О координационном совете по охране прав детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей Күшін жойған
Басқа 0
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17-ші желтоқсандағы «Неке және жанұя туралы», 1999 жылғы 7-ші маусымдағы «Білім туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22-ші желтоқсандағы № 1882 «Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар санынан, білім беру мекемелерінің түліктерін, тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету туралы» қаулысын жүзеге асыру, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың құқықтары мен мүдделерін әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі үйлестіруші кеңес ұйымдастырылсын (Бұдан әрі - Кеңес).
Тармақ 2
2. Кеңестің қоса берілген Ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Кеңестің жеке құрамы заңама белгіленген ретте аудан мәслихатының бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Мардановаға жүктелсін.
Басқа 5. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Аудан әкімдігінің 2004 жылғы
19-ші ақпандағы «Ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған және жетім
балалардың құқықтарын қорғау
жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы»
№ 41/3 қаулысымен бекітілген
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі үйлетіру кеңесі көрсетілген санаттағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелермен айналысатын консультациялық-кеңестік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Елбасының және Үкіметінің актілеріне, облыс әкімі және облыс әкімдігі актілеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерген және осы Ережеге сай жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Кеңес құрамы мәслихат сессиясының шешімімен бекітілді.
Тарау 2. 2. Кеңес мәселелері мен қызметтері
2. Кеңес мәселелері мен қызметтері
Тармақ 4
4. Кеңестің негізгі мәселелері мен қызметтері болып табылады:
Тармақша 1
1) Заңдылықпен белгіленген тәртіпке облыстың атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар мен ата-аналарының қайтыс болуына, олардың құқықтарының шектелуіне және айрылуына, науқастануына немесе ұзақ уақыт болмауына, балаларды тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, соның ішінде өз балаларын тәрбие, сауықтыру және сол сияқты мекемелерден алуға бас тартуына байланысты және басқа да ата-аналық қамқорлық жоқ жаңдайда байланысты және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың қызметін үйлестіруін қамтамасыз ету:
Тармақша 2
2) жетім-балаларға әлеуметтік қорғау және көмек көрсету жұмыстарын үйлестіру, олар туралы директор банкінін жасау және жүргізу, балалар үйлері түлектері үшін облыстың түрлі меншіктегі кәсіпорындарында жұмыс орындарын ашуға қолғабыс жасау, әрі қарай оқуына немесе жұмысқа орналасуына бақылау жасау;
Тармақша 3
3) ата-анасының қамқорлығынсыз және жетім қалған балардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік орган басшыларының есеп берулерін қабылдау.
Тарау 3. 3. Кеңес жұмысының ұйымдастырылуы
3. Кеңес жұмысының ұйымдастырылуы
Тармақ 5
5. Кеңесті төраға-аудан әкімінің орынбасары басқарады.
Тармақ 6
6. Төраға Кеңес жұмысының ұйымдастырады және оның қызметіне басшылық етеді, Кеңестің өз қызметтерінің және оған жүктелген мәселелерінің орындалуына дербес жауыпты болады, өз құзыреті шегінде барлық Кеңес мүшелерінің, қала, аудан әкімдерінің орындалыуны міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар береді.
Тармақ 7
7. Кеңес жұмысын жоспарға сай атқарады.
Тармақ 8
8. Кеңес отырыстары тоқсанда кем дегенде бір рет өткізіледі.
Тармақ 9
9. Кеңес отырыстары төраға немесе оның орынбасарының басшылығымен өткізіледі және Кеңес мүшелерінің жартысының көбі болған жағдайда құқылы деп саналады.
Тармақ 10
10. Кеңес отырыстары хаттамаларменг рәсімделеді. Қажетті жағдайларда қараудағы мәселелер бойынша шешімдер Кеңес отырысындағы мүшелер даусының көпшілігімен және ұсыныстық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда шешуші дауыс Кеңес төрағасына беріледі.
Тарау 4. 4. Кеңестің жойылуы
4. Кеңестің жойылуы
Тармақ 11
11. Кеңестің жойылуы заңнама белгіленген ретте жүзеге асырылады.