Об отборе кандидатов в военно-учебные заведения Республики Казахстан и Российской Федерации Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына кандидаттар іріктеп алу туралы
Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына 2004 жылы кандидаттар іріктеп алу шараларын ұйымдасқан түрде және сапалы өткізу мақсатында облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады :
Тармақ 1
1. Аудандар мен қалалардың әкімдері, әскери комиссарлар Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына кандидаттар іріктеп алу разнарядкаларын орындау мақсатында тиісті шаралар қабылдасын (№ 1 қосымша).
Әскери оқу орындарында оқытуға кандидаттар іріктеп алу кезінде балалар үйінде тәрбиеленушілерге, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттар оқушылары, сондай-ақ көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларының балалары, Қазақстан Республикасының мүддесін қорғау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер балаларының арасынан шыққан бозбалаларға артықшылық берілсін.
Әскери-оқу орындарына ең лайықты, физикалық жетілген және моральдық жағынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет етуге дайын тұлғалар жіберілсін.
Медициналық растау және мандат комиссиясының тексеруін жүргізу мақсатында Алматы қаласындағы облыстық пунктке кандидаттарды дер кезінде жеткізуге қажет қаржының және көлік құралдарының бөлінуін ескерсін.
Тармақ 2
2. Алматы облысы Әкімі денсаулық сақтау басқармасының бастығы (А.Д.Дүйсекеев):
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарына кандидаттарды медициналық растау шарасын 2004 жылдың 10-22 сәуірі, ал Кадет корпусы мен Республикалық "Жас ұлан" мектебіне кандидаттарды медициналық растау шарасын 2004 жылғы 2-22 мамыр аралығында өткізсін.
Тармақша 2
2) Аудандық (қалалық) әскери комиссариаттардың келісімімен әскери-оқу орнына кандидаттарды медициналық растау шарасын өткізуге, қажет мөлшерде дәрігер мамандар мен медициналық қызметкерлер бөлсін, әскери-оқу орындарындағы мамандықтарды ескере отырып, оларды медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастырсын. Анализдер тапсыру, сондай-ақ флюорография мен арнайы медициналық тексерулерден өту кезінде кандидаттарға тегін қызмет көрсетілсін.
Тармақ 3
3. Білім департаментінің директоры (Т.Е.Естенов) әскери-оқу орындарына кандидаттардың негізгі пәндер (математика, физика, қазақ және орыс тілдері, Қазақстанның тарихы) бойынша білімдерін әділ тексеруден өткізсін.
Тармақ 4
4. Спорт және дене тәрбиесі басқармасының бастығы (Ә.Ж.Жайлаубеков) әскери-оқу орындарына түсетін кандидаттардың күш-қайрат, шыдамдылық және жылдамдық бойынша физикалық дайындығы нормативтерін өткізуін ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық әскери комиссар (Т.Р.Мәукебаев) осы шешімге сәйкес әскери-оқу орындарына кандидаттар іріктеп алуды ұйымдастырсын және осы шешімнің орындалуы туралы ақпарат 2004 жылдың 15-қарашасына дейін тапсырылсын.
Тармақ 6
6. Алматы облысы Әкімінің 2003 жылғы 18-наурыздағы № 3-55 шешімі күшін жойған болып саналсын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы облысы Әкімінің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа жүктелсін.
Басқа 10
Облыс Әкімінің
2004 жылғы 16 ақпандағы
№ 2-22 шешіміне № 1 қосымша
Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы
Қорғаныс министрліктерінің әскери-оқу орындарына
кандидаттар іріктеп алудың
разнарядкасы
№№
Аудандар (қалалар)
атаулары
Оның ішінде
Ресей Федерация
сының жоғарғы әскери оқу орындары
Жоғарғы әскери оқу орындары
Кадет корпусы
Республикалық "Жас ұлан" мектебі
1
Ақсу
4
1
-
1
2
Алакөл
11
2
-
2
3
Балқаш
3
-
-
1
4
Еңбекшіқазақ
22
3
3
8
5
Ескелді
12
1
1
2
6
Жамбыл
11
2
-
3
7
Іле
15
-
-
3
8
Қапшағай қ.
5
-
-
1
9
Қарасай
12
1
1
3
10
Кербұлақ
8
-
-
1
11
Қаратал
9
1
2
2
12
Панфилов
10
1
-
2
13
Райымбек
6
2
-
1
14
Сарқан
6
1
-
2
15
Талғар
9
1
-
4
16
Талдықорған қ.
27
2
4
4
17
Ұйғыр
8
1
-
2
Барлығы:
178
17
11
42