Об утверждении тарифов для населения на сбор, транспортировку, сортировку и захоронение твердых бытовых отходов по Махамбетскому району Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Махамбет ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Махамбет аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Махамбет ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Махамбет ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері
Махамбет аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 81 шешіміне қосымша Махамбет ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері Атауы Есептік бірлік Теңге (қосылған құн салығынсыз) Жайлы үйлер 1 тұрғын айына 265,40 Жайлы емес үйлер 1 тұрғын айына 285,06 Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф 1 м3 1965,93