Об установлении ограничительных мероприятий Күшін жойған
Басқа 0
Шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 11 желтоқсандағы №15-4-1/474 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Ірі қара малдарының арасында құтыру ауруы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің Жарлы ауылының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 9 қарашасындағы № 3 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.