Ауыл шаруашылығы товарларын өңдірушілерге кредит беру Ережелерін бекіту туралы Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығы товарларын өңдірушілерге кредит беру Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15-каңтардағы № 38 Қаулысына сәйкес Облыс Әкімі ШЕІШМ кабылдады:
Тармақ 1
1. 2004 жылға арналған Республикалық бюджеттен бөлінген кредит ресурстары есебінен жанар-жағай май материалдарын, тұқым, тыңайқыштар, гербицидтер, ауыл шаруашылығы машиналарына қосалқы бөлшектер сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жалға немесе сатып алуға, көктемгі егіс және астық жинау жүмыстарын дер кезінде жүргізуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге кредит беру Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыс Әкімі аппаратының заң және мемлекеттік құқықтық бөлімі бекітілген Ережелердің 5-8 тармақтарын жүзеге асыруға байланысты құқықтық қостауды (правовое сопровождение) қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары І. Тойбаевқа жүктелсін.
Басқа 4
Алматы облысы Әкімінің 2004 жылғы 28 қаңтардағы № 1-10 шешімімен БЕКІТІЛДІ» Алматы облысы Әкімінің ауыл шаруашылығы товарларын өңдірушілерге кредит беру ЕРЕЖЕСІ Осы Ережелер жанар-жағай май материалдарын, тұқым, тыңайтқыштар, гербицидтер, ауылшыруашылығы машиналарына арналған қосалқы бөлшектер сатып алу, ауылшаруашылығы техникасын жалға немесе сатып алу, сондай-ақ көктемгі және астық жинау жүмыстарын дер кезінде өткізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үшін ауылшаруашылығы тауарларын өңдірушілерге кредит беру мақсатында әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы Ережелер
1. Жалпы Ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде төмендегі ұғымдар пайдаланылады: Кредит беруші - Алматы облысының Әкімі. Бюджеттік кредит дегеніміз жергілікті бюджеттен шүғыл және қайтарым шарттарымен берілетін ақша қаражаты. Қарыз алушы (заемшы) дегеніміз Алматы облысының аумағында тіркелген, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысатын, бағдарлама әкімшісі арқылы бюджеттік кредитті алушы заңды және жеке түлғалар Казақстан Республикасының резиденттері. Бағдарламаның әкімшісі - облыстық ауыл шаруашылығы департаменті.
Тармақ 2
2. Бюджеттік кредитті беру Қазақстан Республикасында қолданылып журген заңдарға сәйкес кредиттік шарттармен ресімделеді.
Тарау 2. 2. Бюджеттік кредиттерді беру тәртібі мен шарттары
2. Бюджеттік кредиттерді беру тәртібі мен шарттары
Тармақ 3
3. Қарыз алушымен жасалған кредиттік шартқа облыс Әкімінің атынан, облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің бастығы қол қояды.
Тармақ 4
4. Кредиттік шартта төмендегі міндетті түрдегі жағдайлар болуы тиіс: қайтарылатын кредит, қайтару мерзімі 2004 жылды 1 -қарашасы; мақсатты кредит, ол тек қана көктемгі егіс және астық жинау жүмыстарын өткізуге, сондай-ақ ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге пайдаланылуы мүмкін; пайызсыз кредит, оған сыйақы есептелінбейді; кредитті мақсатты пайдаланбағаны және дер кезінде қайтармағаны үшін айыппүл санкциялары; қарыз алушының алған кредитті қайтару кепілдігі.
Тармақ 5
5. Кредиттік шартқа қарыз алушы төмендегі құжаттарды қоса тапсырады: кредитті игеру және қайтару жөніндегі бизнес-план; салық төлеуші тіркелген жердегі салық комитетінің, кредитті рәсімдеу кезде бюджетке түсетін төлемдер бойынша қарызының жоқтығы туралы салық органының басшысының қолы қойылған анықтамасы; банктың, № 2 картотеканың және кредит алатын кезде ссудалық қарыздың жоқтығы көрсетілген, шоттың бар екендігі туралы анықтамасы; аудандық жер ресурстарын басқару жөніндегі колмитеттің қарыз берушіге ауыл шаруашылығы алқаптарының бекітілуі туралы алаңы көрсетілген аудандық комитеттің анықтамасы; аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының (департаментінің) ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша себілген жерлердің аланы туралы аудандық басқарма (департамент) бастығының қолы қойылған анықтамасы.
Тармақ 6
6. Кредитті дер кезінде қайтару мақсатында әкімші (кепілдік үстаушы) және қарыз алушы (кепілдік беруші) арасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кепілдік шарты немесе банктік кепілдік жасалады.
Тармақ 7
7. Кепілдікке қарыз алушының өңдірістік жайлардан, цехтардан және айналымдағы мүліктен басқа өтімді мүлкі (үй, пәтер, көлік қүралдары, ауыл шаруашылығы техникасы және мал) қабылданады. Кепілдікке берілген мүлікті (үй, пәтер) бағалауды мүлік орналасқан жердегі жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық; Көлік қүралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын бағалауды ауданның ауыл шаруашылығы басқармасы(департаменті) жүзеге асырады; малдың бар-жоғы ауылдық округ әкімінің анықтамасымен расталуы тиыс. Кепілдікке берілетін мүліктің тізбесі аудан әкімімен бекітіледі. Карыз алушыға берілетін кредиттің сомасы кепілдікке берілген мүлік құнының 50 пайызынан аспауы тиіс.
Тармақ 8
8. Қарыз алушыға берілетін банк кепілдігі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі авалирлеген, өз деңгейінде ресімделген жағдайда қабылданады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және қайтару тәртібі
3. Қаржыландыру және қайтару тәртібі
Тармақ 9
9. Бағдарламаның әкімшісі облыстық қаржы басқармасына кредиттік шарт жасалған қарыз алушылардың тізбесімен, бөлінетін соманы көрсете отырып, тапсырыс жасайды.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы басқармасы бағдарлама әкімшісінің тапсырысы негізінде оның бюджеттік шотына ақша қаражатын аударады.
Тармақ 11
11. Бағдарламаның әкімшісі облыстық қазынашылық басқармасына төлем жөніндегі тапсырма арқылы қарыз алушымен жасалған кредиттік шарт пен кепілдік туралы шартты тапсырады.
Тармақ 12
12. Жергілікті бюджет кірісіне бюджеттік кредиттерді кайтаруды қарызға алушылар кредиттік шартта көрсетілген реквизиттер бойынша жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Бюджеттік каржыны есепке алу және бакылау
4. Бюджеттік каржыны есепке алу және бакылау
Тармақ 13
13. Әкімші және уәкілетті мемлекеттік органдар бюджеттік кредиттердің игерілуіне мақсатты пайдаланылуына, дер кезінде және толық қайтарылуына Оақылауды жүзеге асырады.