О мерах по регулированию численности волков и одичавших собак Күшін жойған
Басқа 0
Қасқырлар және тағыланған
иттер санын реттеу
жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі «Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы» № 1230 қаулысын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 27 бабын орындауға орай, облыс аумағында қасқырлар мен тағыланған иттер санының едәуір өсуін, олардың үй және жабайы жануарлар басына келтіретін шығындарын ескере отырып және Қарағанды облысы аумағында жануарлар мен адамдардың құтыру ауруымен сыртқаттануына жол бермеу жөніндегі шараларды орындау мақсатында Қарағанды облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы (А.Б. Яковлев) облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасымен (А.П. Бербер келісім бойынша) бірлесе отырып:
Тармақша 1
1) Аң аулаушылармен бірлесе отырып, қасқырлар мен тағыланған иттер санын есепке алу және реттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;
Тармақша 2
2) Қасқыр бөлтірігін аулаушылардың қажетті көлігі мен құрал-жабдығы бар арнаулы бригадасын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
Тармақша 3
3) Қарағанды облысы аумағында ауланған қасқыр терісін қабылдау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Келесі сыйақы мөлшері белгіленсін (тері ақысының құнынсыз):
Әрбір ауланған қасқыр үшін – 3000 тенге
Әрбір ауланған бөлтірік үшін – 1000 тенге
Тармақ 3
3. Табиғатты қорғау шараларының Қарағанды облыстық басқармасы (А.Г. Бологов) жыл сайын бюджеттік тапсырыста қасқырлар мен тағыланған иттер санын реттецу, аңшылардың сыйақы төлемдерін төлеу жөніндегі шығындарын заңмен белгіленген тәртіп бойынша қарастыру үшін қарастырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Т. Тұңғышбековке жүктелсін.