Об обьявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33- бабының 2-тармағына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдай министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес және Сауран ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы отырысының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы №8 хаттамасына сәйкес, ШЕШІМ ЕТТІМ:
Тармақ 1
1. 2023 жылдың 14 желтоқсаннан бастап Түркістан облысы Сауран ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Е.Жанғазиев тағайындалсын және осы шешіммен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2023 жылдың 14 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.