О комиссии при акимате Акмолинской области по вопросам малого и среднего бизнеса Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» 2002 жылғы 7 тамыздағы № 883 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімдігінің жанынан шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихат сессиясының бекітуіне ұсынылсын. (1-қосымша)
Тармақ 3
3. Қоса беріліп отырған Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін. (2-қосымша)
Тармақ 4
4. Ақмола облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ететін жұмысшы орган болып белгіленсін.
Тармақ 5
5. Аудандардың, Көкшетау мен Степногорск қалаларының әкімдіктері бір ай мерзімде шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияларды құрсын.
Тармақ 6
6. «Ақмола облысы әкімінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № а-9/128 қаулысы және «Ақмола облысы әкімдігінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі № а-9/128 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2003 жылғы 11 сәуірдегі № а-4/115 қаулысы өз күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 8
Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы» 2004 жылғы 23.02. № а-2/43 қаулысына 1-қосымша Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамы 1. Әділбеков Дәурен Зекенұлы - Ақмола облысы, әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы 2. Құсайынова Гүлнәр Қабденқызы - облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары 3. Андабаев Талғат Досымбекүлы - шағын бизнесті дамыту инфрақұрылымы және лицензиялау бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы Комиссия мүшелері: 4. Байзақов Данияр Бөгенбайұлы - Ақмола облысы әкімі аппаратының экономиканы және қаржыны реформалау бөлімінің меңгерушісі 5. Демин Евгений Георгиевич - Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Лотос» ЖШС-нің басшысы (келісім бойынша) 6. Жұмабеков Марат Кабинұлы - «Ақмола облысы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) 7. Добычина Ольга Николаевна - облыстық әділет департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша) 8. Зозуля Наталья Петровна - Ақмола облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) 9. Қазбекова Меруерт Айтқажықызы - «Әйел бастамасын қолдау қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша) 10. Қалиасқарова Тұрсынхан Танымқызы - Ақмола облыстық Сауда-өнеркәсіп палатасының төрайымы (келісім бойынша) 11. Қасенов Ғинаят Әшімұлы - Ақмола облысы бойынша стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы (келісім бойынша) 12. Мәдияров Әбділрахман Советұлы - Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы 13. Оспанов Асылхан Зейноллаұлы - ҚР Ұлттық Банкі Ақмола филиалының директоры (келісім бойынша) 14. Смаилов Жанболат Амангелдіұлы - Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Буландинский каменный карьер» ЖШС-нің басшысы 15. Тақамбаев Мұратбек Шәмілұлы - Ақмола облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары 16. Тәшенов Серікпай Манашұлы - облыстық өнеркәсіп және сауда басқармасының бастығы 17. Титова Ольга Александровна - Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары 18. Үйсінбаев Асқарбек Съезбекұлы - Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
Басқа 9
Ақмола облысы әкімдігінің «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы» 2004 жылғы 23.02. № а-2/43 қаулысына 2-қосымша Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңес органы болып табылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 тамыздағы № 883 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы» қаулысына сәйкес құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнес саласындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 3
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) «Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуына жәрдемдесу;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлер қоғамдық бірлестіктерінің сындарлы бастамаларына қолдау көрсету, әрбір кәсіпкердің экономикалық дамыған мемлекетті құрудағы және облыс азаматтарының әл-ауқатын арттырудағы белсенді өміршең ұстанымын насихаттау;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органдардың кәсіпкерлік қызмет мәселелері жөніндегі шешімдерінің жобаларын бастамашылықпен даярлау және қоғамдық сараптау;
Тармақша 4
4) шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғау жөніндегі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуге, үйлестіруге және іске асыруға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) кредит ресурстарына қол жеткізуді жеңілдету жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін ұсынымдар даярлау;
Тармақша 6
6) әкімшілік рәсімдер мен рұқсаттарды оңайлату мәселелері жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге қатысу;
Тармақша 7
7) шағын және орта бизнесті қолдау өңірлік инфрақұрылымда ұйымдастыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
Тармақша 8
8) ауылда шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақ 4
4. Комиссияға жүктелген міндеттерге сәйкес негізгі функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) шағын бизнестің салалық, кәсіптік және аумақтық одақтарымен, қауымдастықтарымен және бірлестіктерімен, басқа да кәсіпкерлік құрылымдармен өзара іс-әрекет ету;
Тармақша 2
2) шағын және орта бизнес саласында келісілген шешімдер шығару және мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін уәкілетті мемлекеттік органмен, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдауды жүзеге асыратын басқа да мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-әрекетті жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) тиісті мемлекеттік органдар, кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдары өкілдерінің, сондай-ақ кәсіпкерлердің өздерінің қатысуымен тақырыптық отырыстар өткізу;
Тармақша 4
4) жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінің жобаларын даярлау мен шағын кәсіпорындарға, кәсіпкерлердің одақтарына, бірлестіктеріне, қауымдастықтарына ұйымдастыру, қаржылық, материалдық-техникалық көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен шағын және орта бизнес өкілдерін тарту;
Тармақша 5
5) заңнамада белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын бастамашылықпен даярлауды және сараптауды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік, аумақтық және салалық бағдарламаларын әзірлеуге, үйлестіру мен іске асыруды қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 7
7) өңірлердің өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге бағытталған бағдарламаларды іске асыруға қатысу, келісім бойынша оларды орындауға шағын және орта бизнес субъектілерін, олардың бірлестіктерін, одақтары мен қауымдастықтарын қатыстыру;
Тармақша 8
8) Ақмола облысы әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық кесім жобаларын қабылдау кезінде заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және пікірлерін ескеру;
Тармақша 9
9) заңнамада белгіленген тәртіппен Комиссияда жұмыс жасау үшін келісім бойынша ғалымдардың, беделді кәсіпкерлердің, басқару органдары өкілдерінің және басқа да мамандардың ішінен сарапшылар мен консультанттарды тарту;
Тармақша 10
10) заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпкерлердің мүдделерін білдіру және заңды құқықтарын қорғау.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссияны төраға - Ақмола облысы әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 6
6. Комиссияның жұмыс органының функциялары Облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасына жүктеледі.
Тармақ 7
7. Комиссияның жұмыс органы:
Тармақша 1
1) комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
Тармақша 2
2) комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
Тармақша 3
3) комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
Тармақ 8
8. Комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған отырысқа қатысқан комиссия мүшелері қол қояды. Хаттамаға отырыста қаралған барлық құжаттар мен материалдар қосымша ретінде қоса беріледі. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен жай көпшілік дауыспен қабылданады және Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 9
9. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатқа ие.
Тармақ 10
10. Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуға және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.
Тармақ 11
11. Комиссия отырыстарын қажеттігіне қарай шақырады.
Тармақ 12
12. Төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның отырыстарында мүдделі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, кәсіпкерлер мен олардың қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысуы мүмкін.