Об установлении социальных норм потребления коммунальных услуг, применяемых при расчете жилищной помощи Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.03.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қолданатын коммуналдық қызмет тұтынудың әлеуметтік нормаларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Ресгіубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі № 437 «Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеудің жаңа принціптеріне көшу туралы» қаулысына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2002 жылғы 14 мамырдағы № 19/195 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну ақысын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі туралы» шешіміне сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандар бойынша тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қолданылатын коммуналдық қызметтерді тұтынудың әлеуметтік нормалары 1,2,3,4,5 және 6 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы (А.Баужанова) жоғарыда көрсетілген әлеуметтік нормаларды қолданып, аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегінің уақтылы тағайындалуы мен төленуін ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиға жүктелсін. Е.Күміскали _____________ А.С.Қасабеков _____________ С.А.Макежанов _____________ А.Т.Қабашев _____________ А.Әбдешүлы _____________ Орын.: А.Баужанова _____________ Облыстық еңбек, халықты жұмыспен әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Басқа 4
1 қосымша Маңғыстау облысы әкімінің 2004 жылғы 23 ақпан № 18 шешіміне Тұрғын уй көмегін есептеу кезінде қолданалатын Ақтау қаласы (ауылдармен бірге) бойынша әлеуметтік тұтыну нормалары
Тармақ 1
1. Пайдалану алаңы:. Адамға шаққанда - 18 шаршы метр. Жалғызбасты азаматка - 30 ш.м. Екі адамға - 39 ш.м.
Тармақ 2
2. Су: Ауыз су - тәулігіне 60 литр; Техникалық. су- тәулігіне 120 литр; Ыстық су - тәулігіне 120 литр;
Тармақ 3
3. Газ: Жылу нормасы айына өлшеуіш қуралынсыз турғын үй бөлмелерін газбен жылыту шығыны- 1238,4 текше метр.
Тармақ 4
4. Электр қуаты Бір бөлмелі үйге - айына 90 кв/сағ.; Екі бөлмелі үйге - айына 120 кв/сағ.; Үш бөлмелі үйге - айына 150 кв/сағ.; Төртбөлмелі үйге - айына 180 кв/сағ.; Бес бөлмелі үйлер үшін - айына 200 кв/сағ.; Жеке меншік үйлер үшін - айына 150 кв/сағ. Электрлі плита (газ қурылғысының орнына) қурылған үйлер үшін айына: Бір бөлмелі үйге - 230 кв/сағ.; Екі бөлмелі үйге - 275 кв/сағ.; Үш бөлмелі үйге - 350 кв/сағ.; жеке үйлер үшін - 350 кв/сағ.
Басқа 1
2 қосымша Маңғыстау облысы әкімінің 2004 жылғы 23 ақпан № 18 шешіміне Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қолданалатын Жаңаөзен қаласы бойынша әлеуметтік тұтыну нормалары
Тармақ 1
1. Пайдалану алаңы: Адамға шаққанда - 18 шаршы метр. Жалғызбасты азаматка - тұратын пәтер көлемі бойынша; Екі немесе одан көп бөлмелі пәтерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін - 30 ш.м.
Тармақ 2
2. Су: Есептеуіш қүралдары болмаған жағдайда көп қабатты үйлерде тұратын тұрғындар үшін 1 адамға. тәулігіне - 300 литр, соның ішінде: Суық су - 210 литр, тәулігіне; Ыстық су - 90 литр, тәулігіне; Есептеуіш құралдары болған жағдайда - есептеуіш құралдарының көрсеткіші бойынша, белгіленген әлеуметтік нормативтен асырмай;
Тармақ 3
3. Газ (шаруашылық тұрмыс мақсатында пайдалану нормативі) Есептеуіш құралдары болмаған жағдайда, қала тұрғындары үшін 1 адамға - 20,5 метр куб Жеке меншік үйлерде тұратын тұрғындар үшін: 1 тармақты газбен жылыту аппаратының есебімен - 715 куб метр 2 тармақты газбен жылыту аппаратының есебімен - 1047 куб метр Есептеуіш құралдары болған жағдайда - есептеуіш құралдарының көрсеткіші бойынша, белгіленген әлеуметтік нормативтерінен асырмай;
Тармақ 4
4. Электр қуаты Бір бөлмелі үйге - 110 кВт/сағ Екі бөлмелі үйге - 140 кВт/сағ Үш бөлмелі үйге - 170 кВт/сағ Төрт бөлмелі үйге - 200 кВт/сағ Бес бөлмелі үйге - 220 кВт/сағ Алты бөлмелі үйге - 240 квт/сағ
Тармақ 5
5. Жылу Тұрғын үй көлемінде тұтыну нормативтеріне сәйкес;
Тармақ 6
6. Тұрғын үйді пайдаланудағы сақтау шығыны Жекешелендірілген пәтер иелері кооперативінің бөлінбейтін меншікті сақтауға, ауланы сыпыруға, подвалды улауға, қоқыстарды шығаруға жұмсалатын шығындары - 70 пайызы
Басқа 2
3 қосымша Маңғыстау облысы әкімінің 2004 жылғы 23 ақпан № 18 шешіміне Тұрғын ұй көмегін есептеу кезінде қолданалатын Тұпқараған ауданы бойынша әлеуметтік тұтыну нормалары
Тармақ 1
1. Пайдалану алаңы: Адамға шаққанда - 18 шаршы метр. Жалғызбасты азаматка - 30 ш.м. Екі адам болып тұратын тұрғындар үшін - 39 ш.м.
Тармақ 2
2. Су:
Тармақ 2.1
2.1. Жәй бір қабатты тұрғын үйлерде тұратын әр отбасының бір айға тұтыну мөлшері: ауыз су - 4 тонна;
Тармақ 2.2
2.2. Екі қабатты тұрғын үйлер тұрғындары үшін: Ауыз су - әр адамға айлық тұтыну мөлшері негізінде;
Тармақ 3
3. Газ: Жәй бір қабатты тұрғын үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген тұрғындар үшін әр отбасының газ құбыр арқылы көгілдір отын тұтыну мөлшері - бір адамға: Жаз айларына - 12,5 метр. куб. Жылу мерзімінде: Қыс айларына - 18,5 метр, куб; Екі қабатты және жәй бір қабатты тұрғын үйлерде тұратын аз қамтамасыз етілген тұрғындар үшін әр отбасына бір айға: Газбаллон (плита) - 11 кг мөлшерінде;
Тармақ 4
4. Электр қуаты Жәй бір қабатты, екі қабатты тұрғын үйлерде тұратын бір айға тұтыну мөлшері: әр отбасына - 150 кВт/сағ;
Тармақ 5
5. Лас су, қоқыс шығару Әр адамға айлық тұтыну мөлшері негізінде.
Басқа 3
4 қосымша Маңғыстау облысы әкімінің 2004 жылғы 23 ақпан № 18 шешіміне Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қолданалатын Бейнеу ауданы бойынша әлеуметтік тұтыну нормалары
Тармақ 1
1. Пайдалану алаңы: Адамға шаққанда - 18 шаршы метр. Жалғызбасты азаматка - 33 ш.м.
Тармақ 2
2. Су: Су кұбырынсыз қазақ ауылдарға тәулігіне бір адамға - 50 литр; Су құбырымен тәулігіне - 100 литр;
Тармақ 3
3. Газ: Бір қазандыққа айына - 1200 текше метр Газ плитасына айына 1 адамға - 12,5 текше метр;
Тармақ 4
4. Электр қуаты Бір бөлмелі үйге - 90 кВт/сағ Екі бөлмелі үйге - 120 кВт/сағ Үш бөлмелі үйге - 150 кВт/сағ Төрт бөлмелі үйге -180 кВт/сағ Бес бөлмелі үйге - 200 квт/сағ Жеке үйге - 150 кВт/сағ
Басқа 4
5 қосымша Маңғыстау облысы әкімінің 2004 жылғы 23 ақпан № 18 шешіміне Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қолданалатын тұрғын үй шығындарының Маңғыстау ауданы бойынша әлеуметтік тұтыну нормалары
Тармақ 1
1. Пайдалану алаңы: Адамға шаққанда - 18 шаршы метр. Жалғызбасты азаматқа - 33 ш.м.
Тармақ 2
2. Су: Су кұбырынсыз қазақ ауылдарға тәулігіне бір адамға - 50 литр; Су құбырымен тәулігіне - 120 литр;
Тармақ 3
3. Газ: Бір қазандыққа айына - 1200 текше метр Газ плитасына айына 1 адамға - 12,5 текше метр;
Тармақ 4
4. Электр қуаты Бір бөлмелі үйге - 90 кВт/сағ Екі бөлмелі үйге - 120 кВт/сағ Үш одан да көп бөлмелі үйге - 150 кВт/сағ.
Басқа 5
6 қосымша Маңғыстау облысы әкімінің 2004 жылғы 23 ақпан № 18 шешіміне Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде қолданалатын Қарақия ауданы бойынша әлеуметтік тұтыну нормалары
Тармақ 1
1. Пайдалану алаңы: Адамға шаққанда - 18 шаршы метр. Жалғызбасты азаматқа - 30 ш.м.
Тармақ 2
2. Су: Ауыз су, су - мекемелер мен кәсіпорындар тарифтері бойынша есептеледі
Тармақ 3
3. Газ: Табиғи газ (1 адамға, айыны) - 12,5 текше метр Сұйытылған газ (1 адамға, айына) - 8,2 кг
Тармақ 4
4. Электр қуаты Бір бөлмелі үйге - 90 кВт/сағ Екі бөлмелі үйге - 120 кВт/сағ Үш жене одан да көп бөлмелі үйге - 150 кВт/сағ.
Тармақ 5
5. Лас су, қоқыс шығару - мекемелер мен кәсіпорындар тарифтері бойынша есептеледі;