Об объявлении чрезвычайной ситуации местного масштаба природного характера на территории Карасуского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарасу ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 - бабы 1 - тармағының 13) тармақшасына, «Aзаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48 - бабына және 50 - бабы 2 - тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы» № 240 бұйрығына сәйкес, Қарасу ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 8 кезектен тыс отырысының хаттамаларын ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қарасу ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Аудан аумағында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс - шаралар өткізілсін.
Тармақ 3
3. Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Турсунбаева Динара Канапияновна табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып тағайындалсын.
Тармақ 4
4. «Қарасу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;
Тармақша 2
2) осы шешім Қарасу ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.