Об утверждении перечня документов и показателей, необходимых для определения финансового состояния заявителя на осуществление деятельности по организации и проведению тотализаторов и казино Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу қызметін жүзеге асыру үшін өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтауға қажетті құжаттар мен көрсеткіштер тізімін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 қарашадағы «Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» № 1432 қаулысына сәйкес облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысында тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу қызметін жүзеге асыру үшін өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтауға қажетті құжаттар мен көрсеткіштер тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін. Келісілді: Қаржы Вице-Министрінің міндетін атқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің салық комитетінің төрағасы М.Ысқақов 20.02.2004
Басқа 3
Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу қызметін жүзеге асыру үшін өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтауға қажетті құжаттар мен көрсеткіштер тізімін бекіту туралы Ақмола облысы әкімінің 2004 жылғы 09.02. № 8 шешімімен бекітілген Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу қызметін жүзеге асыру үшін өтініш берушінің қаржылық жағдайын анықтауға қажетті құжаттар мен көрсеткіштер тізімі.
Тармақ 1
1. Құжаттар:
Тармақша 1
1) Бухгалтерлік баланс;
Тармақша 2
2) Кірістер мен шығыстар туралы есеп;
Тармақша 3
3) Ақша қозғалысы туралы есеп;
Тармақша 4
4) Ұсынылған қаржылық есептің растығы мен объективтілігі туралы аудиттік есеп.
Тармақша 5
5) Салық төлеушінің салықтар бойынша берешегі жоқ туралы салық органынан анықтама. Ескерту: 1); 2); 3); 4) тармақшалар бухгалтерлік есеп стандарттарына және оларға қатысты берілген әдістемелік ұсыныстарға сәйкес өтініш берілген айдың бірінші жұлдызындағы жағдай бойынша дайындалады.
Тармақ 2
2. Көрсеткіштер: Көрсеткіш Көрсеткішті белгілеу Есеп айырысу формуласы Көрсеткіштің оңтайлы мәні 1) Тәуелсіздік коэффиценті (меншікті капиталдың, автономияның шоғырланы) Кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі меншік капиталының үлесін сипаттайды. Ол бойынша кәсіпорын заем қаражатына қаншалықты тәуелсіз және өз қаражатын реттеуге қаншалықты бейім екендігін анықтайды. Баланс валютасына бөлінген меншікті капитал ≥ 0,5 - 0,6 2. Қаржыландыру коэффиценті Меншікті және тартылған (заем) капиталының ара салмағын сипаттайды. Ол кәсіпорын активтерінің қандай бөлігі өз қаражаты есебінен, қайсысы заем есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді. Тартылған (заем) капиталға (міндеттемелер) бөлінген меншікті капитал ≥ 1 3. Абсолютті өтімділік коэффициент Ағымдағы берешектің қай бөлігі баланс жасалған күні немесе таяу уақытта өтелуі мүмкін екендігін көрсетеді. Ағымдағы міндеттемелерге бөлінген ақшалай қаражаттар ≥ 0,2 - 0,5 4. Ағымдағы өтімділік (жалпы өтеу) коэффициенті Ағымдағы активтер қандай еседе міндеттемелерді өтейтінін және кәсіпорынның төлем қабілетінің тек дебиторлармен уақтылы есеп айырысу және дайын өнімдерді қолайлы сатумен-ғана емес, сондай-ақ материалдық айналым қаражатының басқа да элементтері қажет болған жағдайда сату кезінде бағаланатын кәсіпорынның төлеу мүмкіндіктерін көрсетеді. Ол өтімді қаражаттар ағымдағы (мерзімді және қысқа мерзімді) міндеттемелер сомасын өтейтіндігін анықтауға мүмкіндік береді және сол арқылы баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің ағымдағы міндеттемелері (борыштары) бойынша тез есептесу қабілетін растайды. Ағымдағы міндеттемелерге бөлінген ағымдағы активтер ≥ 2