Об установлении водоохранных зон, полос водных объектов Алматинской области и специального режима их хозяйственного использования Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабы 2), 2-1 тармақшаларына және 116-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) бекітілген су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану арнайы режимі белгіленсін.
Тармақ 3
3. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының басшысы Р. Иманбет Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 453 қаулысына 1-қосымша Су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленетін су объектілері тізімі № Атауы Су қорғау аймақтарының ені, метр Су қорғау белдеулерінің ені, метр 1 Щипалка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 2 Шығыс Қарабұлак өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 100 3 Саты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 100 4 Кіші Жалаңаш өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 100 5 Чадай бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 6 Муаш өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500 100 7 Түрген-Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 8 Бахтияр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 9 Төрткөл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 10 Жарылған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 11 Баубек бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 12 Үлкен Шарын өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 13 Тас Шарын бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 14 Қайназар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 15 Шақабай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 16 Шолақ-Қарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 17 Тюремный өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 18 Сасықпай-Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 19 Кұтырған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 20 Алдияр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 21 Шығыс Дегерес өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 100 22 Қарасу-Южный өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 23 Сарғамыс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 240-600 35-100 24 Сорбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 25 Бестерек-Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 26 Есентай (Весновка) өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 27 Қотырбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 28 Джигитовка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 29 Қарасу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 30 Мутная протока бастауының су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 31 Аршалысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 100 32 Көксай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500 100 33 Самамбай-Карасу бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 34 Жіңішке өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 35 Лушев өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 36 Рахат-Микушенко өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 37 Саламатка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 38 Могильный бастауының су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 39 Садырсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 600 100 40 Бесағаш өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 41 Көльсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 100 42 Терісбұтақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 100 43 Кенсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500 100 44 Қара-Арша өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 45 Грязный бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері 500 100 46 Жылысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500 35-100 47 Байтал-Саз өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 48 Сүмбе өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 100 49 Ұзын-Бұлақ бұлағына су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 55-100 50 Хасан өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 100 51 Қара-Джерік өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 52 Ақтерек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 53 Жарсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 54 Хасансай бұлағының су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 55-100 55 Ұзын-Құнғайлы-Басы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500 35 56 Шұнқұрсай өзеніне өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 57 Құрметті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 58 Кішікаксусай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 59 Шет-Шийбут өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 100 60 Талдысай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 55-100 61 Супатсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 62 Бельшабар өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 63 Иссычка өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 64 Ташты-Қара өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 65 Талдыбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 100 66 Қырғауылды өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500-600 35-100 67 Қарасу Байсерке өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500 35-100 68 Долайты өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500 55 69 Үлкен Ақсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500 35-55 70 Кіші Ақсу өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500 35 71 Құрметті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500 35-55 72 Қақпақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 500 35-55
Басқа 8
Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 453 қаулысына 2-қосымша Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану арнайы режимі 1. Су қорғау белдеулерінің шегінде: 1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке; 2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 145-1-бабында көрсетілген шарттарды ескере отырып қолданылады; 3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге; 4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға; 5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге); 6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға; 7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға жол берілмейді. 2. Су қорғау аймақтарының шегінде: 1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге; 2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге; 3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға; 4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға; 5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне; 6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға; 7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға жол берілмейді. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.