О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога по Жуалынскому району Күшін жойған
Басқа 0
Жуалы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы
салық режимін қолдану кезінде салық
мөлшерлемесінің мөлшерін
төмендету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жуалы ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4% - дан 2% - ға төмендетілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.