О проведении смотра готовности объектов водоснабжения, канализации, торговли, общественного питания и пищевой промышленности, рынков к работе в весенне-летний период и по санитарной очистке и благоустройству населенных мест Мангистауской области Күшін жойған
Басқа 0
Сумен жабдықтау, канализация, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тамақ өнеркәсібі объектілерінің, базарлардың көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысына әзірлігі мен Маңғыстау облысының елді мекендерінің санитарлық тазартылуы мен аббатандырылуы бойынша байқау өткізу туралы
Маңғыстау облысында 2003 жылы сырқаттану көрсеткіштерінің 2002 жылмен салыстырғанда 23,3 % азайтылғанына қарамастан, халықтың жедел өтетін жұқпалы ішек аурулары бойынша, республикалық көрсеткішпен салыстырғанда 30,9 % жоғары күйінде қолайсыз эпидемиологиялық жағдайда қалып отыр.
" Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы", " Халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығы туралы", " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және жедел өтетін жұқпалы ішек аурулары мен сапасыз тамақ өнімдерінен туындайтын жаппай улануы пайда болуының алдын алу, сумен жабдықтау, канализация, қоғамдық қоғамдық тамақтандыру және тамақ өнеркәсібі объектілерінің, базарлардың санитарлық-гигиеналық және санитарлық-техникалық жай-күйін жақсарту мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қалалар мен аудандардың әкімдері 2004 жылдың 15 наурызынан 2004 жылдың 15 мамыры аралығындағы кезеңде сумен жабдықтау, канализация, қоғамдық тамақтандыру және тамақ өнеркәсібі объектілерінің, базарлардың көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысына әзірлігіне және елді мекендердің санитарлық тазартылуы мен абаттандырылуы бойынша байқау өткізсін.
Тармақ 2
2. Меншік нысанына қарамастан объектілердің басшылары объектілерді санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес келтіре отырып, көктемгі-жазғы кезеңдегі жұмысқа дайындау және әзірлеу жөнінде шаралар алу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Маңғыстау облыстық Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (Б.Б. Өтесінов):
меншік нысанына қарамастан байқауға қатысқан барлық объектілердің тексерілуі мен қабылдап алынуын қамтамасыз етсін;
байқау қорытындысы бойынша 2004 жылғы маусымның 5-не облыс әкімиятына анықтама дайындасын және табыс етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.А. Макежановқа жүктелсін.