Аудан әкімдігінің жанынан кәсіпкерлер Кеңесін құру туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің жанынан кәсіпкерлер Кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау, әкімшілік кедергілерін жою, келешегі бар идеяларды көтеру және кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасайтын проблемалық мәселелерді шешу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің жанынан кәсіпкерлер Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын, оның дербес құрамы аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берілген Кеңес туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің "Аудан әкімінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы" 2003 жылғы 25 маусымдағы N 354 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Басқа 5. Аудан әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы Ереже
Қосымша Бөрлі ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 25 ақпандағы N 73 қаулысымен бекітілген Аудан әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі аудан әкімдігі жанындағы консультативті-кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын, әкімдіктің қаулыларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Тармақ 3
3. Кеңес жетекші кәсіпкерлер, іскер қауым өкілдері, қоғамдық бірлестіктер қатарынан құрылады.
Тарау 2. 2. Кеңестің міндеттері
2. Кеңестің міндеттері
Тармақ 4
4. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді жүзеге асыру жөніндегі шараларды іске асыруға ықпал ету.
Тармақ 5
5. Әкімдік қаулысын әзірлеу және қабылдау барысында заңнамада белгіленген тәртіп бойынша кәсіпкерлердің мүдделерін білдіруді, заңды құқығын қорғауды және олардың пікірін есепке алуды жүзеге асыру.
Тармақ 6
6. Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шағын және орта бизнестің дамуына және тұрақтануына кедергі болып отырған себептерді жоюға бағытталған кәсіпкерлердің, қоғамдық бірлестіктердің сындарлы бастамаларын, ұсыныстарын және өтініштерін қолдау.
Тармақ 7
7. Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі мақсатты бағдарламалар мен жобаларды әзірлеуде, үйлестіруде және жүзеге асыруда ықпал ету.
Тарау 3. 3. Кеңес құрамы
3. Кеңес құрамы
Тармақ 8
8. Кеңесті аудан әкімі басқарады.
Тармақ 9
9. Аудан әкімі аппаратының шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі бас маманы Кеңес хатшысы болып табылады. Хатшы дауыс беруге құқығы жоқ.
Тармақ 10
10. Кеңестің жұмысшы органының қызметін аудан әкімінің аппараты атқарады.
Тармақ 11
11. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Кеңес мүшелерінің көпшілігінің дауысы берілген жағдайда шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыс тең болған жағдайда қайсысына төраға дауыс берсе, сол шешім қабылданады.
Тармақ 12
12. Кеңес шешіміне Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Тармақ 13
13. Кеңестің мүшелері ерекше пікір білдіруге құқығы бар, пікір білдірген жағдайда жазбаша түрде баяндалып, Кеңес отырысының хаттамасына тіркеледі.
Тармақ 14
14. Кеңес хатшысы Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды әзірлейді, Кеңес шешімінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды.
Тарау 4. 4. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары
4. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары
Тармақ 15
15. Өз міндеттеріне сәйкес Кеңес:
Тармақша 1
1) шағын бизнес қауымдастықтарымен, бірлестіктерімен және басқа да кәсіпкерлік құрылымдармен қарым-қатынас жасайды;
Тармақша 2
2) келісілген шешімдерді қабылдау үшін шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін бақылау және тексеру міндетіне кіретін қадағалаушы және тексеруші (фискалдық) органдармен ұдайы қарым-қатынас жасайды;
Тармақша 3
3) осы мақсатта тиісті органдар мен ұйымдардың өкілдерін шақырып, Кеңестің бірлескен тақырыптық отырыстарын ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеуге, шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болып отырған себептерді жоюға арналған шараларды дайындауға заңнамада белгіленген тәртіп бойынша шағын кәсіпкерлік өкілдерін қатыстырады.
Тарау 5. 5. Кеңес қызметін ұйымдастыру
5. Кеңес қызметін ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Өз қызметін жүзеге асыру үшін Кеңес:
Тармақша 1
1) Кеңесте жұмыс істеу үшін заңнамада белгіленген тәртіп бойынша ғалымдар мен беделді кәсіпкерлер қатарынан сарапшылар және Кеңесшілер, басқару органдарының өкілдерін және басқа да мамандарды шақырады;
Тармақша 2
2) белгілі тәртіп бойынша атқарушы органдардан қажетті ақпараттың, сараптамалық, анықтамалық, статистикалық деректерді алады;
Тармақша 3
3) қажет болған жағдайда уақытша сараптама және жұмыс топтарын құрады, олардың қызметін үйлестіріп отырады.
Тармақ 17
17. Кеңес мәжілістерін қажеттілігіне қарай, бірақ кем дегенде айына бір рет Кеңес төрағасы шақырады.