О повышении ставок платы за негативное воздействие на окружающую среду по области Жетісу Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелерін арттыру туралы Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 576-бабының 8-тармағына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Жетісу облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау (келісім бойынша) облыс әкімінің бірінші орынбасары Ә. Жақанбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Жетісу облыстық мәслихаты 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 11-66 шешімге қосымша Жетісу облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері
Тармақ 1
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: № рет­тік са­ны Ла­ста­у­шы заттар­дың түр­ле­рі 1 тон­на үшін тө­ле­ма­қы мөл­шер­ле­ме­ле­рі (ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш) 1 ки­ло­грамм үшін тө­ле­ма­қы мөл­шер­ле­ме­ле­рі (ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш) 1 2 3 4 1. Кү­кірт ок­сид­те­рі (SOx) 20 2. Азот ок­сид­те­рі (NOx) 20 3. Шаң және­күл 10 4. Қор­ға­сын және оның қо­сы­лы­ста­ры 3986 5. Кү­кірт­су­тек 124 6. Фе­нол­дар 332 7. Кө­мір­су­тек­тер 0,32 8. Фор­маль­де­гид 332 9. Кө­мір­те­гі мо­но­ок­си­ді 0,32 10. Ме­тан 0,02 11. Күйе 24 12. Те­мір то­тық­та­ры 30 13. Ам­ми­ак 24 14. Ал­ты ва­лент­ті хром 798 15. Мыс то­тық­та­ры 598 16. Бенз(а)пи­рен 996,6
Тармақ 2
2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: Р/с № Отын тү­рі Пай­да­ла­ны­л­ған отын­ның 1 тон­на­сы үшін мөл­шер­ле­ме (ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш) 1 2 3 1. Этил­ден­бе­ген бен­зин үшін 0,66 2. Ди­зель оты­ны үшін 0,9 3. Сұй­ы­ты­л­ған, сығ­ы­л­ған газ, ке­ро­син үшін 0,48
Тармақ 3
3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: Р/с № Ла­ста­у­шы заттар­дың түр­ле­рі 1 тон­на үшін тө­ле­ма­қы мөл­шер­ле­ме­ле­рі (ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш) 1 2 3 1. Нит­рит­тар 1 340 2. Мы­рыш 2 680 3. Мыс 26 804 4. От­те­гіне био­ло­ги­я­лық қа­жет­ті­лік 8 5. Тұз­ды ам­мо­ний 68 6. Мұ­най өнім­де­рі 536 7. Нит­рат­тар 2 8. Жал­пы те­мір 268 9. Суль­фат­тар (ани­он) 0,8 10. Өл­шен­ген заттар 2 11. Син­те­ти­ка­лық бет­кі-бел­сен­ді заттар 54 12. Хло­рид­тер (ани­он) 0,2 13. Алю­ми­ний 54
Тармақ 4
4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: Р/с № Қал­дық­тар­дың түр­ле­рі Тө­ле­ма­қы мөл­шер­ле­ме­ле­рі (ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш) 1 тон­на үшін 1 ги­га­бек­ке­рель үшін (Гбк) 1 2 3 4 1. Өн­ді­ріс пен тұ­ты­ну қал­дық­та­рын по­ли­гон­дар­да, жи­нақ­та­уы­штар­да санк­ци­я­лан­ған үй­ін­ді­лер­де және ар­найы бө­лін­ген орын­дар­да көм­ге­ні үшін: 1.1. Осы кесте­нің 1.2-жо­лын­да көр­се­ті­л­ген қал­дық­тар­ды қо­с­па­ған­да, тө­ле­ма­қы­ны есеп­теу мақ­сат­та­ры үшін қа­уіп­ті­лік қа­си­ет­те­рі ес­ке­рі­ле­тін қал­дық­тар: 1.1.1. қа­уіп­ті қал­дық­тар 8,01 1.1.2. қа­уіп­сіз қал­дық­тар 1,06 1.2. Тө­ле­ма­қы­ны есеп­теу мақ­сат­та­ры үшін қа­уіп­ті­лік қа­си­ет­те­рі ес­ке­ріл­мей­тін қал­дық­тар­дың же­ке­ле­ген түр­ле­рі: 1.2.1. Ком­му­нал­дық қал­дық­тар (қат­ты тұр­мыстық қал­дық­тар, кә­р­із­дік та­зар­ту құ­ры­лы­ста­ры­ның тұн­ба­сы) 0,38 1.2.2. Тау-кен өн­ді­ру өнер­к­ә­сі­бі­нің және ка­рьер­лер­ді иге­ру қал­дық­та­ры (мұ­най мен та­би­ғи га­з­ды өн­ді­ру­ден бас­қа): 1.​2.​2.​1 ар­шын­ды жы­ны­стар 0,004 1.​2.​2.​2 жа­на­сқан та­у­жы­ны­ста­ры 0,026 1.​2.​2.​3 бай­ы­ту қал­дық­та­ры 0,02 1.​2.​2.​4 шлак­тар, шлам­дар 0,038 1.2.3. Құ­ра­мын­да пай­да­лы қаз­ба­лар бар кен­ді, кон­цен­трат­тар­ды, аг­ло­ме­рат­тар­ды және ше­кем­та­стар­ды қай­та өң­деу, қо­рыт­па­лар­мен ме­тал­дар өн­ді­рі­сі ке­зін­де ме­тал­лур­ги­я­лық қай­та жа­са­уда тү­зі­ле­тін шлак­тар, шлам­дар 0,038 1.2.4. Күл мен күл­шлак­тар 0,66 1.2.5. Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы өн­ді­рі­сі­нің қал­дық­та­ры, оның ішін­де көң, құс саң­ғы­ры­ғы 0,002 1.2.6 Ра­дио­ак­тив­ті қал­дық­тар: 1.​2.​6.​1. транс­уран­ды 0,76 1.​2.​6.​2. аль­фа-ра­дио­ак­тив­ті 0,38 1.​2.​6.​3. бе­та-ра­дио­ак­тив­ті 0,04 1.​2.​6.​4. Шы­нақ­ты ра­дио­ак­тив­ті көз­дер 0,38
Тармақ 5
5. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 айлық есептік көрсеткішті құрайды.