Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат Мойынкумского районного маслихата" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мойынқұм аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Мойынқұм аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың қоса беріліп отырған әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. "Мойынқұм аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Мойынқұм аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №14-6 шешіміне қосымша "Мойынқұм аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы "Мойынқұм аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді – "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Үлгілік әдістемесі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) (бұдан әрі - Үлгілік әдістеме) және "Мойынқұм аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) Жоғары тұрған басшы – бағаланатын қызметшінің тікелей басшысы оған қатысты тікелей бағынысты адам;
Тармақша 2
2) тікелей басшы – мемлекеттік қызмет бойынша жоғары тұрғанлауазымға қатысты мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес тікелей бағынысты адам;
Тармақша 3
3) бағалаушы тұлға-мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігіне байланысты тікелей басшы және / немесе жоғары тұрған басшы, сондай-ақ 360 әдісімен бағалау кезінде бағаланатын адамның жұмыс ортасынан шыққан адамдар тобы;
Тармақша 4
4) Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысы – Е-2 санатындағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;
Тармақша 5
5) "Б" корпусының қызметшісі – Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысын қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымын атқаратын адам;
Тармақша 6
6) бағаланатын адам - Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысы немесе "Б" корпусының қызметшісі;
Тармақша 7
7) түйінді нысаналы индикаторлар (бұдан әрі – НМИ) – Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысы үшін белгіленетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына қол жеткізуге бағытталған не мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған көрсеткіштер;
Тармақша 8
8) саралау әдісі – "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау олардың бағалау параметрлеріне сәйкестік дәрежесін ескере отырып айқындалатын бағалау әдісі-функционалдық міндеттерді орындау сапасы, міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау, бастамашылық пен дербестік, еңбек тәртібін сақтау, орындалатын жұмыстың көлемі мен күрделілігі;
Тармақша 9
9) 360 әдіс - бағаланатын адамның жұмыс ортасынан шыққан адамдар тобына сұрау салу арқылы бағаланатын адамда талап етілетін құзыреттердің болуын анықтауға бағытталған бағалау әдісі;
Тармақша 10
10) калибрлеу сессиялары-бағаланатын тұлғалардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін бағалаушы тұлғалардың мерзімді кездесулері;
Тармақша 11
11) бағаланатын кезең-мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі.
Тармақ 3
3. "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) персоналды басқару жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз жеткізгіштерде не мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі. Бағалау бағаланатын тұлға лауазымының санатына байланысты НМИ-ге қол жеткізу нәтижелері, саралау және 360 әдістері негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. НМИ-ге қол жеткізу және саралау әдісі бойынша бағалау тоқсан қорытындысы бойынша – есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей, 360 әдісі бойынша жыл қорытындысы бойынша – есепті жылдан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. НМИ және саралау бойынша қорытынды баға "Б" корпусы қызметшісінің есепті тоқсандардағы орташа бағасынан құралады.
Тармақ 5
5. Егер Бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бір айдан кем болған жағдайларда бағалау жүргізілмейді. Егер бағалау жүргізу кезеңінде бағаланатын қызметші еңбек немесе әлеуметтік демалыста, еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде, іссапарда, тағылымдамада, қайта даярлауда немесе біліктілігін арттыруда болса, қызметшінің НМИ-ге қол жеткізуі бойынша бағалау жұмысқа шыққаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі, саралау және /немесе 360 әдісі бойынша бағалау осы Әдістеменің 4-тармағында белгіленген мерзімде оның қатысуынсыз жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Бағаланатын кезең аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан босатылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз осы Әдістеменің 4-тармағында белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.
Тармақ 7
7. Бағалау нәтижелері мынадай саралау бойынша қойылады: "функционалдық міндеттерін тиімді атқарады", "функционалдық міндеттерін тиісінше атқарады", "функционалдық міндеттердіқанағаттанарлық түрде атқарады","функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" (қанағаттанарлықсыз бағалау). "Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады" нәтижесіне 4-тен 5 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады" нәтижесіне 3-тен 3,99 баллға дейін, "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады" нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін, " Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкес келеді.
Тармақ 8
8. НМИ-ге қол жеткізу нәтижелері және рейтинг әдісі бойынша бағалау нәтижелері бонустар төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымын төмендету не жұмыстан шығару бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 9
9. 360 әдісі бойынша бағалау нәтижелері қызметшіні оқыту бойынша шешімдер қабылдау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 10
10. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген адам, соның ішінде ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді. Бұл ретте персоналды басқару қызметі ақпараттық жүйеде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлға бекітетін бағалау кестесін құрастырады.
Тармақ 11
11. Персоналды басқару қызметі Бағаланатын қызметшінің бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі және/немесе интранет-порталы не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы танысуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік лауазымға тағайындауға және "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға калибрлеу сессиясын өткізу туралы еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.
Тармақ 13
13. Калибрлеу сессиясының шешіміне Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің белгіленген тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметші шағымдана алады.
Тармақ 14
14. Бағалауға байланысты құжаттар персоналды басқару қызметінде бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл бойы, сондай-ақ ақпараттық жүйеде техникалық мүмкіндік болған кезде сақталады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік орган "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы ақпаратты ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, бағалау нәтижелері қатаң құпия ақпарат болып табылады және үшінші тұлғаларға жария етуге жатпайды.
Тармақ 16
16. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді персоналды басқару қызметі барлық мүдделі тұлғалар мен тараптардың көмегімен қарайды.
Тармақ 17
17. Бағалаушы тұлға мыналарға жауапты болады:
Тармақша 1
1) Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының стратегиялық мақсаттары, жұмысының есептік кезеңдегі жалпы нәтижесі жөнінде бағаланушы адамдардың назарына жеткізу;
Тармақша 2
2) НМИ уақытылы қоюды, келісу мен бекітуді қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) бағаланатын кезең ішінде НМИ орындау деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметінің қорытынды бағасы мен конструктивті кері байланысты ұсыну; бағаланатын адамдардың функционалдық міндеттерін орындау дәрежесіне бағаланатын кезеңде тұрақты мониторинг жүргізу және оларға қызметкердің қызметінің қорытынды бағасы және конструктивті кері байланысты ұсыну;
Тармақша 4
4) бағалау процесінде бағаланатын адамдарды бағалау бойынша даулы мәселелерді, олар туындаған жағдайда, калибрлік сессияларға және оларды шешуге қатысу;
Тармақ 18
18. Бағаланатын тұлға мыналарға жауапты болады:
Тармақша 1
1)олардың НМИ/қойылған міндеттерді орындау дәрежесіне жүйелі мониторинг жүргізу;
Тармақша 2
2) 360 әдісі бойынша оның қызметін бағалау шеңберінде уақтылы өзін-өзі бағалауды жүргізу;
Тармақша 3
3) қызметті бағалау нәтижелерін талқылау бойынша басшымен кездесулерге қатысу.
Тармақ 19
19. Персоналды басқару қызметінің басшысы мыналарға жауапты болады:
Тармақша 1
1)коммуникациялық хабарламаларды дайындау, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қосқанда, қызметті бағалау процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеу;
Тармақша 2
2)НМИ уақтылы талдау мен келісу;
Тармақша 3
3)қажет болған жағдайда басшы мен қызметкердің кездесуіне қатысу, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесу;
Тармақша 4
4)калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әр қызметкерге ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу; есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттарды толтыру толықтығы мен уақтылы орындалуын, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберу, қажетті есептік жазбаларды жүргізу.
Тармақ 20
20. Бағалау нәтижелері бағаланатын адамға, бағалаушыға, персоналды басқару қызметіне жауапты тұлғаға және калибрлеу сессияларына қатысушыларға ғана белгілі болуы мүмкін.
Тарау 2. 2-тарау. Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысын НМИ қол жеткізуі бойынша бағалау тәртібі.
2-тарау. Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысын НМИ қол жеткізуі бойынша бағалау тәртібі.
Тармақ 21
21. Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысының қызметін бағалау НМИ жетістіктерін бағалау әдісі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. НМИ-ды бағалаушы адам мен стратегиялық жоспарлау мәселесін үйлестіретін құрылымдық бөлімшенің (бар болған жағдайда), сондай-ақ персоналды басқару қызметінің келісімімен Үлгілік әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағаланатын кезең басталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жасалатын Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысының жеке жұмыс жоспарында белгіленеді. Қызметші бағалау кезеңі басталғаннан кейін тағайындалған жағдайда НМИ лауазымға тағайындалған күннен бастап он жұмыс күн ішінде белгіленеді. Бұл ретте, НМИ белгіленген (бекітілген) күннен бастап бес жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметі жеке жұмыс жоспарының ақпараттық жүйеде (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді. Егер қызметшінің тағайындалған күнінен бастап бағалау кезеңінің соңына дейінгі мерзім бір айдан аз болса, аталған қызметшіге НМИ белгіленбейді. Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысының НМИ қолжеткізуін бағалауды бағалаушы тұлға 5-тармақта белгіленген мерзімдерде жүргізеді. Бұл ретте, мәліметтердің шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында персоналды басқару қызметі стратегиялық жоспарлау мәселесін үйлестіретін құрылымдық бөлімшенің келісімімен (бар болған жағдайда) НМИ-дің нақты мәндеріне алдын ала есептеу жүргізеді және оны Үлгілік әдістеменің 5-тармағына сәйкес бағалау мерзімінің соңғы күніне дейінгі бес жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде ақпараттық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) бағалаушы тұлғаға жолдайды.
Тармақ 23
23. НМИ үштен беске дейінгі мөлшерде белгіленеді және бағаланатын кезеңнің соңына дейін бағаланатын тұлға қызметінің күтілетін нақты нәтижелерін көрсетуі тиіс.
Тармақ 24
24. НМИ мақсатқа қол жеткізу өлшемінің сандық және сапалық индикаторларынан тұруы тиіс және:
Тармақша 1
1)нақты (күтілетін оң өзгерістер көрсетіле отырып қол жеткізуге тиісті нәтиже анық белгіленеді);
Тармақша 2
2)өлшемді (НМИ жетістіктерін өлшеу үшін нақты өлшем шарттар
Тармақша белгіленеді
белгіленеді);
Тармақша 3
3)қолжетімді (НМИ қолда бар ресурстарды, құзыреттер мен шектеулерді ескере отырып белгіленеді);
Тармақша 4
4)уақыт пен шектеулі (бағаланатын кезең ішінде НМИ қол жеткізу мерзімі
Тармақша белгіленеді
белгіленеді) болуы;
Тармақша 5
5)мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыруға бағдарланған болуы тиіс.
Тармақ 25
25. НМИ-ге өзгерістер енгізуге қол жеткізуге тікелей әсер ететін мемлекеттік органның функцияларымен құрылымы өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Тармақ 26
26. Ақпараттық жүйе немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметі Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысын оған қатысты бағалауды өткізу туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Тармақ 27
27. Ақпараттық жүйе мен немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметі ресімделген бағалау парағын бағалаушы адамға қарау үшін жолдайды. Ұсынылған материалдарды қарау қорытындылары бойынша бағалаушы тұлға Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында (0-ден 5-ке дейін) баға қояды. Бағаларды қою кезінде бағалаушы тұлға Үлгілік әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша түйінді нысаналы индикаторды іске асыру пайызына қарай жол берілетін бағаны айқындау кестесін пайдаланады.
Тарау 3. 3-тарау. "Б" корпусының қызметшілерін саралау әдісімен бағалау тәртібі.
3-тарау. "Б" корпусының қызметшілерін саралау әдісімен бағалау тәртібі.
Тармақ 28
28. "Б" корпусының қызметшілерін бағалау саралау әдісі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. "Б" корпусының қызметшілерін саралау әдісі бойынша бағалауды Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысы Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік органда жұмыс істейтін ақпараттық жүйе арқылы (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) жүзеге асырады. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағыш та жүргізіледі.
Тармақ 30
30. Ақпараттық жүйе немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметі "Б" корпусының қызметшісін оған қатысты бағалау жүргізілетіні туралы есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Тармақ 31
31. Ақпараттық жүйе арқылы немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметімен бағалаушы адамға бағалау парағы жіберіледі. Бағалаушы тұлға Үлгілік әдістеменің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағының тиісті бағанында баға (0-ден 5-кедейін) қояды.
Тармақ 32
32. "Б" корпусының қызметшілерін бағалау олардың бағаланатын кезеңде функционалдық міндеттерін орындау кезінде қол жеткізген нәтижелерінің деңгейі мен орындалған жұмыстың көлемі мен күрделілігі ескере отырып, мынадай параметрлер бойынша айқындалады: функционалдық міндеттерді орындау сапасы; тапсырмаларды орындау мерзімдерін сақтау; дербестік және бастамашылық; еңбек тәртібі.
Тарау 4. 4-тарау. 360 әдісі бойынша бағалау тәртібі.
4-тарау. 360 әдісі бойынша бағалау тәртібі.
Тармақ 33
33. 360 әдісі бойынша бағалау жылына бір рет ақпараттық жүйеде жасырын жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта жүргізіледі. Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысы үшін 360 әдісі бойынша бағалау Үлгілік әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, "Б" корпусының қызметшілері үшін Үлгілік әдістеменің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.
Тармақ 34
34. 360 әдісімен бағалау кезінде бағаланатын адамдардың санаттарына байланысты мынадай құзыреттер бағаланады: Мойынқұм аудандық мәслихат аппаратының басшысы үшін: қызметті басқару; тиімді коммуникацияларды құру; әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану; өзгерістерді басқару; нәтижеге бағдарлану; дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары; топты басқару; көшбасшылық қасиеттер; ынтымақтастық; жеделділік; өзін-өзі дамыту; бастамшылдық; "Б" корпусының қызметшілері үшін: тиімді коммуникацияларды құру; әдеп нормалары мен қағидаларын ұстану; өзгерістерді басқару; нәтижеге бағдарлану; дербестік және шешімдерді қабылдау дағдылары; ынтымақтастық; жеделділік; өзін-өзі дамыту.
Тармақ 35
35. Сауалнамаға қатысатын адамдардың саны әрбір бағаланатын тұлға үшін ақпараттық жүйемен немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметі дербес анықтайтын үш адамнан кем болмауы және жеті адамнан артық болмауы тиіс. Қызметшіні 360 әдісі мен бағалауда оның өзін-өзі бағалауы көзделген. Бұл ретте қорытынды бағалауда өзін-өзі бағалау есепке алынбайды. Сауалнама алынатын адамдардың қатарына қосылады:
Тармақша 1
1)тікелей басшы;
Тармақша 2
2)бағалаушы адамға тікелей бағынатын "Б" корпусының қызметшісі;
Тармақша 3
3)лауазымы бойынша бағаланушы адам мен бір деңгейде және олар мен өзара тығыз жұмыс істейтін адамдар.
Тармақ 36
36. Персоналды басқару қызметі 360 әдісі бойынша бағалау процесін басқарады, жеке есептерді жасайды және Үлгілік әдістеменің 7 және 8-қосымшаларына сәйкес нысандағы 360 бағалау нәтижелері бойынша кері байланыс ұсынуды ұйымдастырады. Персоналды басқару қызметі мен біліктілігін арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстары тақырыптарын қалыптастыру кезінде 360 әдісі мен бағалау қорытындылары, оның ішінде қызметшінің ең аз анықталған құзыреттері ескеріледі.
Тарау 5. 5-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
5-тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі
Тармақ 37
37. Бағалау процесіне бірыңғай тәсілді келісу және сақтау мақсатында мемлекеттік органдар осы Әдістеменің 13-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.
Тармақ 38
38. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлға қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап үш жұмыс күн ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды және оның құрамын бекітеді.
Тармақ 39
39. Калибрлеу сессиясы қызметшінің өтініші түскен уақыттан бастап он жұмыс күн ішінде осы Әдістеменің 13-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.
Тармақ 40
40. Персоналды басқару қызметі калибрлеу сессиясының қызметін ұйымдастырады.
Тармақ 41
41. Калибрлеу сессиясында бағалаушы тұлға бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өз бағасына дәлел келтіреді. Калибрлеу сессиясының қатысушылары бағалаушы адамның бағасын қолдауы немесе бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін. Бағалауды түзетулер жоғарылау жағынанда, төмендеу жағынан да енгізілуі мүмкін. Қорытынды баға калибрлеу сессиясы қатысушыларының басым дауысымен қабылданады және тиісті хаттама мен рәсімделеді. Персоналды басқару қызметі хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде оның ақпараттық жүйеге (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастырылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 42
42. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы тұлға бағаланатын қызметшімен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланысты ұсынады. Кездесу кезінде мынадай мәселелер талқыланады: бағаланатын кезеңдегі жетістіктеріне шолу; машықтар мен құзыреттердің дамуына шолу; қызметкердің әлеуетін шолу және мансаптық мақсатын талқылау. Бағалаушы тұлға кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.