Об оплате труда преподавателей и сотрудников Казахского государственного национального университета имени Аль-Фараби Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң оқытушылары мен қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң мәртебесi жөнiндегi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 2, 21-құжат) сәйкес республиканың дербес, жетекшi және iргелi жоғары оқу орны ретiндегi оның мәртебесiн ескере отырып, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық Университетiнiң ғылыми және педагогтық әлеуетiн сақтап қалу мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. 📌 ЕСКЕРТУ. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 665 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 қаулысында : 25-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi" деген сөздер алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 465 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 14, 107-құжат): аталған қаулының 2-қосымшасында: 2-тармақ алынып тасталсын; 3 - 7-тармақтар 2 - 6-тармақтар болып есептелсiн.