Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Мамлютского района Северо-Казахстанской области Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (әрі қарай – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2023 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 14/4 шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына (бұдан әрі - Үлгі қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;
Тармақша 6
6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 7
7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;
Тармақша 8
8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 9
9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;
Тармақша 10
10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 11
11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
Тармақша 12
12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
Тармақша 13
13) цифрлық құжаттар сервисі – «цифрлық үкімет» цифрлық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және цифрлық объектілерден алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;
Тармақша 14
14) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесі» болып табылатын цифрлық объект;
Тармақша 15
15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).
Тармақ 3
3. Осы қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы аумағында тұрақты тұратын және тіркелген адамдарға таралады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл (ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет) көрсетіледі, өтініш берілген айдан бастап жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 6
6. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
Тармақша 1
1) дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
Тармақша 2
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;
Тармақша 3
3) әлеуметтік мәні бар сырқатының болуы;
Тармақша 4
4) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы.
Дүлей зілзала немесе өрт салдарынан мүлікке зиян келгенде әлеуметтік көмек меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан зиян тиген мүлік орналасқан жер бойынша көрсетіледі.
Әлеуметтік көмек көрсету және (немесе) адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау үшін жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша көмек түрлерінің тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатымен бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсетілген оқиғалар басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек күнтізбелік жылы бір рет азаматтардың мынадай санаттарына ақшалай төлемдер түрінде тағайындалады:
Тармақша 1
1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
бұрынғы Кеңестік Социалдық Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына – 35 (отыз бес) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде;
1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерге - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілерге – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1986-1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қатығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 2
2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта біліммен кейінгі, жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көп балалы отбасыларына – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 3
3) 26 сәуір - Чернобыль апатын еске алу күні:
1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына - 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 4
4) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) Қорғаныс министрлiгiнің, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттiлер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде;
Тармақша 5
5) 9 мамыр – Жеңіс күні:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әскери етушілерге – 382 (үш жүз секен екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылыс жайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – 382 (үш жүз секен екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының әскерлері мен ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне - 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға - 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистар мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына – 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына – 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына - 16 (он алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) - 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу қүні:
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағында саяси қуғын – сүргіннен тікелей зардап шеккен және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қазақстан Республикасының қазіргі аумағында өздеріне қуғын-сүргіндер қолданылғанға дейін тұрақты өмір сүрген адамдар мына төмендегі жағдайларда танылады:
бұрынғы КСР Одағынан тысқары жерлерде қуғын- сүргіндерді кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
екінші дүниежүзілік соғыс кезінде (жай адамдар мен әскери қызметшілерді) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшін шақырылғаннан кейін қуғын-сүргіндердің қолдануы - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
қуғын-сүргіндерді орталық одақтық органдар: КСР Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, СКРО Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, КСР Одағы Ішкі істер халық комиссариаты - Мемлекет Қауіпсіздігі министрлігі-Ішкі істер мининстрлігі жанындағы айрықша кеңестің, КСР Одағы Прокуратурасы мен КСР Одағы ішкі істер халық комиссариатының тергеу істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешімдері бойынша қолдануы - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
КСР Одағы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының құжаттары негізінде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдарға - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ата–аналарымен бірге немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары танылғандарға - 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
Тармақша 7
7) 1-маусым Балаларды қорғау күні:
Мүгедектігі бар балалар:
жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедектігі бар балаларға - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;
Тармақша 8
8) 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні:
Қазақстанда 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, оларға қуғын-сүргін қолданылғанға дейін қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын құрайтын аумақта тұрақты тұрған адамдарға - 51 (елу бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Тармақ 9
9. Бірнеше санатқа жататын тұлғаға, мереке күндеріне және атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек бір негіз бойынша ғана тағайындалады.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) азаматтарға (отбасыларға), табиғи зілзаланың салдарынан азаматтарға (отбасыларға) не олардың мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, бір мезгілде 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің біріне әлеуметтік көмек көрсету мерзімі өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей;
Тармақша 2
2) Азаматтарға (отбасыларға), өрт салдарынан азаматтарға (отбасыларға) не олардың мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, бір мезгілде 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, тұрғын үй (тұрғын үй құрылысы) иелерінің біріне әлеуметтік көмек көрсету мерзімі өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей;
Тармақша 3
3) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» Мамлют аудандық ауруханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізімдер негізінде туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық емделіп жатқан азаматтарға қосымша тамақтануға – ай сайын 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.
Тармақша 4
4) адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған, диспансерлік есепте тұрған жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25167 болып тіркелген) сәйкес II, II A не IV клиникалық топтағы қатерлі ісігі бар азаматқа мерзімді (бір рет жылына) 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6) 7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы, бірінші, екінші, үшінші топтағы жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі баланы алып жүретін заңды өкілдердің біріне емдеу рәсімдерін қоспағанда, жылына 1 рет тұруға және тамақтануға жұмсалатын нақты шығындар мөлшерінде, бірақ санаторийде берілген құжатты ұсына отырып, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын-курорттық ұйым;
Тармақша 7
7) ақшалай түрде әлеуметтік көмек:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (әрі-қарай Заң) 8 -бабында көрсетілген басқа да тұлғаларға, 1979 жылғы 1 желтоқсан мен 1989 жылғы желтоқсан аралығында Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілерді және қимылдары жүргізілген басқа да елдерді, сондай-ақ Ауғанстан аумағында уақытша болған және Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамына кірмеген бұрынғы КСР Одағының Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің жұмысшылары мен қызметшілерін қоспағанда, жұмыс түрлері мен материалдарын міндетті түрде көрсете отырып, тіс протездеуді жүргізуге лицензиясы бар ұйымнан тіс протездеуді төлегенін растайтын құжаттарды көрсеткен кезде, бағалы металдар мен металл керамикадан, металл акрилден жасалған протездерден басқа, 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспайтын мерзімді (жылына бір рет) тіс протездеудің нақты құнын өтеуге (шарт, фискалдық чек);
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңының 8 -бабында көрсетілген басқа да тұлғаларға, 1979 жылғы 1 желтоқсан мен 1989 жылғы желтоқсан аралығында Ауғанстанға жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілерді және қимылдары жүргізілген басқа да елдерді, сондай-ақ Ауғанстан аумағында уақытша болған және Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамына кірмеген бұрынғы КСР Одағының Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің жұмысшылары мен қызметшілерін қоспағанда, Семей ядролық полигоны аймағында зардап шеккендерге жол жүру фактісі (жол жүру билеті) расталған кезде мезгіл-мезгіл (жылына бір рет) көрсетілген көлік құралдарының бір түрінің жөнелту станциясынан темір жол, автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) емдеуге жатқызу орнына дейін және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша кері қайту жолдамасының нақты құнын өтеуге, электрондық жол жүру билеті, билеттерді төлеу туралы банктік шоттан үзінді көшірме) және құжаттарды ұсыну, жоғарыда көрсетілген санаттардың мәртебесін растайтын құжат негізінде емдеуге жатқызу фактісін куәландыратын (емдеу-профилактикалық мекемеден үзінді және басқалар) ;
- белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікпен амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне енгізілмеген емдеуші дәрігердің рецепті бойынша мамандандырылған емдік тамақтану тағайындалған мүгедек балаларға берілген шот-фактураға сәйкес ай сайын, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын есептік көрсеткіштер;
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңының 8 бабында көрсетілген басқа да тұлғаларға, Заңның 8-бабының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, сондай-ақ, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша Медициналық ұйымның ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасының санаторийлерінде (профилакторияларында) санаторий-курорттық емделу түрінде әзірленген жеке абилитация және оңалту бағдарламасы болмаған жағдайда, бірінші, екінші, үшінші топтағы 7 жасқа дейінгі, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторлық-курортық емдуелуге;
Әлеуметтік көмек жылына бір рет санаторий-курорттық емдеудің нақты құны мөлшерінде, бірақ 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде көрсетіледі, санаторий-курорттық емдеуден өткеннен кейін өтініш пен санаторий-курорттық қызметтердің (шот-фактура, төлем туралы құжат) алынғанын және төленгенін растайтын құжаттар, сондай-ақ үзінді көшірме негізінде көрсетіледі санаторий-курорттық картадан.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға және Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға, ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Осы тармақтың 3) – 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу талап етілмейді.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтыны ескеріле отырып, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
Тармақша 1
1) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға жылына 1 рет.
Тармақша 2
2) жан басына шаққандағы орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) біржолғы.
Тармақ 12
12. Бұл ретте жиынтық табыс «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес есептеледі.
Тармақ 13
13. Әрбір жеке жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
14. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын жергілікті ақтарушы орган айқындайды.
Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.
Тармақ 15
15. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкілі) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға лгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша порталға электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.
Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман «цифрлық үкіметтің» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті цифрлық жүйелеріне Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салулар қалыптастырады.
Цифрлық жүйелерде мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
Тармақша 2
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
Тармақша 3
3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде санамаланған құжаттардың бірі:
дүлей зілзала салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;
әлеуметтік мәні бар сырқатының болу фактісін растайтын құжат.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.
Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелеріне қажетті мәліметтерді алу үшін өтініш берушінің өзі сұрау салады.
Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың цифрлық жүйелерінен келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді өтініш беруші өзінің ЭЦҚ-мен куәландырады.
Тармақ 16
16. Өтініштерді, оның ішінде электрондық өтініштерді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган түскен жұмыс күні ішінде, ал жұмыс күнінен тыс келіп түскен жағдайда – өтініш түскен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні тіркейді.
Осы қағидалардың 6-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе қала, ауылдық округ әкімі өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде учаскелік комиссияға жібереді.
Тармақ 17
17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе қала, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Қала, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттарымен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
Тармақ 19
19. Қажетті құжаттардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің оларды ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді қамтитын деректері негізінде қабылдайды.
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, ауылдық округ әкімінен құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 21
21. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарады, қорытынды оң болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
Тармақ 22
22. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын өтініш берушіні бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетіні туралы хабардар етеді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган тыңдаудың уақыты мен күнін белгілейді, ол:
өтініш берушіні бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы тыңдауға шақыру;
цифрлық жүйелерді пайдалану;
өтініш берушіге өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырады.
Өтініш беруші әкімшілік істі алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде алдын ала шешімге қарсылығын білдіруге немесе айтуға құқылы.
Өтініш беруші өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган, лауазымды тұлға тыңдау хаттамасын жүргізеді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган, лауазымды тұлға өтініш берушіні тыңдау хаттамасымен танысуға мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.
Өтініш беруші танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы.
Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Үлгілік қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 23
23. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіге Үлгілік қағидаларға 5-қосымшаға (бас тартқан жағдайда – Үлгілік қағидаларға 6-қосымшаға) сәйкес әлеуметтік көмек көрсету туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жолдайды.
Егер әлеуметтік көмек көрсетуге өтініште мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірі көрсетілсе, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы автоматты режимде жолданады.
Өтініш берушінің ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаса, әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарламаны басып шығарады және оны өтініш беруші өзі келген кезде береді.
Өтініш портал арқылы берілген болса, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жеке кабинетіне портал арқылы автоматты режимде жіберіледі.
Тармақ 24
24. Мынадай:
Тармақша 1
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
Тармақша 2
2) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;
Тармақша 3
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған;
Тармақша 4
4) уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйесінен әлеуметтік көмек тағайындау, осы негіз бойынша төлемді жүзеге асыруға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтер алынған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылады.
Тармақ 25
25. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің бюджетінде көзделген, ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек көрсету сомаларын аударады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органнан алынған әлеуметтік көмек сомаларын әлеуметтік көмек алушылардың банктік шоттарына аударады.
Әлеуметтік көмекті есептеу және көрсету кезінде тиынмен есептелген барлық сомалар тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дейін дөңгелектеледі.
Тармақ 26
26. Мынадай:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған;
Тармақша 2
2) алушы тұрақты тұру үшін Мамлют ауданынан тыс жерге кеткен;
Тармақша 3
3) алушы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарына тұруға жіберілген;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің анық еместігі анықталған;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болмай қалғаны туралы мәліметтер анықталған жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасы осы қағидалардың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Тармақ 27
27. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
Тармақ 28
28. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Тармақ 29
29. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын белсенді азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.
Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.
Тармақ 30
30. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне бастама жасайды.
Тармақ 31
31. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылдаған әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім негізінде мемлекеттік корпорация:
біржолғы төлемдер бойынша күн сайын;
ай сайынғы және тоқсан сайынғы төлемдер бойынша төлем жасалатын айдың алдындағы айдың 27-і күні әлеуметтік көмек төлеу үшін бюджет қаражатына сұранысты қалыптастырады.
Тармақ 32
32. Сұраныс қалыптастырылғаннан кейін мемлекеттік корпорация келесі жұмыс күнінен кешіктірмей әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім жібереді.
Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомасы туралы өтінім түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік корпорацияға әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімде көзделген сома шегінде ақшалай қаражат аударады.
Айдың 27-і күнінен кейін түскен әлеуметтік көмек төлеуге сұраныс сомалары туралы өтінімдер бойынша ақшалай қаражатты әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі айдың 1-і күнінен кейін мемлекеттік корпорацияға аударады.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік корпорация трансферттер түскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде төлем кестесіне сәйкес төлем тапсырмаларын қалыптастырады және алушылардың банктік шоттарына төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 34
34. Әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан әлеуметтік көмек сомасы қайтарылған кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымнан мәліметтер алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде цифрлық жүйеге тиісті өзгерістер енгізеді.
Тармақ 35
35. Мемлекеттік корпорация ағымдағы айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік корпорацияның шотына түскен әлеуметтік көмектің артық есептелген (төленген) сомаларын әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға аударады.
Тармақ 36
36. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Басқа 2. Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының
2023 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 14/4 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы мәслихатының күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3844 болып тіркелді).
Тармақ 2
2. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 11/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4006 болып тіркелді).
Тармақ 3
3. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2017 жылғы 20 шілдедегі № 17/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4286 болып тіркелді).
Тармақ 4
4. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 «Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 5 қазандағы № 34/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4961 болып тіркелді).
Тармақ 5
5. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 «Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 55/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5568 болып тіркелді).
Тармақ 6
6. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 «Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 26 ақпандағы № 64/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6059 болып тіркелді).
Тармақ 7
7. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 «Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2020 жылғы 10 маусымдағы № 72/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6355 болып тіркелді).
Тармақ 8
8. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 «Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 12 ақпандағы № 2/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7135 болып тіркелді).
Тармақ 9
9. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 «Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу және Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылған деп тану туралы» 2021 жылғы 25 қарашадағы № 13/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25480 болып тіркелді).
Тармақ 10
10. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 «Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2022 жылғы 17 наурыздағы № 19/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27283 болып тіркелді).
Тармақ 11
11. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 «Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2023 жылғы 12 мамырдағы № 4/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7499-15 болып тіркелді)