Об утверждении регламента акимата Есильского району Күшін жойған
Басқа 0
Есіл ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің Үлгі регламеттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Есіл ауданы әкімдігінің қосымшаланған регламенті бекітілсін.
Тармақ 2
2. Есіл ауданы әкімдерінің 2001 жылғы 30 маусымдағы а-1/3 Есіл ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы қаулысының күші жойыдды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Т.Қасеновке жүктелсін.
Басқа 4
Есіл ауданы әкімдігінің 2004 жылғы
13 ақпандағы № а-2/32 «Есіл ауданы
әкімдігінің регламентін бекіту
туралы» қаулысымен бекітілген
Есіл ауданы әкімдігінің регламенті
Тарау 1. 1. Жалпы ереже.
1. Жалпы ереже.
Тармақ 1
1. Аудандық әкімдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы билікті, жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Әкім әкімдік құрамын әкім орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.
Әкім әкімдік мүшелерінің санын айқындайды.
Әкім әкімдіктің дербес құрамын айқындайды және аудандық (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттың сессиясының шешімімен келісіледі.
Тармақ 3
3. Әкімдік қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледі.
Тармақ 4
4. Әкімдіктің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, құқықты-ұйымдастыру және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді аудан аудан әкімі аппараты (бұдан әрі аппарат) жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Әкімдік іс қағаздарын жүргізу және әкімдікке түсетін хат хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледі және Әкімшілік ресімдер туралы Қазақстан Республикасы Заңынын; Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзірленетін әрі аудан әкімі бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысы әкімдіктің және әкімнің қарауьпш енгізілетін актілер жобалары өтуінің осы Регламентпен белгіленген тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2. Жұмысты жоспарлау
2. Жұмысты жоспарлау
Тармақ 7
7. Аппарат әкімдік мүшелерінің және аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрі - атқарушы органдар) басшыларыньщ ұсыныстары бойынша әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тоқсан сайын тізбесін жасайды.
Әкімдіктің мәжілістерінде қарауға жоспарланатын мәселелердің тізбесін әкім бекітеді.
Бекітілген тізбе әкімдік мүшелеріне, сондай-ақ қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына және басқа да лауазымды тұлғаларға таратылады.
Әкім аппарат басшысы ұсынатын анықтама негізінде тізбеде жоспарланған мәселені алып тастау немесе оны қарауды басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылдайды.
Тарау 3. 3. Әкімдік мәжілістерін дайындау және өткізу тәртіптері.
3. Әкімдік мәжілістерін дайындау және өткізу тәртіптері.
Тармақ 8
8. Әкімдік мәжілістері айына кемінде бір рет өткізіледі және оны әкім шақырады.
Тармақ 9
9. Әкімдік мәжілістерінде әкім, ал ол болмаған жағдайда әкімнің міндетін атқарушы орынбасары төрағалық етеді.
Тармақ 10
10. Әкімдік мәжілістері әдетте ашық болады және мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде жүргізіледі.
Қажет болған ретте, жекелеген мәселелер жабық мәжілістерде қаралуы мүмкін.
Тармақ 11
11. Әкімдік мәжілісі, егер оған әкімдік мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі.
Әкімдіктің мәжілісінде мәселені қараудың нәтижелері бойынша қаулы қабылданады.
Қаулы әкімдіктің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады.
Тармақ 12
12. Әкімдік мәжілістерінде Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттары, кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, сондай-ақ әкім бекіткен тізбе бойынша кеңесші дауыс құқығымен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелер басшылары және өзге лауазымды адамдар қатыса алады.
Тармақ 13
13. Аппараттың және атқарушы органдардың әкімдік мәжілістерінде қарауға мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады:
Әкімдік мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгізетін органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам (бұдан әрі - бірінші басшы) алдын-ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады;
Жоба мен анықтама, әдетте аралығы екі жол арқылы басылған 5 бет мәтіннен аспауы тиіс;
Әрбір мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бірдей болуы тиіс;
Әкімдіктің мәжілісіне енгізілетін материалдарға, қажет болған ретте, қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі;
Мәселе енгізетін орган немесе аппарат талқыланатын мәселелер бойынша мәжіліске шақырылғандардың тізімін айқындайды және нақтылайды. Аппарат шақырылғандардың келуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Аппарат мәжіліс күн тәртібінің жобасын жасайды және әкіммен не оны алмастыратын адаммен келісілгеннен кейін, оны және тиісті материалдарды аппарат басшысы бекіткен жіберілім көрсеткішіне сай, мәжіліске дейінгі үш күнде әкімдік мүшелеріне және шақырылғандарға, ал қажет болған ретте, басқа да лауазымды адамдарға таратады.
Тиісті органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы әкімге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершілік тиісті органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Әкімнің тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкімдік мәжілісін өткізген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппарата ол өткізілетін күні енгізілуі мүмкін.
Тармақ 15
15. Әкімдік мәжілісінде хаттама жүргізіліп, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердің, аты және мін-жайы, талқылау кезіндегі баяндамашылар мен сөз сөйлеушілер, олардың сөйлеген сөздерінің негізгі мазмұны ескертулер және әкімдік мүшелері қабылдаған қаулы көрсетіледі. Әдетте, мәжілістің стенографиясы жүргізеді, мәжілістерде қаралатын мәселелер ақпараттық электронды көздеріне жазылады.
Аппараттың тиісті бөлімі әкімдік мәжілісі аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттаманы ресімдейді, оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды.
Әкімдік мәжілістерінің хаттамаларына күнтізбелік жылға арналған реттік нөмірлер беріледі. Хаттамалар немесе олардың үзінділері оларға қол қойылған күні әкімдік мүшелеріне, ал қажет болған ретте, мәжілістерде тиісті тапсырмалар берілген басқа органдарға және басқа лауазымды адамдарға таратылады. Жіберілім тізбесін аппарат басшысы бекітеді.
Әкімдік мәжілісінің хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары аппаратта сақтайды.
Әкімдік мәжілісінің хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзімдері өткеннен кейін мұрағатқа өткізіледі.
Тарау 4. 4. Әкімдік және әкім актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі.
4. Әкімдік және әкім актілерінің жобаларын дайындау және ресімдеу тәртібі.
Тармақ 16
16. Атқарушы органдар әкімдік тиісті шешім қабылдауы үшін оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгізеді:
Тармақша 1
1) мәселені шешу әкімдіктің құзырына кіргенде;
Тармақша 2
2) жергілікті атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде.
Тармақ 17
17. Аппарат және жергілікті атқарушы органдар әкімдік қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрі – жобалар) дайындауды нормативтік құқықтық актілер туралы, Әкімшілік рәсімдер туралы Қазақстан Республикасының Заңдарына және осы регламентке сәйкес жүзеге асырады.
Мүдделі органдармен келісілген, бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған жобалар мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынылады.
Тармақ 18
18. Жобалардың уақытылы, сапалы әзірленуіне және әкімдікке белгіленген мерзімдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндерінің түпнұсқалылығына оны әзірлеуді жүзеге асырушы органның бірінші басшысы дербес жауапты болады.
Тармақ 19
19. Жобалар міндетті түрде мыналармен келісіледі:
Тармақша 1
1) құзыретіне орай мүдделі атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келісудегі мұндай мүдделілік қаралатын мәселелердің мән-жайы ескеріле отырып, белгіленеді;
Тармақша 2
2) қаржы саласындағы тиісті атқарушы органмен жобаның қаржылық орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз етілуі мәселелері бойынша.
Тармақ 20
20. Жобаны әзірлеуші жобаның көшірмелері бір мезгілде барлық мүдделі атқарушы органдарға жібереді.
Бұл ретте атқарушы органдарда келісу мешімдері бір мезгілде есептеледі және жобалардың түскен әрі тіркелген кезінен бастап 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Әкім, әкімнің орынбасарлары және аппарат басшысы келісудің өзге мерзімдерін белгілей алады.
Әкімнің, әкімнің орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешімдерді неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы кеңесте (мәжілісте) қоюы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерінің бұрыштама қойғандағы туралы тиісті атқарушы органның бірінші басшысына баяндайды.
Жобаның көшірмесін келісуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделі органдардың алдын-ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгілермен келісуден бас тартуға тиісті емес.
Тармақ 21
21. Келісуші орган жобаны қарауды нәтижелері бойынша бірінші басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған жауапты мынадай нұсқаларының бірін әзірлеушіге ұсынуы тиіс:
Тармақша 1
1) жоба ескертулерсіз келісілді (жобада бұрыштама болады)
Тармақша 2
2) жоба ескертулермен келісілді (жобада ескертулерімен бұрыштама болады және ол қоса берілуі тиіс);
Тармақша 3
3) жобаға келісуден бас тартылды (дәлелді бастарту қоса беріледі).
Тармақ 22
22. Келісу мерзімдері аяқталғаннан кейін жобаны әзірлеуші мүдделі органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкілікті нұсқасына жинақтайды (ескертулерді жояды). Бұл ретте түпкілікті нұсқаны дайындау процессінде әзірлеуші өзі келіскен атқарушы органдардың ескертулерін міндетті түрде қояды.
Жобаны әзірлеуші жобаны аппаратқа енгізу кезінде мүддесі осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасынын, болмау себептерін (мұндай факт болған жағдайда) түсіндірме жазбада көрсетеді, бұл ретте енгізілген материалдарға тиісті органға келісу үшін енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделі органға келісуге жіберілмеген болып есептеледі.
Тармақ 23
23. Әзірлеуші осы жобаны қабылдау қажеттілігін, ол қабылданған жағдайда әлеуметтік-экономикалық салдарын, оны іске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсіндірме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкімдіктің және әкімнің қандай актілері қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәліметтерді міндетті түрде жобаға қоса береді.
Егер актілердің жобалары нормативтік сипатта болса және (немесе) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қозғаса, әзірлеуші түсіндірме жазбада нақты мақсаттарды, күтіліп отырған нәтижелердің мерзімдерін және енгізіліп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиімділігін көрсетуге міндетті. Бұл актілерді әкімдік немесе әкім қабылдаған жағдайда, оларды іске асыру қортындылары бойынша әзірлеуші актілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес олардың қолданылуының нәтижелері туралы қысқаша есеп тапсыруы тиіс.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның басшысы екі парақтан аса көлемдегі жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиіс.
Тармақ 23
23. Жобаны әзірлеуші жобада бір мезгілде әкімдіктің қаулыларын және (немесе) әкімнің шешімдері мен әкімдерін қабылданатын актілерге сәйкес келтіру жөнінде норма көздейді және нақты мерзімдер белгілей отырьш, оларды сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейді.
Тармақ 24
24. Әзірленген (пысықталған) жоба (оған тиісті материалдармен бірге) жоба бойынша сараптама жүргізу және қортынды дайындау үшін (бұдан әрі - сараптама) аппаратқа енгізіледі. Аппаратта тіркелер алдында жобаны іс-қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместігі туралы ескертулер болған ретте, аппарат жобаны тіркеуге дейін әзірлеушіге қайтаруға құқылы.
Жоба аппаратта тіркелгеннен кейін оны, мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі түпнұсқалылығы тексеріледі және сараптамадан өтеді. Жобаға сараптама жүргізу мерзімі жобаның әкім аппаратында тіркелген кезінен бастал 3 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Аппарат оның мәтіндерінің түпнұсқалылығын тексеру, сараптама жүргізу барысында немесе оның нәтижелері бойынша жобаны мынадай негіздер бойынша әзірлеушіге пысықтауға қайтаруға құқылы:
Тармақша 1
1) жоба мәтіндерінің мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндердің түпнұсқалы еместігі;
Тармақша 2
2) оны Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келмейтіндігі;
Тармақша 3
3) осы Регламенттің талаптары бұзыла отырып ұсынылуы.
Басқа желеулер бойынша теріс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшін негіз бола алмайды.
Тармақ 25
25. Жобаларды әкімнің орынбасарларында келісу міндеттердің бөлінуіне сәйкес жүзеге асырылады. Әкімнің орынбасарларында мазмұнды сипатта ескертулер туындаған жағдайда, олар қажет болған ретте нәтижелері хаттамамен ресімделетін кеңес шақырады. Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейін аппарат басшысы ол бойынша шешім қабылдау үшін әкімге не оны алмастыратын адамға баяндайды.
Тармақ 26
26. Әкімдіктің қаулыларына, әкімнің шешімдері мен өкімдеріне әкім қол қояды. Актілерге қол қойғаннан кейін олардың түпнұсқаларына түзетулер енгізілмейді.
Тармақ 27
27. Аппарат әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің куәландырылған көшірмелерін аппарат басшысы бекіткен жіберілімге сәйкес таратады.
Әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің түпнұсқалары аппаратта сақталады.
Құжаттардың уақытылы шығарылуы және жөнелтілетін алушыларға таратылуы үшін жауапкершілік аппаратқа жүктеледі.
Тармақ 28
28. Техникалық қателері болған ретте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкін. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиіс.
Тармақ 29
29. Аппарат әкімдік және әкім қабылдаған актілердің есебін, жүйеленуін және бақылау даналарын жүргізуді, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Әкімдіктің және әкімнің жалпы міндетті мәні, ведомствоаралық сипаты бар немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты барлық актісі әділет органдарында тіркеуге және ресми жариялау үшін мәслихат пен әкім айқындаған газеттерде және өзге мерзімді басылымдарда міндетті түрде жариялауға жатады.
Тармақ 32
32. Аппарат актілерді жариялауға жіберуді жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкімдік және әкім қабылдаған нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін мүдделі адамдарға рұқсат беру мәндетті болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртіппен аппарат жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртібі.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдіктің және әкімнің актілері мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртібі.
Тармақ 34
34. Заң актілерін, Президент, Үкімет, Премьер-Министр, әкімдіктің және әкімнің актілерін орындауды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін қол қоюға дайындау, келісу, ұсыну және Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын орындауды бақылау тәртібі туралы» ережені бекіту туралы 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 35
35. Заң актілері, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, премьер Министрінің, облыс және аудан әкімдіктерінің және әкімдерінің актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға алынады.
Тармақ 36
36. Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, премьер Министрінің, облыс және аудан әкімдіктерінің және әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының уақытылы әрі сапалы орындалуына жауапкершілік осылар орындауға жіберілген атқарушы органдардың бірінші басшыларына жүктеледі.
Тармақ 37
37. Әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзімдері белгіленеді. Мерзімдер орындалмаған жағдайда құжаттың түскен күнінен есептелетін орындаудың бір айлық мерзімі, ал «шұғыл» деген белгі болған жағдайда он күндік мерзім белгіленеді.
Тармақ 38
38. Егер тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауаігш органның бірінші басшысы (не оның міндетін атқарушы адам) кідірудің себептері туралы хабарлауға және оны орындау мерзімін ұзарту туралы белгіленген тәртіппен өтініш беруі тиіс. Тапсырманы орындау мерзімін ұзартуға екі реттен артық жол берілмейді.
Тармақ 39
39. Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер Министрінің, облыс және аудан әкімдіктерінің және әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау жөніндегі қызметті қамтамасыз етуді аппарат әкім айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Аппарат Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Үкіметінің, Премьер министрінің, облыс және аудан әкімдіктерінің және әкімдерінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы әкімді жүйелі хабардар ете отырып, әкімнің олардың орындалуын бақылау жөніндегі Қызметін қамтамасыз етеді.
Әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы Заң актілерін, Республика Президентін; Республика Үкіметінің, Премьер Министрінің, облыс және аудан әкімдіктерінің және әкімдерінің актілері мен тапсырмаларын келісудің және орындаудың белгіленген тәртібінің өрескел бұзылу фактілері бойынша кінәлі лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.