Об объявлении чрезвычайной ситуации Күшін жойған
Басқа 0
Төтенше жағдай жариялау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" , "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" заңдарын басшылыққа ала отырып, елді мекендерді, шаруашылық объектілерін, гидротехникалық құрылғыларды су басу қаупін жою және дүлей зілзалалардың алдын алу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жайық, Шаған, Деркөл, Утва, Өлеңті, Қалдығайты, Үлкен және Кіші Өзен бойымен қар суы жүруіне байланысты жағдай төтенше деп жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия, Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы тұрғындар мен аймақты төтенше жағдай салдарларынан қорғау және жою үшін ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдырсын, құтқару және апаттан қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырсын, қажет болған жағдайда тұрғындарды су басқан жерлерден уақытша қоныс аударсын.
Тармақ 3
3. Аудандар мен Орал қаласының әкімдері су қоймаларының, елді мекендердің және шаруашылық объектілерінің қорғаныс дамбаларын бекіндіру жөнінде шұғыл шаралар кешені жүргізілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. П. Качалоға жүктелсін.