«О создании комиссии по защите нрав несовершеннолетних при акимате Зерендинского района» Күшін жойған
Басқа 0
«Зеренді ауданы әкімдігінің жанында кәмелетке толмағандардың құқығын қорғайтын комиссия тағайындау
Қазақстан Республикасының 2001 жылдын 23 қаңтардағы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, қылмыс жасаудың, құқық бұзушылықтың, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуларының алдын алу мәселелерін шешіп, олардың құқығын заңды мүдделерін қорғау мақсатында аудан әкімдігі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Зеренді ауданы әкімдігінің жанында кәмелетке толмағандардың құқығын қорғайтын комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардын құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның ережесі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орьшбасары Е.Нұғымановқа жүктелсін.
Басқа 4
Зеренді ауданы әкімдігінің
2004 жылғы 16 ақпан
№ 29 қаулысына қоссымша
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғайтын аудандық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі- Комиссия) кәмелетке толмағандардын қылмыс жасауының, құқық бүзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларының кешенді шешілуін іске асыруға бірыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететін орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Аудандық комиссия жергілікті атқарушы орган - аудандық әкімдік жанынан құрылады.
Комиссия қүрамы аудан әкімінің шешімімен бекітіледі.
Тармақ 3
3. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамы төрағадан, төрағаның орынбасарынан, 6-12 мүшелерінен және комиссияның жауапты хатшысынан тұрады.
Тармақ 4
4. Комиссия кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қараусыз қалуының алдын алуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүдделі ішкі істер органдарының, білім және ғылым, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім, денсаулық сақтау және өзге де ведомстволар өкілдерін біріктіреді.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия өз қызметін Қазакстаи Республикасының Конститутциясы, осы Ереже мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативті құқықтық кесімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Комиссия өз қызметінде жергілікті аткарушы орган алдында жауапты, сондай-ақ жоғары тұрған комиссияның бақылауында болады және оған есеп береді.
Тармақ 7
7. Комиссия қызметі:
заңдылық;
кәмелетке толмағандармен адамгершілік қарым-қатынас; кәмелетке толмағандарға, ата-анасына немесе оның занды өкілдеріне сыйласымды қарым-қатынас;
кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша оның ата-анасымен немесе заңды өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау принциптеріне негізделеді.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі функциялары
2. Комиссияның негізгі функциялары
Тармақ 8
8. Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) Кәмелетке толмағандардың құқыктары мен заңды мүдделерінің жүзеге асырылуы мен қорғалуына ықпал ету;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерінің алдын алу жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзудың анықталған фактілері туралы мүдделі органдарды хабардар ету;
Тармақша 3
3) өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдайдағы кәмелетке толмағандарды анықтау және әлеуметтік ақтау, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, ұстау, олардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде өздерінің міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ кәмелетке толмағандардын қалыпты дене және рухани дамуына теріс әсер ететін немесе олармен қатыгездікпен қарым-қатынас жасайтын ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерін анықтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына немесе шектелуіне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдері мен басқа да адамдардын шағымдары мен өтініштерін қарау;
Тармақша 5
5) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін белгіленген тәртіппен сотқа жүгіну және оларды жою үшін шаралар белгілеу;
Тармақша 6
6) мемлекет көмегін мұқтаж кәмелетке толмағандарды қолдау туралы қорғаншылық және қамқорлық органдарына ұсыныстар енгізу;
Тармақша 7
7) кәмелетке толмағандарды дене және психикалық күш көрсетуден, кемсітудің барлық нысандарынан, жыныстық және өзге де пайдаланудан, сондай-ак кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы әрекет жасауға тартудан қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;
Тармақша 8
8) қылмыстық жауапкершілік жүктелетін жасқа толғанға дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған кылмыстық белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекет фактілері бойынша материалдарды қарау;
Тармақша 9
9) өз құзіреті шегінде кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік құқық бүзушылықтар туралы істерді қарау;
Тармақша 10
10) әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар құру;
Тармақша 11
11) балаларды тәрбиелеумен және оқытумен, кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауынын, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алумен айналысатын тиісті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдарға: тәрбиелеу колонияларынан босатылған; арнайы білім беру ұйымдарынан оралған; әкімшілік жауапкершілікке тартылған; білім беру ұйымдары тарапынан көмек пен бақылауға мұқтаж басқа да кәмелетке толмағандармен жеке алдын алу жұмысын жүргізудің қажеттілігі туралы ақпарат жіберу;
Тармақша 12
12) спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын, психотроптық немесе есеңгірететін заттарды қолданатын кәмелетке толмағандарға қатысты материалдарды тиісті емдеу-алдын алу және ақтау шараларын жүргізу үшін ата-аналары келісімімен денсаулық сақтау мекемелеріне жіберу;
Тармақша 13
13) жалпы білім беретін оқу орындарына мектеп жасындағы кәмелетке жасы толмағандардың ұзақ қатыспағандығы туралы білім беру әкімшілігінің ұсынымдарын қарау;
Тармақша 14
14) кәмелетке толмағандарға және олардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде және осы Ережеде көзделген жағдайлар мен тәртіпте ықпал ету шараларын қабылдау;
Тармақша 15
15) арнайы білім беру ұйымының әкімшілігімен бірлесіп кәмелетке толмағанның көрсетілген мекемеде болуын мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағанның онда болу мерзімін оның жасаған әрекетінде қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар жағдайларда ұзартуға немесе заңнамамен белгіленген осы мекемеде болу жасына жетуіне байланысты басқа арнайы білім беру ұйымдарына ауыстыру мәселелері бойынша, сондай-ақ кәмелетке толмағанның немесе оның заңды өкілдерінің өтініші бойынша сотқа ұсыныс дайындау;
Тармақша 16
16) кәмелетке толмаған соттапушыны жазасын өтеуден мерзімінен бүрын шартты түрде босату жөнінде не оған жазанын өтелмеген бөлігін жазаның мейлінше жеңілірек түрімен ауыстыру туралы жазаны атқарушы мекеменің немесе орган ұсынымының сот отырысында қаралуына кәмелетке толмағандардың құқықтарын ұсынуды ретінде қатысу;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандардың білім беру және мәдениет ұйымдарында уақытша оқшаулау, бейімдеу және ақтау орталықтарында, кәмелетке толмағандарға арналған тәрбие колонияларында, арнайы білім беру ұйымдарында, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың тәрбиелеу, оқыту, ұстау, денсаулығын сақтау жағдайларын тексеру және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау максатында тиісті аумақтарда орналаскан арнайы білім беру ұйымдарында болу. Кәмелетке толмағандардың құкықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ тәрбиелеу жағдайларын бұзушылықтар анықталған жағдайда олар ұсыныс енгізеді;
Тармақша 18
18) білім беру ұйымдарында олардың меншік нысанына қарамастан кәмелетке толмағандардың тәрбие, құқық, білім беру және сауықтыру жұмыстарының жай-күйін зерттеу.
Тарау 3. 3. Комиссия қолданатын шаралар
3. Комиссия қолданатын шаралар
Тармақ 9
9. Кәмелетке толмағандарды орналастыру жөніндегі комиссия қабылдайтын шаралар:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге және оқытуға, қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алуға жауапты басқа органдармен бірлесіп, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда орналасқан, білім беру ұйымдарына ұзақ уақыт қатыспаған, мемлекет көмегіне мұқтаж жасөспірімдерді анықтайды, олардың жеке есебін жүргізеді, осы кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылайды;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмағандарды орналастыру туралы шешімді білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау орындарына жібереді, олар оз кезегінде екі апта мерзімде қабылданған шаралар туралы комиссияға хабарлауға міндетті;
Тармақша 3
3) ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің жоқтығына, ата-анасының ата-аналық құқығынан айырылуына байланысгы арнайы білім беру ұйымдарынан шыққан немесе колониясынан босатылған кәмелетке толмағанның бұрынғы тұрғылыкты жеріне оралуы мүмкін емес немесе қажет болмаған Жағдайларында, сондай-ақ кәмелетке толмағанның тәртібіне теріс әсер ететін өзге де себептерге байланысты көрсетілген мекемелерде орналасқан жері бойынша комиссия кәмелетке толмағанның мүдделерін есепке ала отырып, білім беру ұйымдарына орналастыру немесе еңбекке орналастыру жөнінде, сондай-ақ ол үшін тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнінде көмек көрсетеді, комиссия мәселені кәмелетке толмағанның жазбаша өтініші мен тиісті мекеме әкімшілігінің дәлелді қорытындысы берілген күнінен бастап он күн ішінде қарайды. Қажет болған жағдайларда кәмелетке толмағанға қорғаншылық немесе қамқорлық белгілеу үшін комиссия тиісті қорғаншылық және қамқорлық органына өтініш білдіреді.
Тармақ 10
10. Комиссияның кәмелетке толмағандарға қолданатын ықпал ету шаралары:
Кәмелетке толмағандардың кылмыстық жауапкершілік туындайтын жасқа жеткенге дейінгі әкімшілік құқық бұзушылықтары немесе қылмыс белгілері бар қоғамға қауіпті әрекеттері жөніндегі істерді қарау кезінде комиссия кәмелетке толмағанның жас ерекшелігін, өмір сүру және тәрбие жағдайларын, психикалық даму денгейін, жеке адамның өзге де ерекшеліктерін, әлеуметтік жағдайы мен мінез-құлқын, жасы үлкендердің рөлі мен ықпалын, әкімшіліктік заңнамамен көзделген шаралардан басқа, кәмелетке толмағанды арнайы білім беру ұйымдарына жіберу туралы сотқа өтініш беру.
Тармақ 11
11. Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де занды өкілдеріне комиссия колданатын ықпал ету шаралары:
Кәмелетке толмағандардың балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын не олардың дене тәрбиесінің қалыпты және өнегелі дамуына кері әсерін тигізетін ата-аналарьша немесе өзге де заңды өкілдеріне комиссия мынадай ықпал ету шараларын қолдана алады:
кәмелетке толмаған келтірген материалдық шығынды өндіріп алу туралы сотқа өтініш беру;
кәмелетке толмағанның өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде кәмелетке толмағанды ата-анасынан немесе оны қамкорлыққа алған өзге де заңды өкілдерінен дереу алып қою туралы, қорғаншыны немесе қамқоршыны өздерінің міндеттерін орындаудан шеттету туралы, баланы тәрбиелеуге беру туралы шарттың бұзылуы туралы не асырап алуды (қыз бала асырап алуды) сот тәртібімен жою туралы қорғаншылық және қамқорлық жасау органына өтініш беру; ата-аналық құқығын шектеу жөнінде немеее айыру және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де шаралар қолдану туралы сотқа өтініш беру.
Тарау 4. 4. Комиссияның материалдарды карау тәртібі
4. Комиссияның материалдарды карау тәртібі
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылыктар туралы заннамасымен өзінің құзіретіне жатқызылған кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді комиссия қарайды. Егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау процесінде комиссия қылмыс белгілерін тапқан жағдайда, онда ол тиісті ақпаратты ішкі істер органдарына жібереді.
Тармақ 13
13. Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне қатысты материалдарды:
кәмелетке толмағанның, оның ата-анасынын немесе өзге де занды өкілдерінің өтініші бойынша;
өзінің жеке бастамасы бойынша;
азаматтардың ақпараттары бойынша;
білім беру ұйымдарының ұсыныстары бойынша, сондай-ақ олардың ұйымдастыру -құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтініштері; қылмыстық жауапкершілік туындаған жасқа толғанға дейін қоғамға қауіпті әрекет жасаған кәмелетке толмағанға қатысты ішкі істер органдарының немесе прокуратураның материалдары бойынша қарайды.
Комиссия кәмелетке толмағанға, оның ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне қатысты материалдарды осы Ережемен және Қазакстан Республикасының құқықтық кесімдерімен белгіленген тәртіппен қарайды.
Тарау 5. 5. Комиссия отырыстарын дайындау.
5. Комиссия отырыстарын дайындау.
Тармақ 14
14. Комиссияның қарауына келіп түскен материалдардың уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды комиссияның төрағасы не оның тапсырысы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын ала зерттейді.
Комиссияның қарауына келіп түскен материалдарды алдын ала зерттеу процесінде ол:
осы материалдардың деректерін қарау оның құзыретіне жататындығы;
комиссия отырысына шақыртып алуға немесе шақыруға жататын адамдар шеңберін;
материалдарды дұрыс және уақытылы қарау үшін маңызы бар жағдайларға қосымша тексеру жүргізу, сондай-ақ қосылуына материалдарды талап ету қажеттілігін анықтайды.
Комиссия материалдарды алдын ала зерттеу нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылдай алады: материалдарды қарауға тағайындау және кәмелетке толмағанды, оның ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін, отырысқа қатысуы міндетті деп танылған басқа да адамдарды комиссия отырысының күні мен орны туралы хабардар ету;
келіп түскен материалдардағы мәліметтерге тексеру жүргізу немесе оны жүргізуді тиісті мамандарға тапсыру;
комиссия отырысында карауға жататын мәселелердін нактылығы бойынша кәмелетке толмағанның, ойың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінін өтінішін қарау;
кәмелетке толмағанның комиссия отырысына келуін камтамасыз ету жөнінде осы Ереженің 16-тармағында көзделген шараларды қабылдау;
кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері, адвокат комиссия отырысы басталғанға дейін оның қарауына дайындалған материалдармен танысуға құқылы.
Тармақ 15
15. Осы тармақта көрсетілген адамдардың материалдармен танысу құқығы оларды комиссия отырысына шақыру туралы шақыру қағазында түсіндіріледі. Комиссияның алған материалдары олардың комиссияға келіп түскен күнінен бастап он бес күн ішінде қаралуы тиіс.
Комиссия отырысына қатысушы адамдардың келуін қамтамасыз ету.
Кәмелетке толмағандар комиссиясы отырысына қатысудан жалтарды деуге негіз болған кезде, комиссия келуін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті ата-анасы немесе өзге де занды өкілдеріне, не ол тәрбиеленетін білім беру ұйымдары әкімшілігіне жүктейді, олар осы мәселе бойынша жазбаша міндеттемелер береді.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне хабарланғаннан кейін комиссия отырысына дәлелді себептерсіз келмеген ретте: қоғамға кауіпті іс-әрекет жасаған, он төрт жасқа шыққан кәмелетке толмағандар;
әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, он алты жасқа шыққан кәмелетке толмағандар мәжбүрлеп жеткізіледі.
Кәмелетке толмағандар қоғамға кауіпті іс-әрекет және әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген жағдайда мәжбүрлеп жеткізілуге олардың заңды өкілдері тартылады.
Тармақ 16
16. Комиссия отырыстарын өткізудің тәртібі.
Комиссия отырысы кажетіне қарай, бірақ кемінде айына екі рет өткізіледі және әдетте ашық болып табылады. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия қаралатын материалдардың сипатын ескере отырып, іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша жабық отырыс өткізу туралы дәлелді қаулы қабылдай алады.
Комиссия қажет кезінде істері қаралатын адамдардың оқу, жұмыс орны немесе тұрғылықты жері бойынша көшпелі отырыс өткізе алады.
Комиссия отырысы егер оған, комиссия мүшелерінің кемінде жалпы санының жартысы қатысса заңды болып табылады. Комиссия отырысын оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары төрағалық жасайды.
Кәмелетке қатысты материалдарды комиссия тек кәмелетке толмаған оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің қатысуымен ғана қарайды.
Кәмелетке толмағанның тілегі бойынша комиссия жұмысына қатысуға оның адвокаты жіберіледі.
Комиссия отырысын өткізу күні, оның орны мен уақыты туралы прокурорға міндетті түрде хабарлануы керек.
Қылмыстық жауапкершілік туындайтын жасқа толғанға дейін қоғамға қауіпті әрекет, жасаған кәмелетке толмағанға қатысты материалдарды қарау кезінде отырысқа прокурор шақырылады.
Комиссия отырысының басында төраға қандай материалдар қаралатыны хабарлайды, отырысқа қатысушы адамдармен таныстырады. Мұнан кейін қажетті құжаттар жарияланады, келіп түскен материалдар, сондай-ақ негізделген шешім қабылдау үшін маңызы бар жағдайлар зерттеледі, өтініштер қаралады, отырысқа қатысушы адамдардың сөзі тыңдалады.
Қаралатын материалдардың мәні бойынша өтініштерді кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері, адвокаты, материалдарды қарауға қатысушы мамандар, сондай-ақ комиссияға кәмелетке толмағанға қатысты ұсынымдармен өтініш білдірген адамдар және олардың заңды өкілдері береді. Берілген өтініштерді қарау нәтижелері комиссия отырысының хаттамасына енгізіледі.
Комиссия отырысында кәмелетке толмағанға кері әсерін тигізетін жағдайларды зерттеу уақытында комиссияның оны залдан шығаруға құқы бар, бұл туралы комиссия отырысының хаттамасында жазылады.
Тармақ 17
17. Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы комиссияның қаулысы.
Кәмелетке толмағанға, онын ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдері қатысты материалдары, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен кәмелетке толмағандардың кылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарынын және қараусыз қалуынын алдын алу үшін жауапты органдардың ұсынымдары олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан өзге де органдар мен ұйымдардың өтініштері, азаматтардың ақпараттары бойынша комиссия қаулы қабылдайды, онда:
-Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында көзделген жаза және ықпал ету шараларын қолдану туралы;
-кәмелетке толмағанды орналастыру жөнінде осы Ереженің 10-тармағында көзделген шараларды белгіленген тәртіппен қабылдау туралы;
-дайындалып жатқан не жасалған қылмыс туралы ақпаратты ішкі істер органдарына жіберу туралы шешім баяндайды.
-Комиссия қаулысы отырысқа қатысушы комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Егер дауыстар тең бөлінген жағдайда комиссия отырысына төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия қаулысында:
комиссияның атауы және жеке құрамы;
комиссия отырысының күні мен жері;
материалдар қаралуға қатысты адам туралы мәліметтер;
материалдарды қарау кезінде белгіленген жағдайлар;
шешім қабылдауға негіз болған дәлелдер;
кәмелетке толмағаннын құқық бұзушылығы үшін жауапкершілік көзделетін не құқықтарына кепіл беретін нормативтік құқықтық кесім;
Комиссия қабылдаған шешім:
кәмелетке толмағанға комиссия ұсынған әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі шаралар, олар тапсырылған органдар мен адамдар;
осы қаулы бойынша шағымданудың мерзімдері мен тәртібін түсіндіру туралы мәліметтер көрсетіледі.
Комиссия қаулысына төрағалық етуші және оның жауапты хатшысы қол кояды, комиссия отырысында жарияланады және шағымдауға белгіленген мерзім өткеннен кейін, заңды күйіне енеді.
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша комиссия қаулысы Қазақстан Республикасынын Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес шығарылады.
Комиссия қаулысын орындау үшін тиісті мемлекеттік органдарға және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанынан тәуелсіз ұйымдарға жіберіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі іс бойынша қаулы істі қарау аяқталғаннан кейін дереу жарияланады, ал оның көшірмесі, бұл ретте, шығарылған қаулыға қатысты адамға тапсырылады.
Айыппұл кәмелетке толмағанның жеке жалақысы немесе жаза салынуы мүмкін мүлкі болған жағдайда тағайындалады.
Айыппүл мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Кәмелетке толмағанның жеке жалақысы немесе жаза салынуы мүмкін мүлкі болмаған жағдайда айыппұл ата-анасына немесе оны алмастыратын адамдарға жалпы негізде салынады.
Айыппұл әкімшілік айыппұл қолдану туралы қаулының заңды күшіне енген күнінен бастап отыз күн ішінде не қажетті соманы белгіленген тәртіпте банк мекемесіне өткізу уколымен әкімшілік заңнамамен белгіленген ұзарту мерзімі өткеннен кейін төленуі тиіс.
Комиссия қаулысын орындамау Қазақстан Республикасынын заңнамасында белгіленген жауапкершілік жүктейді.
Тармақ 18
18. Комиссия ұсынысы.
Егер материалдарды қарау барысында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына қоғамға қарсы әрекеттер мен қараусыз қалуына ықпал ететін себептер мен жағдайлар, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталатын болса, комиссия мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына және олардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарға оларды жою туралы тиісті ұсыныстар енгізеді.
Осы тармақта көрсетілген органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдары комиссия ұсыныс алған күнінен бастап бір айдын ішінде оны қарауға және тиісті комиссияға кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарлауға міндетті.
Кәмелетке толмағалдарды құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен Жағдайларды жою жөнінде қабылданған шаралар туралы хабарламау Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.
Тармақ 19
19. Зеренді ауданы әкімдігі жанындағы комиссия отырысының хаттамасы.
Комиссия отырысында комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргізеді, онда:
комиссияның атауы мен жеке құрамы;
комиссия отырысының күні мен орны;
қаралатын материалдардың мазмұны;
материалдары қаралатын адамның тегі, аты және әкесінің аты, туған күні мен жері, онын тұрғылықты жері, сондай-ақ материалдардың қаралуы үшін маңызы бар өзге де мәліметтер; Комиссия отырысына қатысушылардың келуі және оларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру туралы мәліметтер; комиссия отырысына қатысушы адамдардың түсініктемелері; материалдарды қарау кезінде зерттелген құжаттар мен заттай айғақтар; берілген өтініштер мен оларды қарау нәтижелері, комиссия отырысында қабылданған қаулы немесе ұсынысты жариялау туралы мәліметтер;
материалдарды қарау кезінде зерттелген құжаттар мен заттай айғақтар; берілген өтініштер мен оларды қарау нәтижелері, комиссия отырысында қабылданған қаулы немесе ұсынысты жариялау тұратын мәліметтер;
қабылданған қаулы немесе ұсыныс бойынша шағымдану мерзімдері мен тәртібін түсіндіру туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс.
Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етуші және оның жауапты хатшысы қол қояды.
Тармақ 20
20. Кәмелетке толмағандардын қылмыс жасауына, құқық бұзушылықтарына, қоғамға қарсы әрекеттеріне, сондай-ақ қараусыз қалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі жүмыстарды зерттеу мақсатында комиссия отырыстарда қаралған барлық істерді есепке алуды және сақтауды ұйымдастырады, өзінің аумағының шегінде осы есепке алудын деректерін қорытындылайды.
Тармақ 21
21. Комиссия қаулысына немесе ұсынысына шағым беру.
Қаралған материалдар бойынша комиссия қабылдаған қаулы немесе ұсыным ол кімге қатысты қабылданса, сол адам, оның заңды өкілдері, адвокаты, сондай-ақ жәбірленуші сотқа немесе жоғары тұрған комиссияға шағым бере алады.
Көрсетілген мерзімде шағым беру тиісті қаулының орындалуын тоқтатады.
Комиссияның қаулысы немесе ұсынымы бойынша сотқа шағым беру мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Комиссия қаулысына немесе ұсынымына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен прокурор наразылық білдіре алады.
Тарау 6. 6. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
6. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Тармақ 22
22. Комиссия қызметін материалдык-техникалық қамтамасыз ету Зеренді ауданы әкімі аппараты мен Зеренді ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөліміне жүктеледі.