Об установлении карантинных мер Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Карантин шараларын белгілеу туралы Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №291 ұсынысы негізінде Таң ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жалағаш ауданы, Таң ауылдық округіндегі «АгроЛидер Тан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің меншігіндегі ауыл шаруашылығы жануарлары (мүйізді ірі қара) арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты Таң ауылдық округіндегі «АгроЛидер Тан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал қора жай аулаларына, ауыл шаруашылық жануарларына (мүйізді ірі қара) карантин шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.