Об учреждении премий акима Мангистауской области за лучшее освещение актуальных общественно-значимых тем в средствах массовой информации Күшін жойған
Басқа 0
Бұқаралық ақпарат құралдарында көкейкесті әрі қоғамдық мәні бар тақырыптарды үздік жазып көрсеткені үшін Маңғыстау облысы әкімінің сыйлықтарын белгілеу туралы
Бұқаралық ақпарат құралдарының көкейкесті әрі қоғамдық мәні бар тақырыптарды жазып көрсетудегі қызметін жандандыру мақсатында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бұқаралық ақпарат құралдарында көкейкесті әрі қоғамдық мәні бар тақырыптарды үздік жазып көрсеткені үшін Маңғыстау облысы әкімінің сыйлығы 350 (үш жүз елу мың) теңге сомасында белгіленсін.
Тармақ 2
2. Мыналар бекітілсін:
Тармақша 1
1) Бұқаралық ақпарат құралдарында көкейкесті әрі қоғамдық мәні бар тақырыптарды үздік жазып көрсеткені үшін Маңғыстау облысы әкімінің сыйлықтарын беру Ережесі (І қосымша)
Тармақша 2
2) Маңғыстау облысы әкімінің сыйлықтарын беруге үміткерлерді ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияның құрамы (2 қосымша)
Тармақ 3
3. Ішкі саясат департаменті (А.К. Рзаханов) жеңімпаздарта сыйлықтар төлеу үшін 350 (үш жүз/елу мың) теңге сомасында қаржы бөлсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау осы салаға жетекшілік
жасайтын облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
А.С.Қасабеков
Р.Т.Мұстапаев
А.Т.Қабашев
А.Әбдешұлы
Х.Х.Нұрғалиева - облыстық қаражат басқармасының бастығы
А.Қ.Рзаханов - Маңғыстау облыстық Ішкі саясат департаментінің директоры
Басқа 7
1 Қосымша
Маңғыстау облысы әкімиятының
2004 жылғы 25 ақпан № 49 қаулысымен
Бекітілген
Көкейкесті әрі қоғамдық мәні бар тақырыптарды үздік жазып көрсеткені үшін Маңғыстау облысы әкімінің сыйлықтарын беру
ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің сыйлықтары 2004 жылдың желтоқсан айының екінші
жартысында беріледі.
Тармақ 2
2. Байқауға қатысуға мынадай материалдар қабылданады:
газет үшін - репортаж, мақала, аналитикалық материал, толық ақпарат, сұхбат; фоторепортаж, тақырыптық материалдарға арналған суреттер; теледидар үшін - репортаж, көрініс сұхбат, хабар.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облысы әкімінің сыйлығын беруге үміткерлерді ұсыну
жөніндегі конкурстық комиссияның санын және қүрамын облыс әкімі бекітеді.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің сыйлығын беруге үміткерлерді ұсынуды БАҚ-тың редакциялары жүргізеді.
Тармақ 5
5. Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлер, олардың жарияланымдары баспасөзде, теледидар мен радио арқылы жұртшылыққа кеңінен таныстырылғаннан кейін ғана ұсынылады.
Тармақ 6
6. Облыс әкімінің сыйлығын беруге ұсынылған үміткерлер Комиссияның мәжілісінде қаралады.
Тармақ 7
7. Облыс әкімінің сыйлықтарын беруге, журналистер материалдарымен қатар БАҚ-тың штаттан тыс коррспонденттерінің материалдары да ұсынылуы мүмкін.
Тармақ 8
8. Облыс әкімінің сыйлықтарын бері үшін қарауға қабылданған үміткерлердің және оларды ұсынған БАҚ-тың тізімі, облыстық «Маңғыстау» және «Огни Мангистау» газеттерінде жарияланады.
Тармақ 9
9. 0блыс әкімінің сыйлықтарын беруге үміткерлерді ұсыну туралы шешім, комиссияның ашық отырысында, оның құрамы 2/3 болған жағдайда жай көпшілік дауыспен қабылданады.
Тармақ 10
10. Сыйлық облыс әкімінің шешімімен беріледі және оны жеке дара өзі табыс етеді.
Тармақ 11
11. Облыс әкімінің сыйлықтары мынадай номинациялар бойынша беріледі:
Тармақша 1
1) «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз». Сыйлықтар Қазақстандағы Ресей жылына, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыруға, этностық топтар мәдениетін дамыту мен жаңартуға арналған жарияланымдар мен телерадиобағдарламалар желісі үшін мынадай көлемде:
Тармақша 2
2) «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз». Сыйлықтар Ауыл жылына, ауылдың экономикалық, мәдени, рухани жаңаруы мен дамуы туралы жазып көрсеткен жарияланымдар мен телерадиобағдарламалар желісі үшін мынадай көлемде:
I орын - 40 (қырық мың) теңге;
II орын - 20 (жиырма мың) теңге;
III орын - 15 (он бес мың) теңге.
Тармақша 3
3) «Таза экология-болашақ негізі». Сыйлықтар экология саласында қоғамды ағарту, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға арналған жарияланымдар мен телерадиобағдарламалар желісі үшін мынадай көлемде:
I орын - 40 (қырық мың) теңге;
II орын - 20 (жиырма мың) теңге;
III орын - 15 (он бес мың) теңге.
Тармақша 4
4)«Ғасырлар тарихын есте сақтау». Өлкенің бірегей тарихына, мәдениеттің дамуына, мәдени мұраны сақтау мен көбейтуге, тарихи-мәдени ескерткіштерді жаңартуға арналған , сондай-ақ мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту мәселесін көтерген жарияланымдар мен телерадиобағдарламалар желісі үшін мынадай көлемде:
I орын - 40 (қырық мың) төңге;
II орын - 20 (жиырма мың) теңге;
III орын - 15 (он бес мьщ) теңге.
Тармақша 5
5)Үздік теле- және радио жүргізуші. Сыйлық 20 мың (жиырма мың) теңге сомасында қоғамның ең өзекті мәселесін көтергені, сондай-ақ материалды тартымды түрде ұсынған шеберлігі үшін;
Тармақша 6
6) Үздік оператор. Сыйлық 15 (он бес мың) теңге бейнелеген материалдар үшін;
Тармақша 7
7) Үздік фотокорреспондент. Сыйлық 15 (он бес мың) тенге сомасында сапалы, мазмұнды және тартымды фотоматериалдар үшін.
Басқа 26
2 Қосыша
Маңғыстау облысы әкімиятының
2004 жылғы 25 ақпан № 49 қаулысымен
бекітілген
Облыс әкімінің сыйлықтарын беруге үміткерлерді ұсыну жөніндегі облыстық конкурстық комиясының құрамы
1. Рзаханов Асқар Киікбайұлы Маңғыстау облыстық
Ішкі саясат департаментінің
директоры,Комиссия төрағасы
2. Жүнбасов Мұханбет Мұратбайұлы Маңғыстау облыстық Ақпарат
басқармасының бастығы,
Комиссия төрағасының орынбасары
3. Балғожаева Гүлмира Қуатқызы Маңғыстау облыстық Ішкі саясат
департаментінің жұртшылықпен
байланыс бөлімі бастығының
міндетін атқарушы, Комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
4.Маврова Майра Кемелқызы облыс аппараты әкімінің
баспасөз – қызметінің басшысы
5.Токмашов Станислав Дмитриевич «Актив-студия» телеарнасының
директоры
6.Іңірбай Есберген «Актив-студия» газетінің
бас редакторы
7.Нестеров Игорь «Хабар» агенттінің меншікті
тілшісі, «Лада ТВ плюс»
газетінің журналисі
8.Спан Әбілхайыр журналист, ҚР журналистер
Одағының мүшесі
9.Болашақ Жоламан «Егемен Қазақстан» газетінің
меншікті тілшісі