О промысловом, спортивно-любительском лове рыбы в области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыста кәсіпшілік, әуесқойлық - спорт балық аулау туралы Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 1993 жъілғы 21 қазандағы Заңьның 14 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында балық аулау және басқа да су жануарларын өндіру ережесін бекіту туралы» 1996 жылғы 14 желтоқсандағы У- 1480, «Балық шаруашылығы су айдындарында балық аулаудың және теңіз аңын (итбалықты) аулаудың 2004 жылға арналған лимиттері мен квоталарын бекіту туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N-1380 қаулыларьіна және Атырау қаласында болып өткен үкіметтік тендерлік комиссияның 2004 жылғы 19 қаңтардағы N-1 хаттамасының негізінде, облыстық әкімияты КАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі Балық шаруашылығы комитеті балық аулау ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі Маңғыстау облыстық инспекциясына (Баянов Х.Т.) төмендегідей өкілеттік берілсін: тендердің нәтижесі бойынша табиғат пайдаланушылар арасында балық шаруашылығы айдындары учаскесін және балық аулау лимитін бөлу; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылдың 4 желтоқсандағы N-1480 қаулысының 4 тармағына сәйкес табиғат пайдаланушылармен жануарлар дүниесін пайдалануға арналған келісім — шарттар жасау; облысқа бөлінген балық және каспий итбалығын аулау лимитін толық көлемде игерудің және табиғат пайдаланушылар аясын кеңейтудің шараларын алу; кәсіпкерлік және әуесқойлық — спорт мақсатында балық және каспий итбалығын аулауға рұқсат беруді ұйымдастыру; балық аулау лимитінің сақталуына жүйелі түрде бақылау орнату.
Тармақ 2
2. 2004 жылға балық аулау кәсібінің төмендегідей мерзімі белгіленсін; 15 наурыздан 30 сәуір аралығында — майшабақ 01 сәуірден 31 қазан аралығында — кефаль 20 наурыздан 31 қазан аралығында - қара балық.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасы С.Г. Шахманов табиғат пайдаланушылардың «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Занды сақтауына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 4
4. Осы қалуының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Б. Керелбаевқа жүктелсін. С.Б.Керелбаев______________ Р.Т. Мұстапаев______________ А.Т. Қабашев______________ А. Әбдешұлы______________ С.Т. Шахманов _______________Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының бастығы. О.Ш. Қоданов________________ Маңғыстау облыстық орман және аң шаруашылығы аумақтық басқармасының бастығы . орын. Х.Т. Баянов______________Маңғыстау облыстық балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу жөніндегі инспекцияның бастығы.