Об областной межведомственной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссия туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 23 қаңтардағы 2001 жылғы №148-II Заңына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 5 шілдедегі 1996 жылғы №19-I Заңына, «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Ведомствоаралық Мемлекеттік комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11 маусым 2003 жылғы №554 Қаулысына сәйкес және алдағы уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін жетілдіру, орталық және жергілікті атқарушы органдарының, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің аумақтық бөлімшелерінің халықты және аумақты авариядан, апаттан және табиғи зілзаладан қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету жөніндегі қимылын үйлестіру бойынша ұсыныстарын әзірлеу мақсатымен облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қолданылып жүрген комиссия және эпидемияға қарсы төтенше комиссия таратылсын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссия құрылсын.
Тармақ 3
3. Таратылатын облыстық эпидемияға қарсы төтенше комиссияның функциясы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияға берілсін.
Тармақ 4
4. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның жеке құрамы облыстық мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілсін (қосымша).
Тармақ 5
5. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссия туралы қосымшадағы Ереже бекітілсін.
Тармақ 6
6. Аудандардың, Көкшетау, Степногорск қалаларының әкімдіктері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық, қалалық комиссия құрып, олардың жеке құрамын аудандық және қалалық мәслихаттардың сессияларында бекітсін, қолданылып жүрген комиссия таратылсын.
Тармақ 7
7. Облыс әкімдігінің 7 қазан 2003 жылғы № а-10/269 «Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссия туралы» қаулысы күшін жойсын.
Басқа 8
Ақмола облысы әкімдігінің 2004 ж. «18» 02 №А-2/41 қаулысына қосымша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссия туралы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссияның жеке құрамы Сейітжанов Аманжол Сейітжанұлы - Ақмола облысы әкімінің орынбасары - комиссияның төрағасы Қанапьянов Ілиәс Ахметжанұлы - Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы - комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Комалдинов Инсафутдин Мавзетдинүлы - Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы - комиссия төрағасының орынбасары Бекенов Адай Балғымбекұлы - Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы - комиссияның хатшысы КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ: Тұраров Серікхан Женісұлы - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Көкшетау техникалық институтының бастығы (келісім бойынша) Ахметов Қанат Ахметұлы - Облыстық туризм және спорт жөніндегі басқарма бастығы Жолдаспаев Болат Жұмағұлұлы - Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің облыстық басқармасының бастығы Матросов Геннадий Николаевич «Ақмола облысы әкімдігінің автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау басқармасының орталығы» МҚМ директоры Түсіпбеков Даул Төлетайұлы - Облыс ішкі істер Бас басқармасының бастығы (келісім бойынша) Мырзалиев Нұржан Кершаизұлы - Ақмола облысы бойынша ҰҚК Департаментінің бастығы Сексенбаев Жаркен Кәкімұлы - Облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Букин Жеңіс Срымбетұлы - Облыстық статистика басқармасының бастығы (келісім бойынша) Үйсінбаев Асқарбек Съезбекұлы - Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бастығы Дмитриенко Елена Александровна - Облыстық білім басқармасының бастығы Жақышев Сәрсенғали Төлеуханұлы - Қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша) Кәрішалова Күләш Шотпайқызы - Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест қоғамы облыстық комитетінің төрайымы Бақберген Қайрат - Көлік бақылау басқармасының бастығы Ташметов Қасымжан Қалижанұлы - Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Зотов Григорий Николаевич - «Ақмола электрожүйесін тарату компаниясы» ЖАҚ бас инженері (келісім бойынша) Кнышбаев Бақыт Нұрахметұлы - Облыстық әскери комиссар (келісім бойынша) Петрищев Валерий Николаевич - «Астана-су» РМК директоры (келісім бойынша) Рыспаев Асқар Мақшанұлы - Облыстық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасының бастығы Савицкий Дмитрий Емельянович - Облыстық қаржы басқармасының бастығы Тоқмырзин Шабдан Хамитұлы - Облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының бастығы Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы - Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы (келісім бойынша) Жуматаев Жақсылық Төлеуұлы - «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы ЖАҚ Ақмола филиалының бастығы (келісім бойынша) Шораев Арман Төлегенұлы - Облыстық телерадио хабарлары компаниясының төрағасы Қалиасқаров Арман Балғожаұлы - «Экспертиза және сертификация Ұлттық орталығы» ААҚ филиалының директоры Дүйсебаев Сержан Дәмебайұлы - Ақмола облысы кеден басқармасының бастығы (келісім бойынша) Никишов Андрей Николаевич - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық басқармасының бастығы (келісім бойынша) Қасиенов Марат Жақанұлы - Ақмола облыстық радиотелевизиялық хабар беру орталығының директоры
Басқа 9
Бекітілді Ақмола облысы әкімдігінің 2004 ж. «18» 02 №А-2/41 қаулысымен бекітілді Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде облыстық ведомствоаралық комиссия туралы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Облыстық ведомствоаралық комиссия (ендігі жерде - комиссия) консультативті-кеңесші орган болып есептелінеді және авария, апат, табиғи және басқа апаттар облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бірыңғай жасау мақсатымен құрылды.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің өкілдігін орталық және жергілікті атқарушы органдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен және барлық меншік иелерінің ұйымдарымен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттестікпен жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттері
2. Негізгі міндеттері Комиссияның негізгі міндеттері төмендегідей ұсыныстар жасау:
Тармақша 1
1) Авария, апат, табиғи немесе басқа апаттар себепті облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу;
Тармақша 2
2) Авария, апат, табиғи және басқа апаттар себепті халықты, облыс аумағын төтенше жағдайлардан қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және басқа шаралар жүйесін қалыптастыру;
Тармақша 3
3) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою құралдары мен күштерін құру және дамыту саласында бірыңғай техникалық саясатты жүргізу;
Тармақша 4
4) Төтенше жағдайлардың алдын алу және қимыл жасаудың облыстық қосымша жүйесін жетілдіру және дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
Тармақша 5
5) Төтенше жағдайлардың алдын алуға, облыс халқын және аумағын төтенше жағдайлардан қорғауға және осы бағдарламаларды орындау жөніндегі жұмыстарды үйлестіруге бағытталған облыстық мақсатты және ғылыми-техникалық бағдарламалар жобасын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) Авария, апат, табиғи және басқа апаттар салдарынан зардап шеккендерді, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан тұлғаларды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық ақтап шығару мәселелері жөнінде облыстық басқару органдарының, жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 7
7) Жұқпалы аурулар эпидемиясының, адамдардың улануының, хайуанаттар індетінің және өсімдіктер ауруының алдын алуға, таратпауға және жоюға шекараны санитарлық күзетуге және облыс аумағына өте қауіпті және карантинді індеттерді тасымалдау мен таратуға жол бермеуге бағытталған жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, барлық меншік түрі мен ведомстволық бағынышындағы ұйымдарының қызметтерін үйлестіру;
Тарау 3. 3. Комиссияның құқықтары
3. Комиссияның құқықтары Комиссияның құқы бар:
Тармақша 1
1) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері жөнінде облыстық басқармалардың, комитеттердің, департаментердің, ғылыми, қоғамдық ұйымдардың және облыс бірлестіктерінің қимылдарын үйлестіру бойынша ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) Комиссия компетенциясына қатысты мәселелер жөнінде әкімдіктің және облыс әкімінің нормативтік-құқықтық актілер жобасын әзірлеуге қатысуға;
Тармақша 3
3) Комиссия компетенциясына қатысты мәселелер жөнінде облыстық мекемелердің, ұйымдардың және барлық меншік түрі мен ведомстволық бағыныштылығындағы кәсіпорындарының лауазымды тұлғаларын тыңдауға;
Тармақша 4
4) Комиссия жұмысы үшін олардың қызметтері жөніндегі қажетті ақпаратты облыс мекемелерінен, ұйымдарынан және барлық меншік түрі мен ведомстволық бағыныштылығындағы кәсіпорындардан, жергілікті атқарушы органдардан сұратуға;
Тармақша 5
5) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері жөнінде мақсатты бағдарламаларды, оның ішінде шаралар бағдарламасын іске асыруға облыс бюджетінен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануға талдауды облыстық басқару органдарының, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің, ұйымдардың және барлық меншік түрі мен ведомстволық бағыныштылығындағы кәсіпорындардың, жергілікті атқарушы органдардың орындағанына талдау жүргізуге;
Тармақша 6
6) Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері жөнінде облыстың кәсіпорындарының, мекемелерінің және ұйымдарының (олардың басшыларымен келісім бойынша) мамандарын аналитикалық, эксперттік және басқа жұмыстарды орындау үшін жұмылдыруға;
Тармақша 7
7) Жұқпалы ауру індеттерін және адамдардың жаппай улануын болдырмауға, өте қауіпті және карантинді індеттерді әкелудің, таратудың алдын алуға бағытталған шешім шығаруға;
Тармақша 8
8) Аурудың тарап кетуін болдырмау және оның зардаптарын жою үшін аса қауіпті індет ауруларының ошағына облыстық денсаулық сақтау басқармасының және СЭС, басқа да мекемелердің мамандандырылған медицина құрамаларын, жедел топтарын жіберу жөніндегі облыс денсаулық сақтау органдарының қимылдарын үйлестіруге;
Тармақша 9
9) Қауіпті жұқпалы аурулардың тарап кетуінің алдын алу жөнінде халықты дәрігерлік-санитарлық біліммен хабарлар ету үшін денсаулық сақтау және ветеринария органдарының бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану жөніндегі қимылын үйлестіруге;
Тарау 4. 4. Комиссия қызметің ұйымдастыру
4. Комиссия қызметің ұйымдастыру
Тармақ 3
3. Ақмола облысы әкімінің орынбасары комиссияның төрағасы болып есептеледі.
Тармақ 4
4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық жағынан қамту төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға жүктеледі.
Тармақ 5
5. Комиссия өз қызметін комиссия төрағасы бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес іске асырады. Комиссия мәжілісі қажет болған жағдайда өткізіледі, бірақ тоқсан ішінде бір реттен кем емес. Комиссияның шешімі хаттамамен әзірленеді.
Тармақ 6
6. Комиссияның компетенциясына сәйкес қабылданған шешім ұсынба сыпатына болады.