Об определении заемщика Күшін жойған
Басқа 0
Қарыз алушыны анықтау туралы
«Бюджет жүйесі туралы» Казақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңына, «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832
қаулысына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27
бабына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Тауарлы несие беру үшін кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі инфрақұрылым субъектілерін іріктеу бойынша конкурсында жарияланған жеңімпаз «Ауыл-2003 шаруа қожалықтарына жәрдем және көмек қоры» қоғамдық қоры «Жергілікті деңгейде шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін несиелендіру» бағдарламасы бойынша қарыз алушы болып анықталсын.
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған тауарлы несие беруді жүзеге асыру үшін қарыз алушыларды несиелендірудің Қағидасы бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Облыстық қаржы басқармасы» ММ (Ж. Е. Аманбаев) тауарлы несие беруді жүзеге асыру мақсатында бюджеттік қаражаттың қарыз алушысын несиелендіру үшін «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ (Р. Ә. Юсупова) 7500,0 мың теңге бөлсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақыдау облыс Әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 5
Облыс әкімиятының
2004 жылғы «09» наурыздағы
№ 57 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Тауарлы несие беруді жүзеге асыру үшін қарыз алушыларды несиелендірудің
ҚАҒИДАСЫ
Тармақ 1
1. Осы ережелер «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі № 832 қаулысына сәйкес бөлінетін кредитті берудің, пайдаланудың және қайтарудың тәртібі мен шарттарын анықтайды.
Тармақ 2
2. Несие беруші - бағдарлама әкімшісі «Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлікті қолдау басқармасы» ММ атынан облыс әкімияты. Бағдарлама
әкімшісіне шарттар (келісімдер) жасау құқы беріледі.
Тармақ 3
3. Қарыз алушы - облыс әкімияттың 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 10 қаулысына сәйкес өткізілген тауарлы несие беру үшін кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі инфрақұрылым субъектілерін іріктеу бойынша конкурста анықталған жеңімпаз деп анықталған кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі инфрақұрылым субъектілері. Қарыз алушы облыстық бюджеттен бөлінген (бюджеттік несие) ақшалай қаржы есебінен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі - түпкі қарыз алушылар) жеңілдігі бар негізде тауарлы несие беру жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Облыс әкімияты тарапынан бюджеттік несие беру шаруашылық қызметтерді кеңейту, жеке қосалқы және шаруа қожалықтарының өндірістік
әлеуетін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауылдағы жүмыссыздық деңгейін азайту, еңбекке жарамды халықтың арасында жеке және отбасылық
кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Несие бекітілген сыйақының ставкасы бойынша 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін бөлінеді, бюджет үшін жылдық 3,01 пайыз. Түпкі қарыз алушылардың қайтаруы мал басының өсіміне қарай жүзеге асырылады, бүл
туралы түпкі қарыз алушылармен жасалатын шартта көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Қарыз алушы тауарлы несие беру жөніндегі өз жоспарына сәйкес бағдарлама әкімшісімен келісе отырып, түпкі қарыз алушыларды іріктейді.
Қарыз алушы тауарлы несиені түпкі қарыз алушыларға кепілдікті қамтамасыз етуіне береді.
Тармақ 7
7. Қарыз алушы бюджет қаражатының уақытында қайтарылуына жауап
береді.
Несие мақсатсыз жұмсалған жағдайда, Қарыз алушы мақсатсыз жұмсалған қаражат сомасын кері қайтарады және мақсатсыз жұмсалған соманың 25% мөлшерінде айыппұл төлейді.
Тармақ 8
8. Бағдарлама әкімшісі және «Облыстық қаржы басқармасы» ММ алынған несиелердің мақсаты пайдаланылуын және уақытында қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етеді.