Об утверждении Инструкции по разработке типовых Правил о государственном заказе, выполняемом за счет средств государственного бюджета Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.11.06. № 1675 қаулысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1999 жылға арналған мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларын бекіту туралы" 1998 жылғы 4 тамыздағы N 737 қаулысының 1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу кезінде осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын.
Тармақ 2-1
2-1. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi-мемлекеттiк мекемелер республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен орындалатын Мемлекеттiк тапсырыс туралы ереженi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгімен келiсетiн болсын. 📌 ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.17. N 1169 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі Нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1314 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі Нұсқаулық Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын мемлекеттік тапсырыс туралы үлгі ережелерді әзірлеу жөніндегі осы Нұсқаулық орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленді. Ережені әр бағдарлама (кіші бағдарлама) үшін әрбір орталық және жергілікті мемлекеттік органдар дербес әзірлейді. Ереже мынадай тарауларды қамтуы тиіс:
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауын, аталған бағдарламаның (кіші бағдарламаның) қажеттілігі мен дамуын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге сілтемелерді қамтиды.
Тарау 2. 2. Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) мазмұны
2. Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) мазмұны
Тармақ 2
2. Аталған бағдарламаның (кіші бағдарламаның) орындалуын қамтамасыз ететін қаржыландыру кезiнде қолданылатын әрбiр бағдарлама бойынша, есеп айырысу принциптерiнiң түрлері бойынша қажетті барлық шаралардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің сипаттамасын қамтиды. 📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді және толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.17. N 1169 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Егер аталған бағдарламаның (кіші бағдарламаның) орындалуы бірнеше жылға есептелсе, онда шаралардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердің сипаттамасы жылдар бойынша бөлу арқылы ұсынылады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
3. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру
Тармақ 4
4. Осы тарау мемлекеттік сатып алу туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес әзірленеді.
Тармақ 5
5. Жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырыс конкурстық негізде орналастырылады.
Тармақ 6
6. Осы тарау, есепке алынатын, тапсырысшы конкурсқа (тендерге) қатысушыларға қоятын шарттар мен талаптарды, тапсырысшы конкурстық тапсырыстың жеңімпазын анықтау кезінде ескеретін өлшемдердің тізбесін көздейді. Осы тарауда айтылуы тиіс негізгі шарттар мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) тапсырысты орындаушы конкурсқа мынадай ақпаратты қамтитын өтінімді тапсырады: тапсырысты орындаушының біліктілік мүмкіндіктерін растайтын құжаттар; орындалатын жұмыстардың, қызмет көрсетулердің, орындауға жататын қосымша қызмет көрсетулердің техникалық және сапалық сипаттамалары, көлемі, жұмыстардың қызмет көрсетулердің орындалу мерзімдері; жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындауға арналған шығыстардың сметасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейтін әдістемелер мен нысандар бойынша экономикалық жіктеудің әр ерекшелігі бойынша есептемелер;
Тармақша 2
2) мемлекеттік орган тапсырылған құжаттаманың белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексереді, шығыстардың сметасы мен тиісті есептемелер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіледі;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тапсырыстарды орындауға қатысушы қызметкерлерге еңбекақы есептеу мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Тарау 4. 4. Мемлекеттiк тапсырысты атқарудың өлшемдерi
4. Мемлекеттiк тапсырысты атқарудың өлшемдерi
Тармақ 7
7. Бұл тарауда мемлекеттік тапсырыстың сапалы орындалуының көрсеткiштерi болып табылатын өлшемдер көрсетiледi. 📌 ЕСКЕРТУ. Жаңа 4-бөліммен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.17. N 1169 қаулысымен.