"Об организации и проведении сплошных дератизационных мероприятий в населенных пунктах (помещения и открытые территории) Алматинской области, находящихся в зоне активно действующих природных очагов чумы, туляремии и с высокой численностью серых крыс; проведение истребительных мероприятий против малярийных комаров на анофелогенных площадях Капчагайского водохранилища" Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.02.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Алматы облысының оба, туляремия ауруларының табиғи белсендi ошақтары аймақтарында орналасқан және сұр егеуқұйрықтардың саны көп елдi мекендерiнде (үй-жайлар мен ашық аумақтар) жаппай дератизациялау шараларын ұйымдастыру және өткiзу; Қапшағай су қоймасындағы анафелогендi алаңдарда безгек ауруын тарататын масаны қырып-жою шараларын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 ж. 5 шiлдедегi "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" № 19-1  Заңына  сәйкес, ҚР Үкiметiнiң 1996 ж. 2 шiлдедегi "Халықты адамға қауiптi қан сорғыш жәндiктер мен кенеден қорғау жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы" № 840  қаулысын  орындау мақсатында және оба, туляремия ауруларының табиғи ошақтарындағы жабайы кемiргiштер арасындағы эпизоотиялық процестердiң жандануына, облыстың бiрқатар елдi мекендерiне жақын жерлерде эпизоотияның аса қауiптiлiгiне және көп таралуына, сондай-ақ процеске синантроптық (адамға жақын мекендейтiн) кемiргiштердiң араласуына байланысты, тұрғындар арасындағы оба мен туляремия ауруларының алдын алу мақсатында облыс Әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Кемiргiштердiң санын төмендету жөнiндегi профилактикалық шараларды жүргiзуге тапсырыс берушi болып Алматы облыстық Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Е.Е. Дүрiмбетов) белгiленсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Е.Е. Дүрiмбетов): - дератизациялау, дезинсекциялау шараларының көктемгi және күзгi түрін өткiзiп, анафелогендi алаңдарды залалсыздандыруға қажеттi шығынның  есептеулерiн жасасын; - белгiленген тәртiпке сай жаппай дератизациялау және дезинсекциялау жұмыстарының орындалуына тендер өткiзудi қамтамасыз етсiн; - Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшiқазақ, Жамбыл, Қаратал, Қарасай, Кербұлақ, Панфилов, Райымбек, Сарқан, Ұйғыр аудандарындағы оба мен туляремияның табиғи белсендi ошақтары маңында, сұр егеуқұйрықтардың саны мол аумақтарда орналасқан елдi мекендерде, оның iшiнде мола, қоқыс тастайтын жерлер сияқты басқа да кемiргiштер жайылатын жерлерде жаппай дератизациялау жүргiзудi қамтамасыз етсiн; - безгек масаларының құрттарына қарсы Қапшағай су қоймасының анафелогендiк алаңдарын залалсыздандыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Дератизациялаудың көктемгi-күзгi түрлерін өткiзу кезеңiнде Ақсу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшiқазақ, Жамбыл, Қаратал, Қарасай, Кербұлақ, Панфилов, Райымбек, Сарқан, Ұйғыр аудандарының әкiмдерi: - көшелерге, тұрғын үй секторларына, базарлар, қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындары және коммуналдық объектiлер орналасқан аумақтарға санитарлық тазарту және көрiктендiру жөнiндегi бiржолғы шаралардың өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн; - рұқсат етiлмеген жерлердегi қоқыс үйiндiлерiн жою және олардың пайда болуына жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдансын; - кез-келген меншiк түрiндегi барлық мекемелер мен кәсiпорындар басшыларына ведомстволық бағыныстағы объектiлерде және орналасқан аумақтарында дератизациялық шаралар жүргiзу, қойма және жертөле жайларының санитарлық жағдайын қалыпқа келтiру, оларды кемiргiштерден қорғауды қамтамасыз ету мiндеттелсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (М.Ү. Сәтқалиев): - дератизациялау мен дезинсекциялау шараларын өткiзуге кететiн шығындарды облыстық бюджетте осы мақсаттарға ескерiлген қаржы есебiнен жүзеге асырсын.
Тармақ 5
5. Облыс әкiмдiгiнiң 2003 ж. 12 сәуiрдегi "Алматы облысының оба және туляремия ауруларының белсендi түрде әсер ететiн табиғи ошақтарында орналасқан елдi мекендерде жаппай дератизациялау шараларын ұйымдастыру және Қапшағай су қоймасындағы анафелогендiк алаңдарда безгек ауруын тарататын масаны қырып-жою шараларын өткiзу туралы" № 16  қаулысының  (2003 ж. 23 мамырдағы тiркеу № 1161) күшi жойылды деп есептелсiн.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсiн.