауданы әкімінің резерв қорындағы қаражатты пайдалану ережелерін бекіту туралы» қаулысының күші доғарылсын.
Басқа 3
Есіл ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы № а-2/33 «Есіл ауданы әкімдігі резервіндегі қаражатты пайдлану ережелерін бекіту туралы» қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Есіл ауданы әкімдігі резервіндегі қаражатты пайдалану ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже Есіл ауданы әкімдігінің резервтегі қаржысын бөлу және пайдалану тәртібін белгілейді.
Тармақ 1
1. Есіл ауданы әкімдігінің резерві Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сөуірдегі № 357-I «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 13 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 261 Заңымен енгізілген соңғы өзгерістерді ескере отырып, осы қаржыландыру жылына аудандық бюджеттің бекітілген шығындары құрамында аудандық бюджетті жасау кезінде жоспарланбаған және ағымдағы қаржыландыру жылында кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін күтілмеген шығындарды қаржыландыру үшін құрылады.
Тармақ 2
2. Есіл ауданы әкімдігі резервінің құрамы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 13 бабының 1 тармағына сәйкес, Есіл ауданы әкімдігінің міндеттерін жабу үшін Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдары мен мекемелердің табиғи және техногенді түрдегі төтенше жағдайларды және басқа да күтілмеген шығындары үшін сот шешімімен қарастырылған.
Тармақ 3
3. Есіл ауданы әкімдігі резервінің көлемі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының бабының 3 тармағына сәйкес аудандық бюджетке түскен өлшемінің екі пайызынан аспауға тиісті.
Тармақ 4
4. Есіл ауданы әкімдігінің резервінен қаржы бөлу аудандық қаржы бөлімімен аудандық бюджеттің қаржыландырылатын, жылға мақсатпен жұмсауға және несие беруге бекітілген мөшері шегіңде жүзеге асырылады. Қаржыландыру белгіленген заңнамалық тәртіппен, алушының аты-жөні, бөлінген қаражат көлемі және оның пайдаланылу мақсаты, сол сияқты қайтарылу негізімен берілсе, оның берілу шарты мен қайтару мерзімі көрсетілген Есіл ауданы әкімдігінің қаулысын негізге алып жасалады.
Тармақ 5
5. Есіл ауданы әкімдігі резервінің қаражаты мақсатты тағайындалады және осы Ережемен және Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен қаралмаған қажеттерге пайдаланылуға тиісті емес.
Тармақ 6
6. Есіл ауданы әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысын дайындау кезінде мынадай жағдайлар ескеріледі:
Тармақша 1
1) аудандық бюджетте ағымдағы қаржыландыру жылына ассигнованияның болмауы;
Тармақша 2
2) ағымдағы қаржыландыру жылында Есіл ауданы әкімдігі резерві қаражатындағы талап және оның қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттерімен байланысты емес сот шешімімен Есіл ауданы әкімдігінің міндеттерін жабу жағдайының болмауы.
Тармақ 7
7. Есіл ауданы әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы Есіл ауданы әкімдігі қаулысының күші ағамдағы қаржыландыру жылының соңында жойылады. Есіл ауданы әкімдігі резерві қаражатының пайдаланылмаған қалған бөлігі қайтарылып беріледі.
Тармақ 8
8. Табиғи және техногенді түрдегі төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Есіл ауданы әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы өтінішті Есіл ауданы әкім аппараты қарайды. Дәлелді деректер және олардың тізімін Есіл ауданы әкімі аппараты белгілейді. Жергілікті масштабтағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі кезінде Есіл аудан әкімі аппараты аудандық қаржы бөліміне тиісті есептеулері қосымшаланған қаулы жобасын қарауға береді. Құпталған Есіл ауданы әкімдігінің қаулысын төтенше жагдайлар жөніндегі аудандық бөлім белгіленген заңнама тәртібімен Есіл ауданы әкімдігіне бекітуге береді.
Тармақ 9
9. Есіл ауданы әкімдігі аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдары және тиісті мекемелердің міндеттерін жабуды сот шешімі бойынша сот атқару құжаттары болған жағдайда Есіл ауданы әкімдігі резервінің қаражат есебінен қамтиды. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдары және оған тиісті мекемелер сот шешімі бойынша қолданылып жүрген заңнамалармен жағдайда төлем жасауға міндетті, көрсетілген шешімдер барлық сот инстанцияларьшда шағымдалуға тиіс. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдары де оған тиісті мекемелер аудандық қаржы бөліміне шағымданған актілерінің көшірмесін беруге тиіс. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органдары және оған тиісті мекемелер өздерінің занға қайшы актілеріне сол сияқты өздерінің әкімшілік басқару аясындағы лауазымды тұлғалардың заңға қайшы әрекеттеріне «Әкімшілік шығындар» бағдарламасы бойынша оларға бөлінген ақшамен жауап береді. Есіл ауданы әкімдігі аудандық бюджеттен каржыландырылатын атқару органдары және оған тиісті мекемелерінің міндеттерін жабу үшін Есіл ауданы әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы Есіл ауданы әкімдігі қаулысының жобасын белгіленген заңнамалық тәртіппен аудандық қаржы бөлімі дайындайды.
Тармақ 10
10. Жергілікті бюджетті жасау кезінде жоспарланбаған басқа да және ағымдағы қаржыландырылуы жылында кідіріссіз қаржыландыруды қажет ететін күтілмеген шығындарға Есіл ауданы әкімдігі резервінен қаражат бөлу үшін аудандық бюджет бағдарламаларының әкімшіліктері аудандық қаржы бөліміне тиісті негіздері және есептеулеріне сәйкес қаражат бөлу туралы өтініш береді.
Тармақ 11
11. Аудандық бюджет бағдарламаларының әкімшіліктерінің өтініші бойынша дұрыс қортынды берген жағдайда басқа да күтілмеген шығындарға Есіл ауданы әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы Есіл ауданы әкімдігі қаулысының жобасын белгіленген заңнама тәртібімен осы аудандық бюджет бағдарламаларының әкімшіліктері дайындайды.
Тармақ 12
12. Селолық округ әкімдерінің өтініші бойынша дұрыс қорытыңды берген жағдайда басқа да күтілмеген шығындарға Есіл ауданы әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы Есіл ауданы әкімдігі қаулысының жобасын белгіленген заңнама тәртібімен аудандық қаржы бөлімі дайындайды.
Тармақ 13
13. Табиғи және техногенді түрдегі төтенше жағдайларды жоюға және басқа да күтілмеген шығындарды жабуға өтініштерді қарау кезіңде Есіл ауданы әкімдігі резерві қаражатының тиімді бөлінуі мақсатыңда, қаржыландыру жылы ішіндегі Есіл ауданы әкімдігі резервінен күтілмеген шығыңдарға ағымдағы әр тоқсанда бөлінетін табиғи және техногеңді түрдегі төтенше жағдайларды жоюға және басқа да күтілмеген шығындарды жабуға аудандық бюджетте карастырылған жылдық соманьң 25 пайызынан аспауы тиіс. Осыған орай бұрынғы қабылданған Есіл ауданы әкімдігі резервінен табиғи және техногенді түрдегі төтенше жағдайларды жоюға, күтілмеген шығындарды жабуға қаражат бөлу туралы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысы есепке алынады.
Тармақ 14
14. Резервтен кідіріссіз қаржыландыруды талап ететін іс шаралар, міндеттер туындаған жағдайда, ағымдағы қаржыландыру жылында қаржы бөлу, қаржыландырылу жылындағы аудандық бюджетте қарастырылған ассигнования шегінде осы Ережеге сәйкес басымдық тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Егер бюджетті орындау процессінде шығын кірістен асып кетсе немесе бюджетке түсетін түсім айтарлықтай төмендеп кетсе, онда Есіл ауданы әкімдігі Есіл ауданы әкімдігінің резервін жұмсау бойынша секвестірлеу енгізуге құқылы.
Тармақ 16
16. Резервтен бөлінген қаражатты алушылар оларды пайдалануы, орындалған жұмыстарының көлемі жвне құны жөнінде аудандық қаржы бөлімі белгілеген мерзімде жәңе тәртіппен есеп беруі тиіс.
Тармақ 17
17. Аудандық қаржы бөлімі ай сайын Есіл ауданы әкімдігіне резерв қаржысының орындалуы және оның сол кезеңдегі қалдықтары жөнінде ақпарат беріп отырады.
Тармақ 18
18. Резервтен бөлінген қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуына алушы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған тәртіпте жауапкершілік көтереді.
Тармақ 19
19. Есіл ауданы әкімдігінің резервтегі қаржысының мақсатты пайдаланылуын бақылауды аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады.