Об отдельных вопросах Управления делами Президента Республики Казахстан Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының жекелеген мәселелері туралы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Шаруашылық басқармасы таратылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 378 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 20, 218-құжат; 2002 ж., N 6, 40-құжат; 2003 ж., N 33, 323-құжат): аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы туралы ереженің 4-тармағында "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Шаруашылық басқармасы," деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1167 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 323-құжат): аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Іс басқармасының құрылымы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 6. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 наурыздағы N 1308 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1167 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Бюджеттік жоспарлау және қаржылық бақылау бөлімі Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Күрделі құрылыс және техникалық бақылау бөлімі Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлім Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі Іс-шараларға қызмет көрсету және сыртқы байланыстар бөлімі Мемлекеттік құпияларды қорғау және кадр жұмысы бөлімі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі.