О некоторых вопросах распределения целевых трансфертов из республиканского бюджета областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на обеспечение сурдо- и тифлосредствами детей-инвалидов с нарушениями слуха и зрения, обучающихся в специализированных организациях образования, финансируемых из местных бюджетов Қолданыста
Басқа 0
Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшiн республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мақсатты трансферттер бөлудiң кейбiр мәселелерi туралы
"2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiліп отырған:
Тармақша 1
1) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабілетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мақсатты трансферттер бөлу ережесi;
Тармақша 2
2) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшiн 2004 жылға арналған республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер көзделетiн өңiрлердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдері бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсiн және есептi айдан кейiнгi айдың 15-күнiне дейiн Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне бөлiнген мақсатты трансферттердiң пайдаланылуы туралы тиiстi есептi ұсынсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Басқа 6. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мақсатты трансферттер бөлу ережесi
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 20 наурыздағы
N 363 қаулысымен
бекiтілді
Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мақсатты трансферттер бөлу ережесi
Тармақ 1
1. Осы Ереже "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 26-бабына сәйкес әзiрлендi және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мақсатты трансферттер бөлудiң тәртiбiн реттейдi.
Тармақ 2
2. Жергілiктi бiлiм берудi басқару органдары жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне сурдо және тифлоқұралдарға өтiнiмдер бередi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi тиiстi қаржы жылына бөлiнетiн қаражат шегiнде жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабілетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшiн республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер көзделетiн өңiрлер тiзбесiнiң (бұдан әрi - Тiзбе) жобасын қалыптастырады.
Тармақ 4
4. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне мақсатты трансферттер бөлу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Тiзбеге сәйкес iске асырылады.
Басқа 0. Жергілiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшін 2004 жылға арналған республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер көзделетiн өңiрлердiң тiзбесi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 20 наурыздағы
N 363 қаулысымен
бекiтiлген
Жергілiктi бюджеттерден қаржыландырылатын, мамандандырылған бiлiм беру ұйымдарында оқитын, есту және көру қабiлетi бұзылған мүгедек балаларды сурдо және тифлоқұралдармен қамтамасыз ету үшін 2004 жылға арналған республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер көзделетiн өңiрлердiң тiзбесi
___________________________________________________________________
Р/с| |
N | Атауы |Сомасы, мың теңге
___|____________________________________________|__________________
1 2 3
___________________________________________________________________
Барлығы 112 165
Тармақ 1
1. Ақмола облысы 6 400
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысы 3 200
Тармақ 3
3. Алматы облысы 3 200
Тармақ 4
4. Атырау облысы 1 600
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облысы 16 896
Тармақ 6
6. Жамбыл облысы 7 296
Тармақ 7
7. Батыс Қазақстан облысы 8 146
Тармақ 8
8. Қарағанды облысы 7 296
Тармақ 9
9. Қостанай облысы 7 297
Тармақ 10
10. Қызылорда облысы 7 296
Тармақ 11
11. Маңғыстау облысы 7 296
Тармақ 12
12. Павлодар облысы 3 200
Тармақ 13
13. Солтүстiк Қазақстан облысы 3 200
Тармақ 14
14. Оңтүстiк Қазақстан облысы 12 096
Тармақ 15
15. Алматы қаласы 13 696
Тармақ 16
16. Астана қаласы 4 050