О создании Совета по делам инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектер ісі бойынша Кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 б. 1 т. 14-тармақшасына және Ақмола облысының Әділет басқармасында тіркелген Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 28 ақпандағы № ә-2/68 «Мүгедектер ісі бойынша Кеңес құру туралы» қаулысына, мүгедектерді қоғамға біріктіру мен әлеуметтік қорғау, қолдау жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіру мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер ісі бойынша Кеңес мына құрамда 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Мүгедектер ісі бойынша Кеңестің дербес құрамы қалалық мәслихаттың сессиясына енгізілсін.
Тармақ 3
3. Мүгедектер ісі бойынша Кеңес жөніндегі Ереже қоса беріліп отырған бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Н. Филитовичке жүктелсін.
Басқа 5
Степногорск қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 11 ақпандағы
№ ә-2/46
«Мүгедектер ісі бойынша
Кеңес құру туралы»
қаулысына 1 қосымша
Мүгедектер ісі бойынша Кеңестің құрамы
Тармақ 1
1. Филитович Жаннета Николаевна - қала әкімінің орынбасары, төрайымы
Тармақ 2
2. Белоглядова Лидия Петровна - халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы, төрайымының орынбасары
Тармақ 3
3. Колесник Татьяна Алексеевна - ардагерлер, мүгедектер мен табысы аз азаматтар бөлімінің бастығы - хатшысы
Кеңестің мүшелері:
Тармақ 4
4. Садвокасова Гүлнұр Әнуарбекқызы - қалалық білім бөлімінің бастығы
Тармақ 5
5. Ұйтқыбаев Бахытбек Беренұлы - қалалық, денсаулық сақтау бөлімінің бастығы
Тармақ 6
6. Ковцур Иван Павлович - қалалық мәдениет бөлімінің бастығы
Тармақ 7
7. Кропачева Нина Павловна - қалалық жұмыспен қамту орталығының бастығы
Тармақ 8
8. Алмаев Сергей Алексеевич - балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі
Тармақ 9
9. Нұрмағамбетов Мұса Дүйсембекұлы - қалалық мүгедектер қоғамының төрағасы (келісім бойынша)
Тармақ 10
10. Мұхамадиев Станислав Фазылзинович - жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған мүгедектердің «Ерлік» қалалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Тармақ 11
11. Левкина Наталья Викторовна – «Женский луч» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша)
Тармақ 12
12. Решетникова Елена Петровна - Қазақстанның іскерлік әйелдер қауымдастығының Степногорск бөлімшесінің атқарушы директоры (келісім бойынша)
Басқа 18
Степногорск қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 11 ақпандағы
№ ә-2/46
«Мүгедектер ісі бойынша
Кеңес құру туралы»
қаулысымен Бекітілген
Мүгедектер ісі бойынша Кеңес жөніндегі Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы Мүгедектер ісі бойынша Кеңес (бұдан әрі Кеңес) Степногорск қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады. Мүгедектерді және кемтар балаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер қызметінің үйлесімділігі жөніндегі ұсыныстарды дайындау Кеңесті құру мақсаты болып табылады.
Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», Ақмола облысы 2003 жылғы 10 желтоқсандағы № 2167 қалалық мәслихат сессиясының 2003 жылғы 26 қарашадағы № С-2/3 «Степногорск қаласы мен поселкелерде 2003-2005 жылдары мүгедектерді сауықтыру Бағдарламасын бекіту туралы» шешімін, басқа да нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізгі міндеттері және функциялары
2. Кеңестің негізгі міндеттері және функциялары
Тармақ 2
2. Мүгедектердің және кемтар балалардың мәселесімен айналысатын қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылда болу.
Тармақ 3
3. Мүгедектердің жене кемтар балалардың мүгедектігін алдын алу, оңалту, әлеуметтік қорғалуы, білім, кәсіби дайындау, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің үйлесімділігі жөніндегі ұсыныстарды дайындау.
Тармақ 4
4. Мүгедектер жене кемтар балалардың мәселесі бойынша ұсыныстарды дайындау.
Тарау 3. 3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Кеңесті төраға басқарады.
Кеңестің мәжілісі төрағасымен шақырылады немесе оның тапсырмасы бойынша төрағасы орынбасарының қажеттілігіне қарап тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі.
Тармақ 6
6. Кеңестің жұмысын ұйымдастырыуын, сәйкес материалдарды, ұсыныстарды дайындауын, Кеңес хатшысы жүзеге асырады. Кеңес өз қызметін қоғамдық бастамада жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Кеңестің шешімдері ашық дауыспен қабылданады және қабылданған деп есептеледі, егер олар үшін Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе. Дауыстар тепе-теңдігі кезінде Кеңес төрағасы дауыс берген шешім қабылданады.
Тармақ 8
8. Кеңес отырысын өткізу нәтижесі жөніндегі хаттама жасалады, отырысқа қатысқан оның мүшелері қолын қояды. Кеңестің шешімдері ұсыныстық сипатқа ие болады.
Тармақ 9
9. Кеңестің жұмыс органы болып қалалық халықты әлеуметтік қорғау басқармасы табылады.